Тақырыбы: «Анықтауыш арқылы өсімдіктер мен жануарлардың (жергілікті өңірдегі) түрлерін анықтау» Мақсаты


Тақырыбы: «Ферменттердің белсенділігіне әртүрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу». Мақсаты



бет2/5
Дата10.01.2023
өлшемі28,65 Kb.
#165269
1   2   3   4   5
Байланысты:
БИОЛОГИЯ 9 СЫНЫП ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ферменттердің белсенділігіне әртүрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу».
Мақсаты: сілекейдегі амилаза мысалында асқорытатын ферменттердің болуына көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар: крахмал, йод, термостат(тар) немесе ыстық (55-60 С), жылы (36-37,5 С), суық (мұз салынған) суы бар термос, лимон қышқылы, ас содасы, сағат, су термометрі, сынауықтар және химиялық стақандар жиыны.



Жұмыс барысы

Оқушының жұмыс нәтижесі (қорытындысы)

1

Сынауықтарға (6дана) 2-3 миллиметрден бөлме температурасындағы таза су құяды.




2

Сынауықтарды екі (№1 және №2) тұғырға (штатив) бөледі, себебі оның үшеуі сутектік көрсеткіштің pH фермент белсенділігіне әсерін, ал үшеуі температура әсерін анықтау үшін қолданылады. Әрбір тұғырдағы сынауықтарды нөмірлеу керек.




3

Жұмысты кез-келген тұғырдан бастауға болады. pH әсерін анықтау үшін №1 сынауыққа аздаған лимон қышқылын (5-6 тамшы немесе аздаған ұнтағын,) №2 сынауыққа шамалы ас содасын (5-6 тамшы немесе аздаған ұнтағын) қосады, №3 сынауықты өзгеріссіз қалдырады (бақылау үшін).




4

Үш сынауыққа да 2мл крахмал ерітіндісін және шамамен 2-3 мл сілекей (бір адамның) құяды.




5

Барлық сынауықты 37 С- тағы термостатқа қояды немесе жылы суға салады да, 36-38 С температураны 5минут бойы сақтайды.




6

Сынауықтарға йод құйып, шыны таяқшамен араластырады.




7

Өзгерістерді бақылап, деректерді кестеге жазады.




8

Осындай жұмысты екінші тұғырдағы сынауықтармен де жасау керек. Әрбір сынауыққа бір уақытта бірдей мөлшерде крахмал мен сілекей құяды.




9

Сынауықтарды 3-5 минут әртүрлі температуралық жағдайға қояды:№ 1 сынауықты мұз салынған суық су,№ 2 сынауықты ыстық суы (55-60 С),№ 3 сынауықты 37С (36-38 С) жылы суы бар термостатқа қояды немесе жылы суға салады.




10

Сынауықтарға йод құйып, шыны таяқшамен араластырады.




11

Өзгерістерді бақылап, деректерді кестеге жазады.



3 зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет