Жүргізуші:
1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.
Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-
деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді
Мұғалім: -Ахмет Байтұрсынұлының -еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ах өзінің басшысы деп санайды. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.
-Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.
Қорытынды: “Сандықша” сұрақтары
Мұғалімі: сандықшаның ішінде Ахмет атаның мысалында кездесетін зат жатыр. Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не?
Балалар: Айна (Маймыл мен айна)
Ал мына затты кейіпкер ем үшін киемін деп алады.
Балалар:Көзілдірік (маймыл мен көзілдірік)
Мына затты пайдаланған мысал кейіпкері байлыққа құнығып кетеді.
Балалар: Әмиян
А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағының “Маса” деп аталуының себебі неде?
(Өлеңдерін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға тырысты)
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
1. А. Байтұрсынов қай жылы дүниеге келген? (1873 жылы)
2. Қай қалада мұғалімдік мектепте оқып, білім алған? (Орынбор)
3. А. Байтұрсынов қай газетке редактор болған? (“Қазақ” газеті)
Жүргізуші: Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі тәрбие сағатын осымен аяқтайық.
Достарыңызбен бөлісу: |