сульфаты, ксилит, сорбит, маннит, зəйтүн немесе күнбағыс майы қолданылады. Əсер ету механизмі: ұлтабардың
рецепторларының тітіркенуімен байланысты. Магний сульфаты өт
түтігіне спазмолитикалық əсер көрсетеді. Осы топ препараттары
өт қалтасының атониясында, өт түтігінің дискинезияларында,
созылмалы холециститте жəне созылмалы гепатитте
қолданылады. Бұларды бауыр мен асқазанның жедел қабыну
ауруларында, өт-тас ауруларында қолдануға болмайды.
Rp.:
Sol. Magnesii sulfatis
25%
10,0
Da tales doses. N 10 in amp.
Signa. 10-20 ml күніне 4 реттен
- өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипертониялық түрінде өт жолдарының біріңғай бұлшық
еттерін босаңсытатын препараттар:
М-холиноблокаторлар (атропин, платифиллин), миотропты спазмолитиктер