*Жедел ағымды түрі кенет, жоғары қызбамен басталады, құсу, іштің түйілуі қосылып, денеде, шырышты қабаттарда геморрагиялар пайда болады. Көп ұзамай некротикалык құбылыстар (ең жиісі — баспа) қосылады. Улану көріністері айқындалады — бұл бауырдың жиі үлкеюіне байланысты тазалағыш қасиетінің темендеуінен болуы мүмкін. Әдетте, көкбауыр үлкеймейді. Жүрек шекарасы кеңейіп, тахикардия (брадикардия сирек), жүрек ұшында систолалық шу байқалады. Геморрагиялық элементтер ретсіз орналасып, көбінесе дақ, петехия түрінде кездеседі.
*Созылыңқы түрі баяулау басталады. Алғашында енжарлық, бас ауру, тері мен шырыштық қабаттардың бозаруы, беттің ісінуі байқалады. Дене қызуы кейде фебрильді болып, 38—39˚ С-қа дейін көтеріледі. Геморрагиялар аз дәрежеде аурудың соңына таман көрінеді. Мұрын қанайды, құсу пен үлкен дәретке қан араласады. Ағзалардағы өзгерістер шамалы. Бауыр үлкейіп, анемия күшейгенде жүрек-қан айналым жүйесінде өзгерістер туындайды (тахикардия, систолалық шу). Созылмалы түрі біртіндеп басталады. Енжарлық, тез шаршау, тәбет төмендеуі байқалып, тері бозғылт тартады. Теріде (көбінесе қолтық пен шап аймағында) қара-қошқыл, көлемі әр түрлі дақтар пайда болады.

Жалпы әлсіздік
Шаршау
Тері мен шырышты қабаттрда петехиялар
Қызыл иектен, мұрыннан қан кету
Асқазан-ішек жолдарынан, бүйректен профузды қан кету(сирек)