Қыжылдау - төс немесе асқазан тұсының жоғарғы бөлігінде асқазаннан өңешке қышқыл заттардың түсуі нәтижесінде пайда болатын қыжылдауды сезу Қыжылдау - төс немесе асқазан тұсының жоғарғы бөлігінде асқазаннан өңешке қышқыл заттардың түсуі нәтижесінде пайда болатын қыжылдауды сезу Құсу - асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ ауыз (кейде мұрын жолдары аркылы) арқылы еріксіз сыртқа шығуы (күрделі рефлекторлы акт), Құсу кептеген ауруларда болуы мүмкін: бассүйешілік қысымның жогарылауы ("орталық" құсу), уланғанда, ішкі органдардын көп аурулары кезінде. Құсумен бірге жүрек айнып, сілекей ағуы мүмкін. Асқазандық құсу науқастың жағдайын жеңілдетеді. Науқастың кұсу кезінде, оның тегіне байланыссыз, жағдайы ауыр екенін ескерткен жөн, және мейірбике мақсаты - науқасқа бұл жағдаймен күресуіне көмектесу. Құсудың диагностикалық маңызы зор. Бұл белгінің пайда болу уақытын, көлемін, сипатын, түсін, иісін, құсу массасының консисстенциясын анықтау керек. Жиі және бағынбайтын көп құсу ағзада электролитті бұзылыстарды туғызады, ал олар жүрек жетіспеушілігін, бүйрек қызметінің бұзылуын т. Б. дамытады. Құсу кезінде науқасқа уакытында көмек көрсету манызды, себебі құсу массалары, әсіресе науқастың ес-түссіз жағдайында тыныс алу жолдарына түсіп, ауыр инспираторлы ентігуге, содан соң аспирациялық өкпе қабынуына алып келуі мүмкін. Науқастың жағдайы келсе, қимыл іс- әрекеттің тәртібі мынандай: 1 . Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу; 2. Аяғының арасына леген немесе шелек қою; 3. Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды койып басын ұстау; 4. Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту; 5. Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру. Белгісіз умен уланғанда құсықты таза, кұрғақ ыдысқа жинап, қақпағын мықтап жауып, жолдамасын толтырып, зертханаға жіберу керек. Құсып жатқан науқасты тыныштандыру керек. Егер науқас соншалық әлсіз болса, отыруға шамасы келмесе, немесе ес-түссіз жағдайда болса, онда мейірбике мынадай қимыл әрекеттерді жасауы тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |