18 - слайд Ақпаратты өңдеу
Ақпаратты өңдеу дегеніміз – белгілі бір іс - әрекеттерді орындай отырып, бір ақпарат жиынтығын, негізгі мазмұнын өзгертпей, басқа ақпарат жиынтығына айналдыру.
Басқаша айтқанда – ақпаратты жақсарту: оны толықтырып, ретке келтіру.
|
19 - слайд Ақпаратты өңдеу кезеңдері
Қабылдау
Есте сақтау
Түрлендіру
Тасымалдау (жіберу)
*Ақпаратты өңдеу құралдары – адам жасап шығарған әр түрлі құрылғылар мен жүйелер. Әдетте, компьютер болып табылады.
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Ақпарат дегеніміз не?
|
Ақпараттың түрлері
|
Ақпаратқа қолданылатын
іс - әрекеттер
|
Ақпаратты өңдеу
|
|
|
|
|
Қорытынды:_______________________________________________________________________________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
| Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Ақпарат дегеніміз не?
Оның қандай түрлері бар?
Ақпаратқа қандай талаптар қойылады?
Ақпараттың көзі мен ақпарат қабылдаушыларына мысал келтір.
Ақпаратқа қолданылатын іс - әрекеттер қандай?
Ақпаратты өңдеу дегеніміз не?
Ақпаратты өңдеудің кезеңдерін ата.
|
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Төмендегі жағдайлардағы ақпарат көзі мен ақпарат қабылдаушыларын ажыратып екі бағанға жаз. Мысалы, теледидар қарап отырған адам сөз тіркесінде теледидар – ақпарат көзі, ал адам – ақпарат қабылдаушысы. Екі бағанға (ақпарат көзі, ақпарат қабылдаушысы) бөліп жаз:
Радио тыңдап отырған ата, журнал оқып отырған қыз, компьютерден футбол көріп отырған жасөспірім, ұялы телефон арқылы кино қарап отырған бала, теледидардан бағдарлама қарап отырған әже.
2. Адам ақпараттың түрлерін қандай пішімдер түрінде қабылдайтынын есіңе түсір. Төмендегі суреттер қай пішімді бейнелейтінін анықтап, сәйкестендір:
А) Ә) Б)
ІІІ деңгей тапсырмалары
Сенің ойынша берілген ақпараттық процестердің қайсысы басым екенін кестеде өзің белгіле. Әр процесте ақпаратты жеткізу, сақтау және өңдеу әр түрлі мөлшерде болады. Мұның ішінде басым түсетінін белгілеу керек. Бірнеше жауап болуы мүмкін.
Процесс
|
Жеткізу
|
Сақтау
|
Өңдеу
|
1.Кітап оқу
|
|
|
|
2.Күнделікке баға қою
|
|
|
|
3. Математикадан есеп шығару
|
|
|
|
4. Есікке қоңырау соғу.
|
|
|
|
5. Компьютерде ойнау
|
|
|
|
6. Диктант жазу
|
|
|
|
7. Тақпақ жаттау
|
|
|
|
8. Суретке түсу.
|
|
|
|
9. Балмұздақ сатып алу.
|
|
|
|
Келесі сөйлемдердегі ақпарат өңдеу кезеңдерін ажыратып, қайсысы қай кезеңге сәйкес екенін анықта:
Оқушы ғаламтордан шығармаға қажетті мәліметті тауып оқып, пайдалы екенін білгенде нұсқау жасай отырып шығармасында қолданды. Содан кейін сабақта сұраса мәлімет көзін көрсете алу үшін мәліметті қатқыл дискке жазып алды.
Топтық жұмыс.
1 - топқа: Ақпарат көзінің анықтылығы мен толықтығы қаншалықты маңызды?
2 - топқа: «Уақытқа сәйкес ақпарат» дегенді қалай түсінесің?
3 - топқа: Ақпараттың оған қойылған талаптарға сәйкес келуінің маңызы қандай? Ақпараттың қол жетімділігі дегенді қалай түсінесің?
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігін туралы эссе жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |