Қорытынды Зардаптарды жою 1933 жылдың көктемінен бастап енді жіберілген қателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе,күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.Ауыл-селодағы шаруашылықтардың бәрі екі жылға мемлекеттік салықтардан және міндетті төлемдерден босатылды. Олардан өткен жылдардағы қарыздарды алып тасталды. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарға материалдық көмек ретінде 2 млн. пұт астық берілді. Ұжымдастырудағы асыра сілтеушіліктер салдары түзеттіліп, көптеген ауыл шаруашылық артельдері шаруалардың қарапайым бірлестігі – жерді бірлесіп өңдеу- ТОЗ,мал өсіру серіктестіктерінің жарғысына көшірілді. 1934 жылы наурызда мал өсіру серіктестіктерінің Үлгі жарғысы жарияланды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ мұндай алғашқы қолжеткен табыстар орасан бүліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын қалпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күші демографиялық өсудің арқасында,яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.
Бұл ескерткіштер осы ашаршылық құрбандарына арналып қойылған.
Пайдаланылған әдебиеттер: Талас Омарбеков «Қазақстан тарихының XX ғасырдағы өзекті мәселелері»Алматы 1997жыл 260 бет
Қазақстан Тарихы-жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2009 жыли60-61 бет
«Қазақстан Тарихы». 4-том. Алматы «Атамұра» 2010 жыл 271,272бет.273,274, 275,276,277 беттер
«Қазақстан тарихы». Мусин Чапай. Алматы 2008.335-336 бет