Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы


Ресми тілі – вьетнам тілі Астанасы



Pdf көрінісі
бет15/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

Ресми тілі
– вьетнам тілі
Астанасы
– Ханой
Ірі қалалары
– Хошимин, Ханой
 
Басқару формасы
– бірпартиялы унитарлы социалистік 
республика
Президент
- Чыонг Тан Шанг
Вице-президент
- Нгуен Тхи Доан 
Премьер-министр
- Нгуен Тан Зунг 
Территориясы
- 331 210 км² (дүние жүзінде 66-шы). 
Халқы
- 90 549 390 адам (2011 ж.), тығыздығы - 273 адам/км² 
Этникалық қҧрамы
– вьеттер 85,7%, таи 1,9%, тхаи 1,8%, 
мыонгтер 1,5%, кхмерлер 1,5%, мяо 1,2 %, нунги 1,1% және 
басқалары (2009 ж. санақ бойынша). 
Ақша бірлігі
– вьетнамдық донг (VND) 
Жапонияның Оңтүстік-Шығыс Азиядан кету кезеңінде Вьетнам 
тәуелсіздік Лигасы (Вьетминь) жетекшілерінің позициясы берік 
болды. Дәл соның жетекшісі Хо Ши Мин, жапондықтардың кетуінен 
кейін үкімет функциясын орындаған Вьетнамның Ұлттық азат ету 
комитетінің басшысы болды. ОША-ның басқа да елдеріндегі сияқты 
Вьетнам жетекшілері билік «вакуумы» жағдайын пайдаланды. Ӛткен 
оқиғаларды «Тамыз революциясы» деп атап, олар 1945 жылы 2 
қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасының (ВДР) 
құрылғандығын жариялады. Ел тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Алайда 1945 жылы қыркүйек айының аяғында Франция 
ағылшындықтардың қолдауымен Вьетнамға ӛз әскерлерін енгізіп, 
Сайгонды, ал одан кейін елдің оңтүстігін басып алады. Франция және 
оның одақтастары осылайша биліктің коммунистер қолына кӛшуінің 
алдын аламыз деп есептеді.
Хо Ши Мин және оның жақтастары ӛз кӛзқарастарын ашық 
түрде білдірмеуге тырысты. Ол үшін 1945 жылы қараша айында 
Үндіқытай коммунистік партиясы ӛзін-ӛзі тарату туралы жариялайды. 
Бірмезгілде, ӛз жақтастарының әлеуметтік базаны кеңейту 
мәселелерін шешу үшін коммунистермен Льен-Вьет Лигасы құрылды, 
оған 
вьетнамдықтармен 
қатар 
Солтүстіктің 
буржуазияның 
ұлтшылдық бағытындағы ӛкілдері де кірді. Қозғалыстың басында Хо 
Ши Мин тұрды. Осылайша, Вьетнамды екіге бӛлу процесі басталды. 
Солтүстікте 1946 жылдың басында Ұлттық жиналысқа және 
жергілікті билік органдарына сайлау ӛтті, ал сол жылдың қараша 


