Тіл дамыту деп — балаға тіл заңдылықтарын үйрету, тіл материалдарымен ойлау операцияларын жасауды және оқу дағдыларын қалыптастыруды айтамыз.
Дамыған тіл деп сипаты жағынан мазмұнды, көркем әдеби тіл нормасына сай, өзара дұрыс байланысқа түскен (грамматикалық, логикалық), аз сөзге көп мағына сыйғызатын, айтқанда орфоэпиялық, жазғанда орфографиялық ережелерді сақтайтын тілді айтамыз.
Енді тіл дамытудың алғышарттарына келейік.
Баланы қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш мотив—оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамдар өмір сүру үшін тамаққа, киімге, қарым-қатынасқа т.б. да толып жатқан қажеттерін қанағаттандыруға тиісті.
Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділік сезімін оятады. Мысалы: үш жасар сәби анасына бір нәрсе жайында айтқысы келді дейік. Бірақ анасы оның тәтті былдырынан еш нәрсе түсінер емес. Баланы сөйлеуге, қарым-қатынасқа итермелеп тұрған оның өзіне ғана белгілі ішкі қажеттілік. Алайда ойын жеткізуге сөздік қоры тапшы. Бұл жерде бала сөйлеуге мұқтажданды, яғни оны анасымен қарым-қатынас жасауға итермелейтін күш туды. Қажеттілігі мен мүмкінділігінше арасында қарама-қайшылық пайда болды. Осы қайшылық баланы тіл үйренуге үнемі жетелеп отырады. «Адамның санасы да, тілі де қажеттіліктен пайда болған. Егер адамдарда мұқтаждық болмаса, тіл де, сана да болмас еді», — дейді ака¬демик Т.Тәжібаев.
Адамның қажеттіліктері: материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер болып үшке бөлінеді. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір тіршілігінің негізіне байланысты Рухани қажеттіліктер танымдағы және эстетикалық ләззатқа қажеттіліктер жатса, қоғамдық қажеттіліктерге еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер жатады.
Тіл үйренудің қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтардың тілші ұстаздардың білуі оқу-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға септігін тигізеді.
Психологиялық зерттеулерде балалардың жас шамасына қарай сөздік қорының түрліше болатындығын көрсетілген. Жас шамасы қаншалықты есейген сайын сөздік қор белгілі бір деңгейге жеткен соқ, жаңа сөздерді. талғап-таңдап қабылдайды. А.М.Ким бұны тіл үйренудің заңдылығы деп танып, төртке беледі.
Бірінші заңдылық бойынша, балалардың сөздік қоры бір-келкі дамымайды, тілі шыға бастаған балалардың сөздік қо¬ры өте баяу жетіледі.
Екінші зандылық бойынша сөздік қоры 300-ден асқан ба¬ла айналадағы қоршаған дүниені білуге құштар болады да, тілді өте оңай игереді. Бұл шамада 3-4 жасар балаларда (кейде 5-6 жасар балалар да) өте анық байқалады.
Үшінші заңдылық бойынша, сөздік қор белгілі бір шамаға жеткен балаларда тілге қызығу пассив бола бастайды, олар қажетті сөздерді тез ұмытып, қайта-қайта ескертуді талап етеді.
Төртінші заңдылық бойынша, тілді үйрену, сөздерді есте сақтау әрі сапалы, әрі механикалық түрде болады.
Бұл балабақша балаларына тән құбылыс. Байыпыптап қарасақ бесінші заңдылық та бар сияқты жасы есейген адамдар жаңа сөздерді (тілдік материалды) саналы түрде меңгереді де, тілдің қалыптасқан өзіндік заңдылықтарына сүйенеді. Бастауыш сынып оқушыларының тілді тез және таза меңгеру қабілетінің болуы олардың тілді механикалық түрде меңгеру қабілетінен деп білген жөн. Сондықтан тіл үйрету бұл кезеңде жеңіл болады. Тәрбиеші бұл ерекшелікті өз ісінде дұрыс пайдаланғаны мақұл.
Тіл үйренудің қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтардың тілші ұстаздардың білуі оқу-әрекеттерін дұрыс
Бұл балабақша балаларына тән құбылыс. Байыпыптап қарасақ бесінші заңдылық та бар сияқты жасы есейген адамдар жаңа сөздерді (тілдік материалды) саналы түрде меңгереді де, тілдің қалыптасқан өзіндік заңдылықтарына сүйенеді. балабақша балаларыларының тілді тез және таза меңгеру қабілетінің болуы олардың тілді механикалық түрде меңгеру қабілетінен деп білген жөн. Сондықтан тіл үйрету бұл кезеңде жеңіл болады. Тәрбиеші бұл ерекшелікті өз ісінде дұрыс пайдаланғаны мақұл.