Жүгіріп келіп ағаш аттан секіру ІІ бөлімНегізгі бөлім 25 мин 1 – топ. 2 – топ. 3 – топ. 4 – топ. Секіргіш жіппен секіру. Гимнастикалық сатыдағы жаттығу. Гимнастикалық орындықта оңға, солға секіру Жүгіріп келіп ағаш аттан секіру;5’ 5’ 5’ 10’Әр топ бұйрық-тарын дұрыс орын-дауын қадағалау
Ағаш аттан секіру
Ағаш аттан секіру – гимнастикалық көпсайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Ол, ең алдымен, күрделі тіреп секіру жаттығуларын меңгеруге көмектеседі. Өйткені, секірудің әрбір жекелеген түрлерінде ортақ жайттар көп кездеседі. Ағаш аттан секіру аяқпен көпіршені (мостик) басудан басталады. Көпіршеден серпілуге қолдың алға қарай сілтенуі дем береді. Бұл қимыл-әрекеттер әрқашан ұқсас және барлық секіру түрлеріне ортақ болып келеді. Сонымен бірге бұлар секіру әдісінің жалпы түп негізін құрайды. Көпіршеге аяқты тіреп секіруді орындау техникасы ұлдар үшін де, қыздар үшін де бірдей. Тіреп секіруді дұрыс үйрену және оны өз бетінше
жетілдіру үшін бұл жаттығуды орындау кезеңдерін жақсы
білу қажет. Тіреп секіру тұтасымен мынадай кезеңдерден
тұрады:
1) Екпіндей жүгіру;
2) Көпіршені басу;
3) Аяқпен серпілу;
4) Қолды ағаш атқа тірегенге дейінгі қалықтап
ұшу;
5) Қолмен серпілу;
6) Қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу;
7) Жерге түсу.
Ағаш аттан секіруге арналған