Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Өмірге маңызды ағзалар қызметін жəне жалпы жағдайын бағалау: есі, тынысы (минутына 20 артық тахипноэ) жəне қан айналымы.
2. Науқас қалпы: отыруға немесе жоғарылап отырғанда ұмтылдырмай, жиі көлденең орналастыру.
3. Жедел өкпе-жүрек жəне өкпелік гипертензия белгілерінің анықтамасы: - мойын веналарының ісінуі мен пульсациясы; - жүрек шекарасының оңға кеңеюі; - тыныс алғанда күшейетін эпигастральды пульсация; - өкпе артериясында II тонның акценті мен екі еселенуі; - бауырдың ұлғаюы.
4. Пульсті зерттеу, жүректің жиырылу жиілігін жəне артериялды қан қысымды өлшеу: тахикардия, аритмия, гипотония болуы мүмкін.
5. Өкпе аускультациясы: əлсіреген тыныс немесе оқшауланған аймақтарда ұсақ көпіршікті сырылдар, кейде құрғақ сырылдар болуы мүмкін.
6. Біріккен симптомдардың болуын анықтау: кеудеде ауыру сезімі, жөтел жəне қан түкіру, гипертермия.
7. Флеботромбоз жəне тромбофлебит белгілерін анықтау үшін аяқты қарау: - аяқтардағы асимметриялы ісіну; - балтыр аймағында жəне санның тізе үстінен 15 см деңгейінде асимметриясы; - тері жабындылары түсінің өзгеруі (қызару, тері асты веналарының суретінің күшеюі); - вена бойымен пальпациялағанда ауыру сезім; - балтыр бұлшықетінің қатаюы жəне ауырғыштығы.
8. ЭКГ тіркеуі – ӨАТЭ кезінде ЭКГ-дағы жедел типті белгілердің пайда болуы.