Тақырыбы:
Ақпарат және ақпараттық үдерістер
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білім
|
•Операциялық жүйе ұғымын біледі.
•Операциялық жүйенің функцияларын атап
шығады.
|
Түсінік
|
•Операциялық жүйенің төрт негізгі түрін айырып таниды.
•Операциялық жүйенің жіктелуінің мағынасын түсіндіреді.
|
|
Қолданыс
|
• Файл және оның типіне байланысты қажетті бағдарламаны қолданады.
|
Анализ
|
•Операциялық жүйелердің аттарын жазып, олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын бейнелеп айтады.
|
Синтез
|
•Қазіргі ОЖ-ларды артықшылықтары мен кемшіліктеріне байланысты категорияларға бөледі.
|
|
Баға
|
• Дербес компьютерде жұмыс істеу үшін операциялық жүйенің маңыздылығын бағалайды.
•Транслятор, компилятор, интерпретаторды бір-біріне қарсы қойып салыстырады.
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
|
Сабақ типі:
|
|
• Сабақта жаңа білімді игеру
|
Оқыту әдісі:
|
|
• Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
• Жаңа терминологиямен таныстыру
• Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды
көрсету
• Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік
беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда,
нұсқаулар беру
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
•Операциялық жүйе, драйверлер, MS DOS Операциялық Жүйесі, бағдарлама-қабықшалар, Windows, Unix, Linux, транслятор, компилятор, интерпретатор.
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
• Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
|
Ақпарат көздері:
|
|
1. В. Э. Фигурнов «IBMPC для пользователя» 156-160 беттер
2. Информатика и ИКТ. Учебник для 7 класса. Босова Л.Л.
3. Информатика и ИКТ. Учебник для 7 класса. Угринович Н.Д.
Қосымша материалдар:
1. Флэш карталар. Cілтеме: http://www.redorbit.com/
2. Файлдар. Сілтеме: http://2.bp.blogspot.com/
3. Windows. Cілтеме: http://dimadr.me/
4. Linux. Сілтеме: http://2.bp.blogspot.com/
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
|
Үй тапсырмасы:
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Анықтамаларды жаттау, операциялық жүйелердің функцияларын және негізгі түрлерін талдау.
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы
Ең көп қолданылатын драйверлер туралы ақпарат табу.
|
Тақырып жоспары:
Операциялық жүйенің анықтамасы, оған байланысты терминдер
2. Драйверлер.
3. Операциялық жүйенің файлдық жүйесі
4. Бағдарлама-қабықшалар
5. Операциялық жүйелердің түрлері
Слайдтар:
4-слайд
1-тақырыпша Операциялық жүйенің анықтамасы, оған байланысты терминдер
|
5-слайд Операциялық жүйе
Операциялық жүйе - компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе.
Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиын компьютердің қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді.
Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС-да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды.
|
6-слайд Операциялық жүйенің функциялары (1)
Қолданушымен сұхбатты жүзеге асыру
Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету
Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру
|
7-слайд Операциялық жүйенің функциялары (2)
Енгізу-шығару және деректермен басқару
Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары
Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру
|
8-слайд Операциялық жүйенің түрлері (1)
ОЖ төрт негізгі түрі бар:
Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;
Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті енгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысың тездетеді;
|
9-слайд Операциялық жүйенің түрлері (2)
Бір пайдаланушылық көп есептік,бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап, өңдей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әрқайсысы өз жұмысын атқарады;
Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер енгізе алады.Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді.
|
10-слайд Дербес компьютер және ОЖ
Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттерден тұру керек:
Енгізу/ шығару бағдарламаларын басқару;
Файлдық жүйемен және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратын бағдарламалар;
Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған командаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды.
|
11-слайд Пайдаланушы мүмкіндіктері
Әрбір ОЖ өз командалық тілі болады, пайдаланушы ол арқылы бірнеше әрекеттер орындай алады
Сыртқы жетек таңбаларды орындау
Басқа әрекеттер
Бағдарламаларды енгізу
Каталогтарды қарау
|
12-слайд 2-тақырыпша Драйверлер
|
13-слайд Драйверлер
Компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама қолданады -драйверлер.
Стандарттық құрылғы драйверлер енгізу-шығару базалық жүйе жиынын құрайды.
|
14-слайд 3-тақырыпша Операциялық жүйенің файлдық жүйесі
|
15-слайд Операциялық жүйенің файлдық жүйесі дегеніміз не?
Файл (file – бума, десте) - белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны.
ОЖ жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әртүрлі типтегі файлдар атқарады.
Файл бағдарламадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін.
Әрбір файлдың файлдар каталогында тіркелген өзіндік аты болуы керек.
|
16-слайд Файлдың аты
Файлдың толық атауы екі бөліктен тұрады: аты және типі.
Файлдың аты – 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен әріптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі оның типі не атының кеңейтілуі деп те айтылады.
Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы мүмкін.
Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді.
|
17-слайд MS DOS Операциялық Жүйелердің құрылымы
MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциялық
жүйесі - 16-разрядты персональдық компьютерлерде өте кең таралған ОЖ.
Ол келесі негізгі модульдерден тұрады:
Енгізу/шығару базалық жүйе (BIOS);
Алғашқы қосылу блогі (Boot Record);
Енгізу/шығару базалық жүйенің кеңейту модулі (IO.SYS);
Өңдеуді тоқтату модулі (MSDOS.SYS);
Командалық процессор (COMMAND.COM);
MS DOS утилиттары.
|
18-слайд 4-тақырыпша Бағдарлама-қабықшалар
|
19-слайд Бағдарлама – қабықшалар
Қабықшалар/Оболочки - бұл күрделі бағдарламалау жүйелерімен мысалы DOS – пен жұмыс істеу кезінде жұмысты жеңілдету үшін құралған бағдарламалар.
Олар қолайсыз командалық қолданушы интерфейсін, графикалық интерфейсін немесе «мәзір» типті интерфейсін өзгертеді.
Қазіргі дербес компьютердің көп таралған қабықшалардың бірі - Norton Commander пакет бағдарламасы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |