Жүктілік кезінде аналық безі рагіне күмән туса дифференциальды диагностиканы және емді акушер-гинекологпен бірге жүргізіледі. Ісік таралғанда терапевт, кардиолог, химиотерапевт, радиолог консультациясы жүргізіледі.
Емі:
Емі:
Хирургиялық емдеу.
Қатерлі ісік жүктілікте кездессе жүктілік мерзіміне байланыссыз операция көрсетілген. Хирургиялық араласуды орындауға оптимальды уақыт жүктіліктің 12 аптасынан (14-16 апта) кейін орындалады. Іа сатысында мүшесақтайтын хирургиялық араласу (қосалқылардың біржақты алынуы, екінші аналық бездің резекциясы) керек. Цистаденокарциномада мүше сақтайтын операция көрсетілмеген.
Босануға рұқсат мерзімдері мен әдістері.
Босануға рұқсат мерзімдері мен әдістері.
І үшайлықтың І сатысында мүше сақтайтын операция орындалады. Қалған гистологиялық тип пен сатыларда комбинирленген ем (жатыр экстирпациясы қосалқылармен және қынапүстілік ампутация, үлкен шарбы май резекциясы және химиотерапия).