Курсалды тапсырмалар нұр-сұлтан 2021 мазмұНЫ



бет1/7
Дата02.11.2022
өлшемі273,91 Kb.
#156116
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Курсалды тапсырмалар




КУРСАЛДЫ
ТАПСЫРМАЛАР

НҰР-СҰЛТАН
2021

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Бөлім Деректер жинауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар. 5
2 Бөлім. Курсалды тапсырмалар 7
3 Бөлім. Оқуға арналған материалдар. «Өзін-өзі бағалау мектебі». 20
Глоссарий.
Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Мектептегі білім беру жүйесін дамытудың қазіргі кезеңі орта білім берудің алдында жаңа және белгісіз жаһандық сын-қатерлер туындайтынын көрсетеді. Біз VUCA (Volatile – өзгермелі, Uncertain – белгісіз, Complex – күрделі, Ambiguous – қарама-қайшы) әлемінде өмір сүріп жатырмыз. VUCA – бұл тез ауысатын технологиялар (төртінші технологиялық революция), табиғи катаклизмдер мен техногендік апаттар, жаңа әлемдік тұрақсыздық қатері және жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, үдемелі әлеуметтік тұрақсыздық және диспропорция, жұмыссыздар мен NEET (NEET – Not in Education, Employment, or Training - жұмыспен қамту және білім беру саласынан шығарылған жастар) буынының өсуі.


