- Аурудың алғашқы кезеңінде вирус организмнің иммундық клеткаларын, әсіресе Т-хелперді зақымдайды. Соның нәтижесінде организмнің ішкі және сыртқы жауларына қарсы тұру қабілеті төмендейді.Соның нәтижесінде әртүрлі қатерлі ісіктермен қауіпті инфекциялардың дамуына қолайлы жағдай туады.
Клиникалық көрінісі - Инкубациялық кезең. Ұзақтығы орташа есеппен үш-бес аптаға созылады. Содан кейін АИВ-нің жедел фазасы басталады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырады, лимфа бездері үлкейеді, теріде бөртпелер пайда болады.
- Екінші кезеңде персистирленген жайылмалы лимфоаденопатия вариантында барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады.Бұл кезде науқастың жалпы жағдайы өзгермейді, дене температурасы қалыпты болады.
3.Үшінші кезең
“ЖИТС пен байланысты комплекс” кезеңі. Науқастың себепсіз дене қызуы көтеріледі, дене салмағы күрт төмендейді, іші өтеді, әлсіздік байқалады, ұйқысы бұзылады.
4.Аурудың төртінші сатысы ЖИТС тің соңғы сатысы.Салдарлық инфекция мен қатерлі ісіктердің дамуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |