Ақынның өлеңі оқылады:
«Адамдық диқаншысы»
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлi жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектiм,
Көңiлiн көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетiп еңбек, бейнет
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым, екi аяқты-
Адамдық айуанға қанша қажет
Жаратқан малды құдай не керекке-
Мiнуге, сою, соғу, жөндемекке.
Жорта бер қамыт киiп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа етi үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап.
Есептен алдағандай болғандар көп,
Жасықты, асыл ма деп, бiлмей қайрап.
Оқуға шақыру
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және аудармашы. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.
(презентация)
Мұғалім:
Ахмет тек өзi ғана жазып қоймай, аудармашылықпен де айналысқан. Ол «Қырық мысал» 1909 жылы Петербург қаласында бастырады. Орыстың классик мысалшысы И.А. Крылов мысалдарының бiр тобын аударған. Крыловтан аудармалары өз елiне тән, жақын екенiн сезiп отырып таңдаған. Бұл тұңғыш аударма едi. Ол «Замандастарыма» деген кiрiспесiнде
«Орыстың тәржiме еттiм мысалдарын,
Әзiрге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа- сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым»- дейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |