Тақырыбы: Аналық безі рагі, сүт безі рагы және жүктілік


ІІ үшайлықта операция көлемі нақты клиникалық ситуацияға және әйелдің қалауына байланысты. ІІІ үшайлығында ұрықты сақтау үшін 35-36 аптада Кесар тілігі жасалады, кейін жатырдың экстирпациясын және хим



бет4/7
Дата25.05.2022
өлшемі409,02 Kb.
#144917
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
564680.pptx

ІІ үшайлықта операция көлемі нақты клиникалық ситуацияға және әйелдің қалауына байланысты. ІІІ үшайлығында ұрықты сақтау үшін 35-36 аптада Кесар тілігі жасалады, кейін жатырдың экстирпациясын және химиотерапия жүргізіледі.

Жүктілік кезінде операцияға көрсеткіш:

Жүктілік кезінде операцияға көрсеткіш:

  • Түзілістің шектен тыс қозғалмалығы;
  • Қатты ауыру сезімі болса;
  • Ісіктің көлемі 7-8 см асса.
  • Аналық без рагінің асқынулары:

  • Жүктілікті үзу;
  • Ішектің, қуықтың, несепағардың зақымдалуы;
  • Ісіктің аяқшасының зақымдалуы;
  • Ісіктің капсуласының жыртылуы;
  • Тромбоэмболия.

Операциядан кейінгі кезеңде науқастарды жүргізудің ерекшеліктері:

Операциядан кейінгі кезеңде науқастарды жүргізудің ерекшеліктері:

Жүктілікті пролонгирлеуге бағытталған терапия:

  • Көрсеткіш бойынша антиагрегантты (пентоксифиллин, дипиридам);
  • Қантамырды тарылтатын препараттар (дротаверин, теофиллин);
  • Жатыр тонусын төмендететін, венозды қанағысты жақсартатын препараттар: токолитиктер, магний сульфат;
  • Метаболикалық терапия (актовегин);
  • Көрсеткіш бойынша антиоксиданттар;
  • Кең спектрлі антибиотиктер.

Сүт безінің рагі.

Сүт безінің рагі.

Сүт безінің рагі – жүктілік кезінде жиі кездесетін қатерлі ісік. ҚР 2005 жылы 100000 тұрғынның 19-да кездескен. Онкологиялық аурулардың ішінде 3 орынды алады. Көбінесе 40-60 жастағы әйелдерде, сирек 30 жасқа дейінгілерде кездеседі. 32- 38 жастағы әйелдерде қөптеп кездеседі. Сүт безі рагы 300 жүктіліктің 1- еуінде анықталады.3% жағдайда сүт безі рагы жүктілік кезінде анықталады25% жағдайда 45 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі

Сүт безінің рагінің қауіп факторлары:

Сүт безінің рагінің қауіп факторлары:

  • Репродуктивті қызметіне байланысты (ерте менархе, кеш менопауза, ретсіз менструальды цикл, жүктіліктің болмауы, лактацияның 1 айдан аз болуы);
  • Тұқымқуалаушылық факторлар (BRCA1, BRCA2 мутациялық генінің болуы);
  • Сүт безінің ауруларының болуы (қатерсіз ісік, жарақат, операцияланбаған лактационды мастит);
  • Генитальды қауіп факторы (эндометрий рагі, аналық без рагі, прогестинді қабылдау);
  • Қоршаған орта факторлары (темекі шегу, алькоголь, семіздік, радиация).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет