Өткізу формасы: Дөңгелек үстел
Жоспары
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Негізгі бөлім
3. Оқушылар пікірі
4. Қорытынды.
Мұғалім: Салауатты өмір сүру дегеніміз:
-әлеуметтік тұрмысты жақсарту;
-бос уақытты дұрыс пайдалану:
-білімін көтеру:
-денсаулығын нығайту:
-тазалықты сақтау;
-зиянды әрекеттерден аулақ болу;
-сапалы тамақтану.
Денсаулық – бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым – біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі сабағымызда темекінің адам өміріне зиянды зат екендігі туралы ой қозғаймыз.
Оқушылардың назарына темекі жөнінде қосымша мәліметтер ұсынылады.
1.Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі : никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгісі – некотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді.
Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Никотин темекі өсімдігінен шыбын – шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектисид деп атауға болады.
Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз – ақ болғаны олар өліп қалаы. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100мг болса – ақ жетіп жатыр, н/е 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25сигаретті тартқаннан кейін ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды.
Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар- жоғы 21-23 секундта айналып өтеді.
1 - оқушы: «Темекі және оның зияны»
Темекі – паслен тұқымдас бір жылдық және көп жылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, тығыз, кезектесіп орналасады. Темекі құрамындағы 300 заттың ішіндегі алкалоид (никотин мен никотин сульфат нитропты у) өте зиян. Бұлар ағзаға түскенде жасушалар тіршілігін тоқтатады.
2 - оқушы: Темекі тарту адамды баяу улайды. Темекі құрамындағы никотин – өте күшті у. Адам темекі тартқанда қоршаған ортаға темекі түтіні тарайды. Темекі құрамында никотинмен бірге иісті газ, синил қышқылы, NH3 аммиак, формальдегид, бензопирин (өкпені қатерлі ісікке шалдықтырады) бар. Алғашқы рет темекі тартқанда адамның жүрегі айниды, басы айналады, құсады, жүрек қатты соғады, тамақта, өңеште, асқазанда түйілу, қысылу сезіледі, кейде естен тану байқалады.
3- оқушы: Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, өкпенің көпіршіктерін зақымдайды, қауіпті ісік ауруларына, жүрек демікпесі, ұстама ауруы, инфаркт ауруларына себепкер болады. Темекі тартушылар өзіне ғана зиян келтірмейді, айналасына да зиянын тигізеді. Темекі тартпайтын сау адам темекі түтіні бар бөлмеде бір сағат отырса, 4 тал темекі тартқан адамдай уланады.
4- оқушы: Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген?
Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады.
- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан.
- 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұхсат берді.
- 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған.
- І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.
- Югаславияда 1987 жылдың 1 - қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді.
- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.
- Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді.
- Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.
2. Алкоголь – бұл әртүрлі ашыған ерітінділерден алынған наркотиктік әсері бар этил спирті. Алкоголь – бүкіл әлемге тараған ежелгі есірткі. Алкогольді тұтыну алдымен адамдардың көңіл-күйін жасанды көтере бастайды, одан кейін бас миына қысым түсіреді, агрессия әкеледі. Ағзадағы алкоголь 4 негізгі әсер береді:
· Ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді /спирттің жоғары энергетикалық құндылығы бар, бірақ қоректендіру заттары жоқ/
· Орталық нерв жүйесінің жұмысын бәсеңдетіп, әрі тиімділігін төмендете отырып, анестезиялау құралы ретінде әрекет етеді;
· Несептің жиналуына ықпал етеді. Алкогольді тұтынғанда адам көп су жоғалтады, сондықтан клеткалар құрғайды;
Бауырдың қызметін уақытша төмендетеді. Спирттік ішімдіктің белгілі бір мөлшерін тұтынғаннан кейін бауырдың үштен бір бөлігінің жұмысы төмендейді, ол әдетте бірнеше күннен кейін ғана қалпына келеді.
1. Карточка сұрағы: Алкоголь тұтынудың керегі бар ма?
2. Жасөспірімнің ішімдікке салыну себептері?
3. Жасөспірімдер алкоголизмінің ерекшеліктері?
4. Алкоголь ағзаға қалай әсер етеді?
5. Алкоголь және зорлық?
Оқушылардың пікіралмасуынан кейін алкогольдің денсаулыққа әсері бейнефильм көрсетіледі.
5- оқушы: Денсаулық» өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузынан «Ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған. Денсаулық көтеріңкі көңіл – күй, үлкен бостандық, қимыл береді.
ІҮ. Қорытынды. Балалар, салауатты өмір сүру үшін, денсаулықты сақтап бұндай зиянды заттардан аулақ болайық.
Достарыңызбен бөлісу: |