2 белгіден аз – төмен немесе альтернативті диагноз.
Объективті тексеру
ӨАТЭ электрокардиографиялық диагностикасы:
- P-pulmonale (оң жақ жүрекшенің жүктемесі);
- Жүрекшенің электрлік осінің оңға айналымы ( Мак-Джина-Уайт синдромы - I стандартты əкетудегі терең S тісшесі, III əкетудегі Q тісшесі мен Т тісшесінің болмауы );
- Өтпелі аймақтың солға ығысуы;
- Оң жақ жүрекшенің жүктемесі;
- Гис шоғырының оң тармағының жедел дамыған толық блокадасы;
- Инфаркт тəрізді өзгерістер – II III aVF əкетулерінде ST тісшесінің элевациясы немесе V1-4 əкетуде ST тісшелерінің жоғары тұруы (миокард инфарктынан айырмашылығы ӨАТЭ реципрокты өзгерістер тəн емес);
- Оң жақ (V1-3) кеуде əкетуіндегі Т тісшесінің инверсиясы.