Тақырыбы: «Аналар асыл қазына»



бет12/12
Дата02.02.2022
өлшемі80 Kb.
#117091
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
8 наурыз

Жүргізуші: Ілияс
Қандай бала болмайық
Анамызға балдаймыз, 
Көтерейікші көңілін 
Ән салайық бәріміз.
ХОР: «Ақ мамам»
Жүргізуші: Ернар

Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүрініз.-деп аналарға арналған тақпақтарға кезек берейік.
Тақпақ:

Амина: Сенен өскен балалар 

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!


Зейд: Үлкен, кіші әркімде 

Әже де бар, ана бар

Аналарды әр күнде

Қуантса екен балалар!


Елубай Жансая: Жақсы көрем күлкінді 

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам.


Иманали: Келбетінде ұлылық 

Даладай кең пейілі

Ана –деген жылылық

Ана –деген мейірім


Фердаус: Титтей бөбек кезімнен 

Әлдилеген емізген

Еркелетіп күлгізген

Алғаш «ана» дегізген


Ән: « »

Жүргізуші: Ілияс

Гүлдей жайнап тұр өңі


Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгіреді бір өзі - дей келе аналарға арналған тақпақтарға кезек берейік!
Тақпақ:

Әбдулкарим: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз.
Жақсылық Амина: Наурыздың сегізі, 

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізім.



Нурали: Анашым анам 

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам


Даяна: Мәпелеп мені өсірген 

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде


Ануар: Ана деп күнде ән салам 

Ауылға бүкіл жар салам

Қуанту үшін анамды

Күнде-күнде бес алам


Жүргізушілер: Ілияс ( галстугін дұрыстап)Азамат маған қарашы мен әдімімім бе?
                Ернар: И....и...Ілияс саған не болған?
                Ілияс: Не болушы еді,  қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші           

     Бірге: Олай болса қыздардың орындауында  



Жүргізуші: Ернар

Бишілер бар біздерде қыздар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін .

Таң қалдырып қанекей би билеші,

Қол соғып демеу берер қонақтарың.
Би: « »
Жүргізуші: Ильяс

Бүгін аналардың мерекесі ғана емес,әжелердің де мерекесі.Бүгінгі қариясы бар үйдің,қазынасы бар дегендей әжелер әзіліне кезек берейік.


Әзіл: «Әжелер»
1 әже:(Чип –чип әні)

Мадияр

Немерем менің блатной

Күндіз тыным таппайды

«Видик көру керек » деп

Кешкі ұйқыға жатпайды

2 әже:(Қызыл өрік әні)

Аңсат

Немерем менің кір-кір боп

Үйдің бетін көрмейді

«Киндр» сатып әпер деп

Еш тыныштық бермейді

1 әже:(Т.Төреалі «Бол жанымда»)

Мадияр

Немерем менің ән салса

Махаббат деп айтады

Қызың бар ма деп едім

«Жоқ» деп басын шайқады.

2 әже: (Ойпырым-ай)

Аңсат 

Келіндер келіп қапты ғой

Біз де үйге кетейік

Немере шіркін тәтті ғой

Барына шүкір етейік
Жүргізуші: Ернар

Немере деген балдай ғой

Тәттілігі шайдай ғой! Осы ақжаулықты әжелеріміз аман болсын. Немерелеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер.
Жүргізуші: Ілияс

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

ХОР: «Әже»

Тақпақ:

Асанали: Сыйлаймын мен жырымды, 

Саған арнап жаттаған.


Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын Ақ анам!



Саида: Еркелесем күнім дейтін, 

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сипап мені,
«Құлыншағым, күнім» дейтін. 
Аруна: Айналайын, Анашым, 

Аялайсың, бағасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың


Аяулым: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.


Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Мусина Жансая:  Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!


Мөлдір: Ойнаймыз күлеміз 
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.

Ойын: (Ата - аналармен)
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.

Жүргізуші: Ернар

Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың - деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін.

Жүргізуші: Ильяс

Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет Енді балалар аналарымызға арнап жапсырып жасаған тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз.



Жанерке

Құтты болсын аналардың мейрамы,

Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары.

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары.
Мерейлі сәт мерекеге ұласып.

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз келіншек, нәзік жандар мейрамы

Көктемінің шапағатын тұр шашып.



Мадина

Мәпелеп мені өсірген 

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде
 Ана деп күнде ән салам 

Ауылға бүкіл жар салам

Қуанту үшін анамды

Күнде-күнде бес алам



Алтынай

 Айналайын, Анашым, 

Аялайсың, бағасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың
 Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.


Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет