Тақырыбы: Қайталау. Мақсаты: өткен сабақтардан алған білімдерін бекіту. Міндеттері



Дата22.03.2017
өлшемі45,42 Kb.
#12146
Сауат ашу пәнінен ашық сабақ.

Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты: өткен сабақтардан алған білімдерін бекіту.

Міндеттері: Білімділік: өткен сабақтарды пысықтай отырып, баланың өз бетінше жұмыс істеп, шығармашылық ойын өсіруге, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру:

Дамытушылық: сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс жасау барысында сөздік қорын молайту, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: ойлану және ойлану арқылы нәтижеге жетіп , іздену арқылы еңбектенуге тәрбиелеп, оқуға деген ынтасын оята отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, іздену , талдау, өзара жұмыс.

Көрнекіліктері : сабаққа тиісті сюжетті суреттер, кескінді әріптер, буындық кесте.

Сабақтың барысы:

І.Сабаққа келген қонақтармен амандасу:

Үлкенге де Сіз, кішілерге Сіз.

Үлкендерді құрметтеп бас иеміз біз



ІІ.Психодайындық:

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға,

Алға қадам жасаймыз.

ІІІ. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі:


  • Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біз бүгін міне осындай кемеге (суретін көрсету) отырып саяхатқа шығамыз. Өзімізді теңізшілер сияқты сезіну үшін алдарыңда жатқан теңізшілердің бас киімін киеміз.

Дайынбыз ба? Саяхатқа керек жүк шамаданымызды дайындйық. Ал , қанекей балалар қазір біз «Кім білгір?» атты ойын ойнайық.

Ойынның шарты: мен ендерге бір-бірден сұрақ қою арқылы доп лақтырам соған сендер жауап бересіңдер, қане, бастайық.



-Сауат ашу оқу іс әрекетінде ненеі үйренеміз?

Сауат ашу оқу іс әрекетінде әріпті және дыбысты оқуды, жазуды үйренеміз.



-Әріп дегеніміз не?

Әріп дегеніміз дыбыстың таңбасы.



Әріптерді қайтеміз?

Жазамыз, оқиымыз, көреміз



Дыбыс дегеніміз не?

- Дыбысты естиміз, айтамыз



- Қазақ тілінде қанша әріп бар?

*Қазақ тілінде 42 әріп бар.



-Қанша дыбыс бар?

38 дыбыс бар.



- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-екіге бөлінеді.

-Қандай- қандай болып бөлінеді?

-Дауысты және дауыссыз.



Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-2 ге бөлінеді.



Қандай болып бөлінеді?

Дауысты дыбыстар Жуан және жіңішке болып бөлінеді.



Әріптерден не құралады?

Әріптерден сөз құралады.



Сөзден не құралады?

Сөзден сөйлем құралады.



Сөйлем қандай әріппен жазылады?

Сөйлем бас әріппен жазылады.



- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

-дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз



- Дауыссыз дыбыстарды ше? Дыбыстарды атап шығыңдар

-дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз

-Дауысты дыбыс қалай айтылады?

-дауысты дыбыс кедергісіз, созылып еркін айтылады.



-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

-Кедергімен айтылады.



-Ал, буын дегеніміз не?

-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.



-Сонымен сауат ашу іс әрекетінде нені үйренеміз?

Сауат ашу оқу іс әрекетінде әріпті және дыбысты, оқуды, жазуды үйренеміз.

Өте жақсы балалар сендерге ойын ұнадыма.

-Енді біз саяхатқа дайынбыз деп айтуға болады., Алысқа көз тігейік не көрінеді?

-Гүлді алқап. Осы жерге тоқтап гүл теріп алайық. Кәне, кім көмектеседі?

(екі –үш оқушыға гүл жинату) Гүлдерде жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасату. (гулдерде жазылған сөздер: бағдаршам, мысық, жолбарыс, құлпынай)

С дыбысы нешінші буында тұр?

-Гүлдердің хош иісін жұтып-жұтып, саяхатымызды жалғастырайық.

-Жақсы кемемізге отырып, жолымызды жалғастырайық. Енді төмен қарайық. Қанша көп балықтар жүзіп жүр! Кәне балық аулайық! Балықтарды аулап, балықтардың тапсырмасын орындаймыз. Баспа түрде жазғызу. (балықтарда жазылған сөздер: шортан, кеме, балық, өзен)

Сергіту: Тырс-тырс жаңбыр жауады (қимылдарын көрсету)

Тамшылар тамады.

Тырс-тырс терезені қағады,

Жылғалар ағады.

Тырс-тырс жапырақ құлады

Жардан су ағады.

Қолымызды демалттық, саяхатымызды жалғастырайық.

Карточкалармен жұмыс: берілген әріптер ішінен дауысты дыбыстарды қоршап алу. Саяхатымызды аяқтаймыз.
- Екінші тапсырмасы: «Әріптер әлемі» ойыны. Бұл ойында мына берілген әріптерді пайдаланып сөз құраймыз.

РА МА ЯО АҚ

АП ЛА ҚН ЛА

Арпа Алма Қоян Қала

- Ара, ата, қала, алқа, парта, піл ...

«Жоғалған буын» ойыны

(Көгер..., ...рігер, ...быз, бүл...ген, қар...ғаш, от...сы.)



«Жоғалған әріптер»

...АНА Ж...ГЕРІ ...ҰЛЫН СА...АТ БА...ЫҚ

М Б Л Ш У И Ы Ү Б С Т Қ А Б Т Ш Ғ С Ш Л Т

«Ойыншық арқылы сөйлем құрау»

Ойынның шарты. Мында көптеген нәрселер бар осы заттарды алып,сөйлем құрастыруымыз керек.

Мысалы. Қасқыр. Қасқыр орманда жүреді.

ІV.Рефлексия.

Біз бүгін сабақта кім болдық? Ал негізінде біз оқушылармыз солай ма? Оқушы деген кім? (білім алушы)

Білім не үшін қажет? (оқушылардың ойларын тыңдау)

Біз бүгін сабақта қандай тапсырмаларды орындадық?

Бүгінгі сабаққа барлықтарын белсене қатыстыңдар, жарайсыңдар!

Кәнеки, бәріміз бір-бірімізге қарап : «Жарайсың!» деп айтайық.

Сабақ сендерге ұнады ма? Біздің саяхатымыздың куәгерлері болған қонақтарға рақмет. Сабағымызды осы өлең шумағымен аяқтайық:

Мектебің мынау, класың

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,



Таудай болып шығасың!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет