Әйел жүктілікті сақтағысы келсе І триместрде бастапқы сатыларында (І, ІІ) радикальды мастэктомия жүргізеді. Мастэктомияны өткізген науқастар сәулелі терапияны жүргізбейді. Егер диагноз ІІ триместрде қойылса радикальды резекция жүргізіледі. Жүктілік аяқталған соң дистанционды сәулелі терапия жүргізіледі.
Босануға рұқсат мерзімдері мен әдістері.
Босануға рұқсат мерзімдері мен әдістері.
Жергілікті таралған СБР (ІІІА, ІІІВ, ІІІС) және ІV сатысында химиотерапия және әйел келісімін берсе жүктілікті үзу (22-27 аптада – ерте мерзімінен бұрын босану). Диагноз ІІІ триместрде қойылса 34 аптада босандыру жүргізіледі.
Әйелдердің екіқабат кезі мен бала емізіп жүрген кездегі пайда болатын сүт безі рагінің мынандай ерекшеліктері:
Әйелдердің екіқабат кезі мен бала емізіп жүрген кездегі пайда болатын сүт безі рагінің мынандай ерекшеліктері:
Ауру көп бала тауып, оларды емізген әйелдердің 40 жасқа дейінгілерде кездеседі.
Сүт безінің бөліктері сүт жолдарына қарағанда өте жиі (10 есе көп) жарақаттанады.
Сүт безіндегі кез-келген түйінді рак ауруының белгісі екен деп қарау және оны неше түрлі әдіспен емдеу дұрыс емес. Бұлардың бәрі ауруды асқындырып жібереді.
Профилактикасы:
Профилактикасы:
1. Міндетті түрде айына 1 рет сүт безін өз қолыңызбен тексертіңіз.