Тақырыбы: Аралық бақылау Балалардың тілін дамыту жұмыстарына қойылатын әдістемелік талаптар



бет5/5
Дата10.07.2023
өлшемі35,38 Kb.
#179377
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Байланысты:
аралық бақылау тіл дамыту 8
№8 тапсырма Сөйлеуді дамыту, аралық бақылау Салтанат
Олар 3 кезең арқылы өтеді:
1) артикуляциялық аппаратты дайындау;
2) тұйықталған дыбыстың айтылуын нақтылау;
3) буындарда, сөздерде және фразалық сөйлеуде буындарды бекіту.
Бірінші кезең сөйлеу аппаратын артикуляциялық қимылдарға дайындауға бағытталған. Бұл шараны арнайы дыбыстық сөйлеу мәдениетін және қазақ, ағылшын тілінде сөйлеуді оқыту бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асыру қажет. Күнделікті тәртіптік сәт уақытында, таңғы гимнастика, жуыну барысында артикуляциялық аппаратты шынықтыру үшін жаттығулар орындауға болады. Дыбысты зерттеу үдерісінің құрылымы фонетикалық қабілетін дамыту әдістемеге кірістірілген «Қатынас» білім саласында ана тілінде оқыту және тәрбиелеу әдістемелік құралында толық сипатталған.
Барлық балалар игеруге міндетті негізгі лексикалық қормен қатар игерілетін белгілі рецептивті лексиканың көлемі: күнделікті әдетті айтылатын сөздер, ұйқастырмаларда және тыңдалымға арналған мәтіндерде кездесетін лексика.
Жаңа сөздерді саралап айтуды жөндеу, тек таза сөйлеу және жаңылтпаштарды қолдану арқылы жүзеге асады.
Сөйлеудің дұрыс ырғағы мен екпінін қалыптастыруда сөйлеу тынысы ерекше орын алады.
Сөйлеу тынысы тыныстық гимнастиканың барысында дамиды. Тыныс гимнастикасында әр түрлі сюжетті жаттығулар қолданылады: («Сағат» «Ұшақ» «Сорап» және т.б.). Тыныс гимнастикасы әр түрлі ойын жаттығулар түрінде өтеді. Балалар мақта шарларын, қағаз сызықшаларын, шарларды үрлейді, сабын көпіршіктерін жібереді және т.б.
Тілдердің үштұғырлығының дамуы барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет:
— оқытудағы тілдердің сөз әрекетін белсенді түсіну және айту процессі ретінде қалыптасуы керек;
— оқыту әдістемесі қызмет принципіне (қолда бар қызығушылық, қойылған мақсатқа сәйкес теңбе-тең тәсілдер мен мақсаттарды қолдану) негізделуі керек;
— қарапайым пікір айту машықтарын қалыптастыру үшін сөз таңдау, оның өзгеруі, сәйкес ойын жеткізу сөйлемдерін таңдау қажет;
— мектепке дейінгі жастағы балаларды сөйлеу жағдайындағы бағытталу машықтары және оқытылып жатқан тілдегі қарым-қатынасқа оқыту қажет.
Тіл үштұғырлығына кіретін тілдер ұйымдастырылған күрделі жүйені құрайды. Жаңа сөздерді сөйлеуде пайдалану кезінде оларды игеру және қарым-қатынас жасау тек белгілі сөздік қордың жинақталуы мен есте сақталу жағдайында ғана мүмкін.
Сөздік жұмыс тілдер үштұғырлығын оқытудың алғашқы кезеңінде басым болып табылады, себебі тілдерді тәжірибеде игеру алдын ала бейтарап сөздікті жинақтаусыз мүмкін емес. Белсенді сөздікке жаңа сөздерді енгізу: ойыншықтар, нақ пішін, табиғи заттар, сюжеттік суреттер, фотосурет, сызбаларға сүйене отырып, бейнелерді көру нәтижелі болып табылады. Жаңа сөздердің айтылуы мінсіз, айқын, ашық болуы тиіс. Меңгерудегі тілге енгізілетін жаңалықтар келесі кезеңдерден өту қажет: педагогтің үлгісіне сүйене отырып жаңадан естіген сөздерді елестетіп қалыптастыра білу; сөйлеу кезінде оларды тану және түсіну.
Оқытылу барысына жаңа сөздер мен сөз тіркесі қосылғанда өз ретімен енгізілуі қажет. Жаңа сөздер алғашқы рет енгізілсе, балалардың назарын оларға және ерекше айтылуына аудару қажет. Бірақ балалар жаңалықтарды шамадан тыс қабылдамауына көңіл бөлу керек.
Белсенді сөйлеуде пайдаланылатын сөздер біртіндеп енгізілуі керек және жүйелі түрде қайталанып тұру қажет. Белсенді сөздікті толықтыру фразалық сөйлеуді біртіндеп күрделендіру арқылы жүзеге асу қажет.
Мағыналы мәтінді, тақпақтар, өтірік өлеңдер, санамақтардың екпін мен мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет.
Айтылу жағынан сөйлеуін жетілдіру, есту ықыласын дамыту, есту арқылы сөйлеуін жетілдіру үшін мынадай әр түрлі тәсілдер қолданылады:
— оқыту тіліндегі педагогтың үлгісіне қарап дыбыс және сөздерді дұрыс айту;
— кейіпкер және бұйымдарды келтіру барысында дұрыс екпінді қолдану; -бұйымдар мен кейіпкерді сахналау кезінде дұрыс екпін пайдалану;
— қажетті мәнерлі құралдар таңдау үшін балаларға қарастырылған сұрақтар;
— сөйлемдерді әр түрлі екпінмен (қуана, ренжулі, немқұрайлы) айту бойынша шығармашылық тапсырмалар;
— жеке сөздер, сөйлем, логикалық екпін қоюлары, дауыс ырғағын және күшін өзгертуді (қосылып, жекеше) қайталау үшін жаттығулар;
— рөлмен оқу.
Жаттау немесе жатқа оқу кең қолданылады (ертеңгілікте орындау, сәбилердің алдында көңіл көтеру, туыстардың сыйлығына және т.б.). Осы жаттығулар баланың күш-қуатын жұмылдырады, әрі басқа тілде өз қалауынша айтуға ықыласын арттырады.
Мектепке дейінгі жастағы үлкен балалардың мәнерлеп сөйлеуі әр түрлі болып қалыптасады, сондықтан ұйымдастырылған оқыту қызметінде бірнеше қатар әдіс-тәсілдер қолданады.
Бастапқы кезеңде орыс тілінде оқытылып жатқан топтардың қазақ, ағылшын тілдерін оқыту барысында лексикалық, грамматикалық және фонетикалық дағдыны қалыптастыруына үлкен назар аудару қажет. Осы дағдылар болмаса сөйлеу өнері айтарлықтай сапалы болмайды, балалар дұрыс айтуды және оқытудағы тілдердің сөйлеу қалыптылығын сақтай алмайды.
Күнделікті, әртүрлі тұрмыстық жағдайда ұйымдастырылған оқу қызметі процессінде және дидактикалық ойын барысында өздігінен әртүрлі сөздіктерді қолдануда жүзеге асады. Маңызды тілдесуді ұйымдастыруды, балалардың сөйлеуге назарын аудару, сөздік қорына, баланың жинақталған сөз құрамы байлығын пайдалану педагогтың рөлі болып табылады.
Театр әрекеті, сүйікті ертегілердің ерекше үзінділерін сахналау, кейіпкерлер диалогін пайдалану орыс және ағылшын тілдерін үйренуді белсендіруге, грамматикалық құрылымды және жүйелі сөздің дамуына мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі жастағы баламен (орыс және ағылшын) тілдерді үйрену барысында тілдің үштұғырлығы жағдайында дыбыс мәдениетін меңгеру – балалардың белсенді сөздік қорын толықтыру барысын анағұрлым қарқындатады, тіл байланысын кеңейтеді.
Оқытылып жатқан тілдердің дыбыстарын дұрыс айтуды қалыптастыруға оқыту барысында сөйлеу жаттығуларын өткізу қарастырылған. Мұндай жаттығуға дыбысты жеке сөздің, сөйлемнің ішінде айтылуы кіреді. Педагог балаларды әрбір үйретілетін дыбыстың артикуляциясымен таныстыруға және оның барлық балалармен дұрыс айтылуын қадағалауға міндетті.
Оқытудағы жетістік көбінесе балалармен жұмыс жасаудың құрылымына тәуелді. Оқытудың басында (2-3 минут) баланы қазақ және ағылшын тілдерінде еркін қызықты араласатын күйге түсіретін, кернеу мен шығармашылықты шешетін оқыту-ойнату әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс.
Балалардың белсенділігін арттыру үшін олардың қазақ және ағылшын тілдерінде күлімдеп, жақсы рең білдіріп, : «Жақсы!», «Жарайсың!», «Дұрыс!» және т.б. сөздермен мадақтап отырған дұрыс.
Ұйымдастырылған оқыту әрекетінде балалардың фонематикалық есту қабілетін, сөйлеу қабілеттері мен дағдыларын, қарапайым сөйлеу талдауын дамытуға бағытталған 2-3 минуттық фонетикалық жаттығуды («Фонетикалық минут») өткізу қажет. «Фонетикалық минут» келесі ойындар ретінде өткізілуі мүмкін: «Жаңғырық», «Алқа», «Сағат», «Сөздер адымдайды» және басқалары.
Балаларға таныс емес тілдегі жаңа сөздермен алғаш танысу кезінде кең мағынада көрнекілікті пайдалану қажет. Тек бұйымды көрсету мен оның атын атаумен ғана шектелуге болмайды. Шет тілінің сөзі баланың жадында ешқандай аудармасыз сақталу үшін оның тек есту және көру қабілетін ғана емес, сонымен қатар басқа талдағыштарды іске қосу қажет: түйсіну (бұйымды ұстау), иіс сезімі (мысалға, раушан гүлін иіскеу), татым (мысалы, қант, балдың, тосаптың дәмін көру). Мүмкіндігінше заттың өзін көрсеткен жөн, содан соң ол заттың әртүрлі жағдайдағы басқа заттармен салыстырмалы түрдегі суреттерін көрсету қажет. Мысалы, үстел әр түрлі пішінде, әр түрлі өлшемде және тек қана төрт аяқты емес, үш аяқты да немесе бір аяқты да болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет