Олай болса немерелеріңіздің өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!
Аршат Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
Досымжан Атамыз-біздің панамыз,
Атамыз-біздің данамыз.
Атадан ақыл аламыз,
Атадай адам боламыз.
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Жамандықтан сақтандырып.
Жүрген алтын ақ әжемді.
Жүрсем деймін шаттандырып.
Бекжан Нағашы әжем анамның анасы,
Жиендердің ақылшысы санасы.
Қонақ болып бара қалсаң үйіне,
Бәйек болып қарсы алатын нағашы.
Бексұлтан Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.
Алихан Әжем өрнек тереді,
Сырмақ отыр оюлап.
Басы ауыра береді,
Шай ішпесе, қоюлап.
Айда Жанымда, өзің бар да,
Қуаныш сезем,
Жетелеп, жүрсің алға,
Аяулы әжем.
Нұржігіт Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Ақдаулет Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем.
Жанель Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман — есен жүр әжем.
Нұрислам Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз!