Дінмұхаммедтемір
Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!
Инабат
Туған жерді сүйеміз,
Тау менен өзенін.
Алдында бас иеміз,
Ата менен әженің!
Тәрбинші:
Қысылып еш саспаңдар
Кәнеки би бастаңдар
Ата - әжелердің көңілін.
Бір көтеріп тастаңдар.
Топ қыздарымызды: «Кесе » биімен ортаға шақырамыз.
Жарайсыңдар ботақандар! Ал,енді сендерге сабақ болатындай мына бір көрініске назар аударайықшы...
Көрініс: Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Атасы ас ішіп отырғанда тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына былай дейді: туу ата ыдысты тағыда сындырып алдыныз ба?Тамақты ағаш табақпен береді. Бір күні атасының немересі ағаш жоныпты.
Ата-анасы :
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
— Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш табақ жасап отырмын, — депті баласы. Өйткені сендер де атам сияқты ыдысты сындырып аласыңдар.Өз ісіне ұялған анасы күнасын түсінеді.
«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе?
Сұрақ жауап: Балалар көріністен не ой түйдіңдер, анасының жасаған қылығы дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |