Тоқ ішекке əсер ететін дəрілер. Əсер ету меанизмі: тоқ
ішеке электролиттер мен сулардың сіңірілуін төмендетіп,
ішек рецепторларын қоздырады, ал аш ішекке əсер етпейді
жəне де қоректі заттардың қорытылуы мен сіңірілуін
бұзбайды. Əсері 8-10 сағ. соң байқалады. Көбінесе таңертең
немесе түнге тағайындайды. Созылмалы іш қатуда
қолданылады.
Жанама əсері: үйреншікті тудырады,
сондықтан препаратты кезектестіру қажет. Ұзақ қолданғанда
– гипокалиемия, антраценгликозидтер шырышты
қабықшаның, тіпті тік ішектің бұлшық ет қабықшасының
зақымдалуын, бауыр қызметінің бұзылуын, ал синтетикалық
іш жүргізетін дəрілер аллергиялық реакциялар шақыруы
мүмкін. Ішектің түйілуінде, іш теспесі синдромында
қолдануға болмайды.