Тамыр қабырғасы эндотелиі бүтіндігінің бұзылуына жауап ретінде тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясы жүреді.Пайда болған агрегаттар өсуге бейім болады.Бұл тромбоциттерден бөлініп шығатын биологиялық белсенді заттарға байланысты.
Тромбоцитарлық факторлар мен биологиялық белсенді заттар тромбоциттердің агрегациясымен бірге қанның фибринолитикалық қасиетін төмендетіп,қанның ұю жүйесінің белсенділігін арттырады.