86 
айында республикалық басқару құрылымын, азаматтардың негізгі 
құқықтарын және бостандықтарын бекіткен конституция қабылданды.
1946 жылы наурызда, ұзаққа созылған келіссӛздер нәтижесінде, 
Франция үкіметі ВДР-сын «тәуелсіз мемлекет» деп мойындады, бірақ 
оның құрылған Француз Одағына қосылу талабын қойды. Одан басқа, 
елде ұзақ уақыт бойы француздық экспедициялық корпус қалуы тиіс 
болды. Алайда 1946 жылдың қыркүйек айының басында-ақ Франция 
Оңтүстікте ұлтшылдармен құрылған «Кохинхин Республикасын» да 
мойындады. 1946 жылы Франция 8 жылға созылған ВДР-на қарсы 
әскери қимылдарын бастады.
Бастапқыда жетістік француздар жағында болды (1947 жылдың 
ортасына қарай олар Ханойды және ВДР территориясының үлкен 
бӛлігін басып алды), бірақ кейіннен Хо Ши Миннің таулы аудандар 
мен джунглиде партизандық соғыс әдісін қолдануынан кейін 
басымдылық коммунистерге кӛшті. Сол кезде, жағдайды қайтадан 
иеленуге тырысқан Франция Оңтүстікте «Вьетнам Мемлекетін» 
жариялады, оның басында 1945 жылы 13 тамызда тақтан бас тартқан 
император Бао Дай тұрды. Ол француздар тарапынан бақылауға 
келісті және оның режимі АҚШ-да, Англияда және Франциямен 
достық қатынастағы бірқатар елдерде мойындалды. Бұған жауап 
ретінде, 1950 жылы қаңтар айында, КСРО және оның одақтастары 
ВДР-мен дипломатиялық қатынас орнатты. 
1951 жылы ақпан айында Үндіқытай коммунистік партиясының 
(ҮКП) ІІ съезді ӛтті, онда Вьетнам коммунистері ӛздерінің 
«бақылаудан» шығатындықтары туралы жариялады. Сол кезден 
бастап бұрынғы ҮКП-ның вьетнамдық бӛлігі ӛздерін Вьетнамның 
Жұмысшылар Партиясы (ВЖП) деп атай бастады. 
Үндіқытайдың үш мемлекетінің ұлттық тәуелсіздік үшін күресін 
үйлестіру, сондай-ақ вьетнам коммунистерінің жағдайды бақылауын 
сақтау үшін 1951 жылы наурызда Үндіқытай халықтарының Бірыңғай 
майданы құрылды, оған барлық үш елдің де коммунистердің әскери 
топтарының ӛкілдері кірді. 
1954 жылдың кӛктеміне дейін Франция АҚШ қолдауымен ВДР-
на әскери соққы беруге тырысты. Дьенбьенфу ауданындағы шешуші 
шайқаста талантты әскер басшы Во Нгуен Зиап бастаған 
солтүстіквьетнамдық әскерлер француздарды капитуляция жасауға 
мәжбүр етеді. Бұл Женевада бейбіт келіссӛздердің (1954 ж. сәуір-
шілде) басталуына негіз болып, нәтижесінде Вьетнам 17-ші параллель 
бойынша екіге бӛлінеді. 
1956 жылға қарай барлық Вьетнам территориясында еркін 
сайлау ӛткізу және елді жеңуші саяси күш билігіне біріктіру 


87 
қарастырылды. Алайда АҚШ және оның одақтастары, КСРО-ның 
ҚХР-мен сияқты, елді екіге бӛлінген күйінде сақтауды қалады. 
АҚШ бастамасымен СЕАТО әскери-саяси блогының құры-
луынан кейін (1954 ж. күз) Франция ӛзінің аймақтағы саяси 
бақылауын жоғалтты және Вьетнамның оңтүстігінде басшылықтың 
ауысуына келісуге мәжбүр болды. Француздық бағытты жақтаушы 
Бао Дай 1955 жылы күзде АҚШ ізбасары Нго Динь Зьеммен 
алмастырылды. 
1956 жылы Ұлттық жиналысқа сайлау ӛтті, Оңтүстік Вьетнамға 
республика статусын бекіткен конституция қабылданды. Солтүстікте 
социализмнің сталиндік моделін негізге алған коммунистік режим 
бекітілді. 
1955 жылы тамыз айында Льен-Вьетті елді коммунистер 
билігіне біріктіру үшін күресуге шақырған ұйым Вьетнамның 
Отандық майданына қайта құру туралы шешім қабылданды. Ӛз 
кезегінде, Оңтүстікте, 1954 жылы жазда-ақ, биліктің жоғары 
органдарын қайта құру жүргізілді және үкіметтің басына Нго Динь 
Зьем қойылды, ол 1955 жылы күзде «Уақытша конституциялық 
актіні» қабылдау бойынша референдум ұйымдастырды. Бұл құжатқа 
сәйкес, Оңтүстік Вьетнам басқару формасын ӛзгертті және ресми 
түрде Вьетнам Республикасы деп атала бастады. 1956 жылы наурызда 
Оңтүстік Вьетнамда Құрылтай жиналысына сайлау ӛтіп, ол сол 
жылдың қазан айында тұрақты конституцияны қабылдады, оған елде 
коммунистік идеяны таратуға бағытталған кез-келген әрекетті 
қудалау 
қарастырылған 
ереже 
енгізілді. 
Режимнің 
саяси 
қарсыластарын қудалау басталды.
1959 жылдың жазынан бастап, солтүстіквьетнамдық комму-
нистердің ықпалымен, оңтүстікте қарулы оппозиция ошақтары 
қалыптаса бастады және алғашқы «азат етілген аудандар» құрылды. 
Бұл үрдістің шырқау шегі 1960 жылы желтоқсанда Оңтүстік 
Вьетнамды азат етудің Ұлттық майданының (ОВАЕҰМ) құрылуы 
болды, оның басында коммунистер тұрды. Уақытша бағдарлама 
қабылданды және негізгі міндеттер анықталды: билеуші режимді 
құлату, жаңа билікті орнату, елді бейбіт жолмен біріктіру. Батыста 
майданды жақтаушыларды вьетконгтықтар деп атады («вьетнамдық 
коммунистерден» қысқартылған). 
ОВАЕҰМ құрамына үш саяси партия кірді: Демократиялық, 
Радикал-демократиялық және Халықтық-революциялық, сондай-ақ 
түрлі қоғамдық ұйымдар. Мұндай құрылым жаңа ұйымның саяси 
бағытына қатысты нақты иллюзия қалыптастырды. 