ЭЫДҰ болжанбайтын әлем жағдайында адамдар жоғары деңгейдегі құзыреттерге ие болуы керек деп мәлімдейді. ЭЫДҰ Білім беру саясаты комитеті мектепті Vuca әлеміне бейімдеу үшін 2015 жылдан бастап «Білім мен дағдылардың болашағы: білім беру – 2030» жобасын жүзеге асыруда. Жоба екі кезеңнен тұрады: алғашқы (2015-2018 жж. – ЭЫДҰ елдерінің орта білім беру мазмұнын талдау, еларалық есепті дайындау, бірыңғай ұғымдық аппаратты әзірлеу) және негізгі (2018 жылдан бастап – мектептегі білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеу).
Сондай-ақ, барлық елдерде білім беруден барлығына сапалы білім беруге көшу басты басымдық болып табылады (мектеп – әлеуметтік лифт).
Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) XXI ғасырда табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін белгіледі. Бұл – топта жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық қасиеттер, бастамашылық, IT-құзыреттілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және тағы басқалары. ДЭФ-тің «XXI ғасыр дағдыларындағы ауытқуларды зерттеу» рейтингінде Қазақстан оқушыларының танымдық және эмоциялық деңгейі төмен елдер тобында тұр. Құзыреттіліктер мен жеке сипаттамалар деңгейі базалық дағдылардан айтарлықтай төмен. Осы аспект бойынша орта мектептегі оқу үдерісінің сапасына қол жеткізу білім беру саясаты мен тәжірибедегі басты мәселе болды.
Мектептің оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асырудың жаңа тәсілдеріне байланысты мұғалімнің кәсіби құзыреттілік салалары кеңеюде. Бұл – оқу, зерттеу және тәрбие жұмыстарымен байланысты пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше оқушыларды интеграциялау, ата-аналарды кеңестік сүйемелдеу және әлеуметтік серіктестермен жұмыс [1].
Осыған байланысты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – ПШО) қазақстандық білім беруді әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау жағдайында педагог кадрлар мен басқарушы қызметкерлерді үздіксіз кәсіби дамыту бойынша жұмыс жүргізуде (https://www.cpm.kz). Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жинақталған тәжірибесін Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне тарата отырып, ПШО үздік қазақстандық және шетелдік педагогикалық тәжірибені таратады, білім беру бағдарламаларын әзірлейді және әлемдік тәжірибеге сәйкес білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.
Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының ұсынылып отырған бағдарламасы тыңдаушыларды қазіргі заманғы жағдайлар мен сын-тегеуріндерде мектеп пен білім берудің даму ерекшеліктерімен, өзгерістерді басқару және білім берудегі көшбасшылық мәселелерімен таныстыруға бағытталған. Оқыту барысында деректерді зерттеудің, жинаудың, өңдеудің және талдаудың статистикалық әдістері қарастырылады, орта білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттер, стратегиялық жоспарлау, қызметті жобалау және басқару дағдылары жетілдіріледі.
Бағдарламаның басты бағыты мектепті дамытудың маңызды шарты ретінде сенімді қалыптастырудың маңыздылығына бағытталған. Білім беруді жақсартудың негізі оқушыларды, мұғалімдерді, әкімшілікті оқыту, білім беру саласындағы басқаруды жетілдіру болып табылады. Осыған байланысты, педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары оқудың басынан бастап сенімді қолдау көрсететін жұмыс атмосферасын құруға тырысады.
Білім беру бағдарламасының ең жоғары оқыту әсеріне қол жеткізу мақсатында курсалды тапсырмалар көзделген, олардың мақсаты өз тәжірибесі туралы ойлау және курстық оқыту кезеңінде пайдалану үшін деректерді дайындау болып табылады. Міндеттері – топтарда талдау және талқылау үшін бастапқы ақпаратты жинау; мектептегі білім беру сапасын басқару қызметін талдау.
Курс басталғанға дейін аяқталуы керек курсалды тапсырмалар өз мектебіңіз туралы жаңа ақпарат алуға, мектептің күшті жақтарын және дамуды қажет ететін салаларды пайдалану туралы шешім қабылдауға көмектеседі. Оқудың бірінші кезеңінде сіз өзіңіздің мектебіңіз туралы мәліметтер жинауыңыз керек.
Бұл үдеріс өз мектебі туралы мәліметтерді ұсынуда алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Сіз барлық деректер қатаң құпиялықта сақталатынын және ешкімге жарияланбайтынын білуіңіз керек және басшы ретіндегі сіздің қызметіңіз туралы қандай да бір шешім шығару мақсатында пайдаланылмайды және ешкімге жарияланбайды.
Аудиториялық оқытудың бірінші кезеңіне өзіңізбен бірге курсалды тапсырмаларда орналастырылған қосымшаларға сәйкес, өз мектебіңіз туралы мәліметтер (электрондық нұсқада), сондай-ақ ОШ-1 есебін (қағаз және электрондық нұсқада) алып келуіңіз қажет. Қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, сіздің ойыңызша, мектебіңіздегі өзекті мәселені талдаңыз.
Тапсырмаларды орындау үшін қосымшалардағы қоса берілген деректер бойынша қысқаша ақпарат дайындау ұсынылады (электрондық түрде). Сондай-ақ білім беру саласындағы қолданыстағы халықаралық, республикалық, өңірлік бағдарламалардың және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының электрондық нұсқасын өзіңізде ұстаған жөн (тізімге сілтеме?).
Курсалды тапсырмалар бағдарламаны құрудың модульдік ұстанымына сәйкес бағдарлама бойынша курстық оқытуға дайындауға бағытталған.
Мектеп директорының басқарушылық болмысы алуан түрлі және бір курс аясында мектеп директоры қызметінің барлық аспектілерін ашып көрсету қиын. Курстың құрылымы мен мазмұны бағдарламаның төрт бағытына шоғырланған:

  1. Инновациялық, педагогикалық және жобалық менеджмент негізінде мектептің дамуын стратегиялық жоспарлау.

  2. Желілік қауымдастық, әлеуметтік серіктестік және педагогтердің әлеуетін арттыру.

  3. Мектепішілік бақылау және мониторинг негізінде білім беру үдерісінің сапасын басқару.

  4. Жеке және кәсіби өзін-өзі дамыту және мектеп директорының өзін-өзі басқаруы.

Осыған байланысты, сіздерге осы төрт бағдарлама бойынша курстық оқытудың тиімділігін арттыру үшін курсалды тапсырмаларды дайындауды ұсынамыз.
Төменде мәліметтер жинауды ұйымдастыру туралы қысқаша ақпарат берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет