Жеңіл дәрежелі апластикалық анемияда қанда гематокрит саны 38-ден аз және нейтрофиль қатарындағы жасушалар саны 2,5х10*9/л-ден төмен. Сүйек миында жасушалар саны әр түрлі дәрежеге дейін азаяды. Миелокариоцит саны 50х10*9/л дейін кемиді. Нейтрофильдердің жетілу индексі 0,9-3,2 құрайды. Ретикулоциттер 1-2%. Мегакариоциттер саны күрт төмендейді.
Орташа ауыр дәрежелі апластикалық анемияда қанда нейтрофиль қатарындағы жасушалар саны 0,5х109/л-ден жоғары болады. Сүйек миында жасушалар саны айқын азаяды.
Ауыр дәрежелі апластикалық анемияда қанда гемоглобин деңгейі 25-85 г/л, эритроциттер саны 0,7-2,5х10*9/л, нейтрофиль қатарындағы жасушалар саны 0,2-0,5х10*9/л жетеді. Сүйек миында жасушалар саны айтарлықтай кемиді. Миелоидты жасушалар саны 30%-дан төмендеп, гемопоэздік емес жасушалар 65 % дейін жоғарылайды. Миелокариоцит саны 2-20х10*9/л дейін ауытқиды.
Өте ауыр дәрежелі апластикалық анемияда қанда нейтрофиль қатарындағы жасушалар саны 0,2х10*9/л-ден төмен және басқа көрсеткіштер ауыр дәрежесіне ұқсас. Сүйек миында жасушалар саны күрт азаяды. Миелокариоциттер мен ретикулоциттер табылмайды.
Диагностика
A -және гипопластикалық анемиялар диагнозын қоюда клиникалық көріністерінен гөрі жалпы қан талдауы мен сүйек миын зерттеу басты орын алады. Атап айтқанда: төмен деңгейдегі Нв, панцитопения, ретикулоциттер жоқ немесе өте аз; ЭТЖ өте жоғары; сүйек миында — қан элементтерінің аздығы және олардың өсу тежелісінің белгілері, өскін орындарын май басуы тән.
Дифференциалды диагностикасы
Гипо-апластикалық анемияны жедел ағымды сепсистен (гематогенді остеомиелит), жедел ағымды лейкоз, тромбоцитопения, тромбоцитопатиялардан, іштен болған дискератоздан (Фанкони анемиясы), сүйек миының басқа заттармен ығысуы ретінде пайда болатын панцитопениялардан (нейробластома, остеопетроз — мрамор ауруы) ажырату керек.
Асқынулары көбіне аурудың жедел ағымды түрлерінде байқалып, геморрагиялық көріністер мен емдеу салдарына байланысты болады. Кейде өмірлік маңызды ағзаларға қан кұйылады (ми, бүйрекүсті бездері), тоқтамай аққан қан анемияны ушықтырады (сүйек миы арегенераторлық күйге ауысады); түрлі жарақаттар, тері мен шырышты қабаттарда геморрагиялар, ішкі ағзаларда гемосидероз пайда болып, сепсис қаупі төнеді (денеде қарсы тұру қабілетінің күрт төмен-деуінен).