88 
1960 жылдың басында ВДР-да басты міндеттерді анықтаған 
жаңа конституция күшіне енді: Солтүстікте социализм құрылысы, 
Оңтүстікті азат ету үшін күрес, біртұтас мемлекетке демократиялық 
бірігу. Неғұрлым нақты міндеттер 1960 жылы қыркүйекте ВЖП ІІІ 
съезінде қалыптасты, онда Оңтүстіктегі коммунистер жақтаушы-
ларын қолдау туралы шешім қабылданды. ВДР кӛсемдері бұл 
мәселеде айтарлықтай кӛмекті КСРО және ҚХР-нан алды. Хо Ши 
Мин және оның айналасындағылар КСРО мен Қытай арасында орын 
алған шиеленіске араласпауға және бейтараптылық сақтауға 
тырысты. Бұл оларға елдің 1975-1976 ж.ж. елдің толықтай бірігуіне 
дейін жасауына мүмкін болды. 
Нго Динь Зьем Оңтүстікте ӛз мақсаттарына ұлтшылдық идеясын 
пайдалануға тырысты. Осылайша, Солтүстік пен Оңтүстік 
арасындағы азамат соғысы «ұлтшылдықтың коммунизммен күресі» 
ретінде кӛрінді. Католиктік шіркеу, армиямен бірге, оңтүстік-
вьетнамдық режимнің басты тірегі болды.
ВДР қолдауымен 1961 жылы кӛктемде Оңтүстікте Оңтүстік 
Вьетнамды Азат ету Армиясы құрылды. 1962 жылы ақпанда 
ОВАЕҰМ бірінші съезді ӛтті, онда оның бағдарламасы қабылданды 
және ОК құрылды. Майдан президенті болып Нгуен Хыу Тхо 
сайланды, ал бас хатшы – Хюирь Тан Фат болды.
Сол кездің ӛзінде-ақ майданның бақылауында кӛпшілік 
провинциялар және халықтың жартысына жуығы болды. Осындай 
жағдайда, режимді құтқаруға тырысқан АҚШ Нго Динь Зьемды 
құрбандыққа шалып, ол 1963 жылы қараша айында әскери тӛңкеріс 
нәтижесінде құлатылды. 1963 жылдан 1965 жылға дейін Сайгонда 
билікке Нгуен Ван Тхиеу орныққанша бірнеше жетекші ауысты. Бұл 
кезде АҚШ ВДР территориясында бомбалауларын жүргізді және 
Вьетнамдағы әскери шиеленіс қызған шағында болды.
Билікке келген Нгуен Ван Тхиеу екі жылдан кейін Вьетнам 
Республикасының жаңа конституциясын пайдалануға енгізді, 
президент және парламент сайлауларын ӛткізді. 1967 жылғы 
конституцияға Оңтүстік Вьетнам «оның барлық формасында 
коммунизмге қарсы шығатындығын» жариялаған бап енгізілді, ал 
«коммунизмді тарату немесе жүзеге асыру мақсатын кӛздеген барлық 
әрекеттерге үзілді-кесілді тиым салынады». Нгуен Ван Тхиеу сондай-
ақ католик болды. Оны оның билікке келуінен кейін құрылған барлық 
саяси ұйымдар қолдады. Оның ӛзі Демократиялық партияны құрушы 
және кӛсемі болды.
Жауап ретінде ОВАЕҰМ жетекшілігі ӛз ұйымының Саяси 
бағдарламасын қабылдады, ал олардың бақылауында болған 
аудандарда биліктің жергілікті органдары – халықтық революциялық 


