Тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары: дизентерия, тырысқақ, іш сүзек олардың алдын алу шаралары
Жаңа сабақ жоспары
Мақсаты: ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білімдері негізінде қалыпты ас қорытудың гигиеналық жағдайлары мен тамақтану режимін түсіндіру
Білімділік: тамақтану режиміжәне жеке бас гигиенасы ережелері, ас қорыту жолы қызметінің бұзылу себебі туралы білім беру; ас қорыту жүйесі мүшелерінің және ішекқұрт ауруларының алдын алу Дамытушылық: тамақтану гигиенасы мен ережелерін физиологиялық тұрғыдан негіздеу; оқушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту Тәрбиелілік: ішекте астың қорытылуына алкоголь мен темекінің әсерін түсіндіру, тамақ ішу ережелерін сақтауда өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру
Сабақтың жоспары:
1. Тамақтану режимі
2. Тәбет
3. Асқазан-ішек аурулары
4. Ішекқұрт аурулары
5. Асқазан-ішек және ішекқұрт
ауруларының алдын алу.
Асқазан ішек аурулары
түсіну
Ас-адамның арқауы.
Адамның бір күндік тамақтану мөлшері.
Таңертеңгі ас
Түскі ас
Сәскелік ас
Кешкі ас
25%
40%
15%
20%
Танертеңгі ас-міндетті түрде ыстық болу керек, мысалы қара құмық не сұлы ботқасы,сүт,қара нан,көкөністер салат.
Түскі ас-көкөністер мен жемістер салаты еттен не балықтан дайындалған бірінші және екінші ыстық тағамдар,компот
Сәскелік ас-жеміс не көкөніс шырыны,сүт сусындары мен жемістер.(банан,алма,алмұрт,апелсин т б)
Кешкі ас-жеңіл болғаны дұрыс.Сүт не айран көкөніс, жарма тағамдары, жемістер.
Бір күнде пайдаланатын
кенеулі заттар мөлшері.
Нәурыз
Көмір су
май
Су
тұз
Дәрумендер
100г
400-500г
100г
2-2,5л
10г
А,В,С,Д,Е,К,Р,т.б.
Дұрыс тамақтануға байланысты ақыл-кеңестер:
тиімді және дұрыс тамақтану күніне бірнеше рет әр түрлі тамақтардан тұратын тамақтануға негізделуі керек;
нан, ұн, макарон өнімдерін, күріш пен картоп сияқты өнімдерді күніне бірнеше рет, әртүрлі тамақ ішкен сайын жеп тұру қажет;
әр түрлі жемістер мен көкөністерді күніне бірнеше рет тәулігіне 400 грамнан астам жеу керек. Мүмкіндігінше жергілікті жағдайда өсірілген жеміс - жидектер мен көкөністерді жеген дұрыс;
күнделікті құрамында майы мен ас тұзы аз сүт пен сүт өнімдерін (айран, қатық, ірімшік, йогурт) қолдану керек;
майлы ет пен ет өнімдерін бұршақ тектес өнімдермен, балықпен, құс етімен немесе арық етпен ауыстыру керек. Балық пен құс етінің үлес салмағы көп болмауы керек;
жалпы майдың мөлшері - еттің, сүт және тағы сол сияқты тамақ даярлау барысында қосылған майлар тәуліктік тағамның энергетикалық құндылығының 15 - 30% құрауы керек;
мүмкіндігінше асты булап, қайнатып немесе электр пешке пісірген дұрыс. Тамақты дайындау кезінде майды барынша аз қосу керек;
құрамында қанты аз диеталарды ұстанған дұрыс (рационның тәуліктік энегетикалық құндылығы 10 % аспауы керек).
ас тұзының жалпы мөлшері күніне - нан, консерві және басқа да өнімдердің құрамындағы 1 шай қасықтан аспауы керек. Асқа мүмкіндігінше йодталған тұзды қолданған жөн;