Ақпарат ұғымы мен түрлерін және оған қойылатын талаптарын біледі.
Ақпарат көзі мен қабылдаушысын таниды.
Жаңа түсінік
Ақпаратқа қолданылатын іс - әрекеттерді болжайды.
Ақпаратты өңдеу процесін түсінеді.
Құзырлылық
Қолданым әрекеті
Ақпарат көзі мен қабылдаушысы арасындағы байланысты анықтайды.
Адам ақпараттың түрлерін қандай пішімдер түрінде қабылдайтынын көрсетеді.
Талдау әрекеті
Ақпаратқа қолданылатын іс - әрекеттерді салыстырады.
Ақпаратты өңдеу кезеңдерін бөлшектеп қарастырады.
Шығармашылық әрекет
Ақпаратқа қойылатын талаптардың адам өміріндегі маңызын түйіндейді.
Құндылық
Бағамдау әрекеті
Ақпарат көзінің ақпаратқа қойылатын талаптарға сәйкес келуінің маңыздылығын ерекшелейді.
Ақпарат көзі мен ақпарат қабылдаушысы арасындағы айырмашылықты түсінеді.
Сабақ құрылымы (45 мин):
І. Ақпарат алмасу (13 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (4 мин.).
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Ақпарат, ақпарат көзі, ақпарат қабылдаушысы, ақпаратты пішімдер ретінде қабылдау, ақпараттық процесстер, ақпаратты өңдеу.
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау.
Ақпарат көздері:
Понятие информации, виды информации. Ее свойства. 2012. Ақпарат көзі: http://www.infosgs.narod.ru/1.htm
Информатика ұғымы және оны қолданудың негізгі бағыттары.2012. Ақпарат көзі: http://student.zoomru.ru/informat/informatika - ymy - zhne - ony - oldanudy/182354.1497690.s1.html
2012. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат типтері. Ақпаратты кодтау.Ақпарат көзі: http://1referat.kz/informatika/aqparat - qasietteri - aqparat - tipteri - aqparatty - kodtau.html
Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарат түрлері. Ақпарат көзі, қабылдаушы мен жеткізу ортасы.Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы. Ақпарат көзі: http://sad - orungul.ucoz.ru/Akparat/7 - 2.docx.
Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Үй тапсырмасы:
Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:
Анықтамаларды жаттау.
Ақпаратты өңдеу кезеңдерін жаттау.
Бонус - балл тапсырмасы:
Ақпараттың оған қойылған талаптарға сәйкес келмеуі неге алып