89 
кеңестерге сайлау ӛткізді. 1969 жылы жазда олар «азат етілген 
аудандар» территориясында Оңтүстік Вьетнам Республикасын (ОВР) 
жариялады және оның Уақытша революциялық үкіметін (УРҮ) 
құрды. Нгуен Хыу Тхо Консультативтік Кеңес Тӛрағасы (ОВР жоғары 
органы) қызметін иеленді. Майдан жетекшілігі ВДР қолдауымен 
саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар ӛткізуді бастады. 
Бұған барлық дүние жүзінде келіспеушілік туғызған АҚШ-ның 
Оңтүстік Вьетнамдағы тиімсіз саясаты да объективті әсер етті. 
Осындай жағдайда Р.Никсон әкімшілігі 1973 жылы қаңтарда Парижде 
Вьетнамдағы әскери қимылдарды тоқтату және бейбітшілікті қалпына 
келтіру туралы келісімге қол қоюға барды. Бұл келісім бойынша 
АҚШ іс жүзінде ӛзінің оңтүстік вьетнамдық одақтасын тағдыр 
тәлкегіне қалдырды. 1973 жылдың қазан айынан бастап ОВАЕҰМ 
әскери күштері әлсіреген Тхиеу режиміне шабуыл бастады. Бұл 
жұмыс Ханойдан реттеліп отырды, онда сәйкесінше шешімдер ВЖП 
ОК Саяси бюросы деңгейінде қабылданды. 1975 жылы наурызда «Хо 
Ши Мин операциясы» атауын алған Сайгонға шешуші шабуылдар 
басталды. Сәуір айының соңында Тхиеу режимі құлады. Вьетнамның 
алдында коммунистер билігіне бірігу мүмкіндігі ашылды. Бұрынғы 
оңтүстіквьетнамдық режимнің мыңдаған жақтаушылары жеңушілер 
тарапынан репрессиядан қауіптеніп, елден қашуға мәжбүр болды. 
Ӛтпелі кезең бір жылға жуық жалғасты және Ұлттық жиналысқа 
бүкілхалықтық сайлаудың ӛткізілуімен (1976 ж., сәуір) аяқталды, ол 
Вьетнамның екі бӛлігінің Вьетнам Социалистік Республикасына 
(ВСР) бірігуі туралы ресми шешім қабылдады. Кейін түрлі қоғамдық 
ұйымдардың бірігуі жүрді және Вьетнамның Отандық майданы 
құрылды. 1976 жылдың соңында ВЖП ІҮ съезді ӛтті, онда партия 
коммунистік деп аталды (ВКП) және оның басты міндеті барлық 
Вьетнамда 20 жыл ішінде социализм құрылысы деп жарияланды. ВСР 
іс жүзіндегі жетекшісі ВКП ОК Бас хатшысы Ле Зуан болды. 1969 
жылы Хо Ши Мин ӛлімінен кейін ол ел жетекшісіне айналды. 
Премьер-министр болып ұзақ жылдар бойы бұл қызметті ВДР-да 
иеленген Фам Ван Донг тағайындалды. ВСР президенті Тон Дык 
Тханг болды (бұл қызмет енді, негізінен, ӛкілдік сипат алды). Нгуен 
Хыу Тхо ВСР Ұлттық жиналысының құрметті тӛрағасы қызметін 
иеленді. Біріккеннен кейінгі алғашқы жылдары Вьетнамда 1960 
жылғы ВДР-ның конституциясы пайдаланылды. Жаңа тұжырымдама 
Ұлттық 
жиналыспен 
1980 
жылдың 
соңында 
қабылданды. 
Конституцияда ВСР-ы – пролетариаттың диктатуралық мемлекеті деп 
кӛрсетіледі. Мемлекеттік органдар жүйесінің саяси негізін Ұлттық 
жиналыс және барлық сатыдағы Халықтық кеңестер құрады. 
Конституцияда ВКП-ның қоғамдағы жетекші ролі бекітілді, сондай-ақ 


90 
Отандық майдан сақталды, оған ВКП, Демократиялық партия, 
Социалистік партия, кәсіподақтар, жастар, әйелдер және басқа да 
қоғамдық ұйымдар кірді. Мемлекеттік биліктің жоғары органы 
ретінде Ұлттық жиналыс анықталды. Жойылған ҰЖ Тұрақты 
Комитетінің және Президент институттарының орнына ВСР 
Мемлекеттік Кеңесі құрылды. 
Біріккеннен кейін, Вьетнамның алдында ӛзінің басты саяси 
одақтасын анықтау мәселесі тұрды. Ақыр соңында вьетнамдық 
жетекшілер КСРО-ға және оның одақтастарына бағыт ұстанды, бұл 
алдымен шиеленісуге, ал 1979 жылдан бастап ҚХР-мен достық 
қатынастарының үзілуіне алып келді. Вьетнамдық әскерлердің 
Камбоджаға енгізілуінен кейін үндіқытайлық аймақтағы саяси 
жағдайды одан әрі шиеленістірген екі мемлекет арасында қарулы 
шиеленіс орын алды.
80 ж.ж. бірінші жартысында вьетнамдық қоғамда дағдарысты 
тенденциялар 
күшейді, 
экономикалық 
қиындықтар 
ӛрістеді. 
Камбоджаны оккупациялағаннан кейін ВСР-ның ҚХР және ОША 
басқа да мемлекеттерімен қатынастары күрделенді.
1986 жылы ұзақ жылдар бойы партияда және мемлекетте 
жоғары қызметтер атқарған ВКП ОК Бас хатшысы Ле Зуан қайтыс 
болды. Оның ӛлімі ВСР-ның кӛптеген басшыларының социализмнің 
ескі үлгісін қайта қарау талаптарымен сәйкес келді. Бұл 1986 жылы 
желтоқсанда ВКП ҮІ съезінде кӛрініс тапты, онда ішкі және сыртқы 
саясатты ӛткізудегі бұрынғы басшылықтың қателіктері ашып 
кӛрсетілді. Бірақ бұл шаралар тез арада оң нәтиже бермеді. Елде 
жергілікті партия және мемлекет шенеуніктеріне қарсы ашық бас 
кӛтерулер 
басталды. 
Әсіресе 
ол 
«социалистік 
ӛндірістік 
қатынастарға» әлі де қосыла алмаған оңтүстікте шиеленісті болды. 
1980 ж.ж. соңында үкімет экономиканы қытайлық үлгімен 
дамытуды реттеу бойынша бірқатар шаралар қолданды. Ауылдық 
жерлерде шаруалар арендаға жер ала бастады, ал қалаларда жеке 
кәсіпкерлікке кең қолдау кӛрсетілді. 
1987 жылдан бастап, шетелдік инвестициялар туралы заңның 
қабылдануынан кейін, аралас кәсіпорындар, сондай-ақ жүз пайыздық 
шетелдік иеліктегі фирмалар құру басталады. 
Осының барлығы тез арада оң нәтижелер бере бастады. 
Мысалы, кӛптеген жылдар бойы алғаш рет, 1989 жылы ВСР күрішке 
ӛз қажеттілігін қанағаттандырып ғана қоймай, оны басқа елдерге 
экспорттай бастады (1995 жылы бұл кӛрсеткіш бойынша ВСР 
дүниежүзінде тӛртінші орынға, ал 1997 жылы екінші орынға 
шығады). Осы кезде азық-түлік ӛнімдерін бӛлудің карточкалық 
жүйесі жойылады. 


91 
90 ж.ж. ортасына қарай ҰІӚ кӛрсеткіші 8%, ал кейіннен 10% 
кӛлемінде болды. Алайда, жан басына шаққан табыс деңгейі 
бойынша, ВСР-ы әлі де дамыған елдер үшін тӛмен деңгейде болып 
отыр – жылына бір адамға 200 долларға жуық. Халықтың 75%-ы ауыл 
шаруашылығында қызмет етеді. 
80 ж.ж. соңынан бастап ВСР сыртқы саясатында да ӛзгерістер 
жүрді. Вьетнам әскерлерінің Камбоджадан шығарылуынан және 
дүниежүзілік социалистік жүйенің құлауынан кейін Вьетнам 
жетекшілері ҚХР-мен қатынасын қалпына келтіруге қадам жасады, 
бұл аймақтағы жалпы жағдайдың жақсаруына ықпал етеді. Сонымен 
бірге АСЕАН-ның толық құқылы мүшесіне айналды және оның 
экономикасы 90 ж.ж. Оңтүстік-Шығыс Азияның экономикалық 
кеңістігіне 
неғұрлым 
тығыз 
интеграцияланды. 
Ресеймен 
экономикалық ынтымақтастық қысқартылды. 
Вьетнам мұнай, теңіз ӛнімдерін, күріш, кофе, каучук, шай, киім 
және аяқ киім экспорттайды (2009 ж. 57 млрд.доллар). Негізгі сатып 
алушылар – АҚШ 21,4%, Жапония 14,4%, Қытай 7,3%, Австралия 
4,4%, Германия 4,3%. Ал ӛнеркәсіп ӛнімдерін, мұнай ӛнімдерін, 
тыңайтқыштар, мақта, цемент, мотоциклдер импорттайды (2009 ж. 
65,1 млрд.доллар). Негізгі тасымалдаушылар – Қытай 20,9%, 
Сингапур 9,6%, Жапония 9%, Тайвань 8,2%, Оңтүстік Корея 7,7%, 
Таиланд 6,4%, АҚШ 4,3%. 
2007 жылдың 11 қаңтарынан бастап Вьетнам Дүниежүзілік 
сауда ұйымының (ДСҰ) 150-ші мүшесіне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет