Ештеңеден еш нәрсе пайда болмайды деген теорияны барынша дәлелдеген. Лукреций Эпикурдың эпикуреизм іліміне сүйене отырып, өзіндік пікірлерін жеткізіп отырған. Бірақ атомдардың өзіндік, ерікті қозғалыстарын не әсерінен болатынын түсіндіре алмаған.
Лукреций бостықтың, яғни кеңістіктің түбі мен төбесі болады деп есептеді.
Атомдар салмағымен төменге тартылуға әуес. Бірақ олар жиі тебіліс есебінен өз бағыттарынан ауысып отырады
КЕҢІСТІК
ТӨБЕСІ
ТҮБІ
АТОМ
Сонымен, атомизм ілімі мен атомистер философияға және әлемдік жаратылыс жайлы көзқарасқа үлкен үлесін қосты. Элеаттар, одан алдыңғы фисиологтар жасаған тұрпайы теорияларға атомистер кемшіл тұстары болса да, өте тұшымды жауап қайтар білді. Ең бастысы ақыл, саналы түрде дүние пайда болуын өздерінше түсіндірді.
Атом жайлы мол ұғымдар қалыптастырып физика, химия, кванттық физика, биология секілді ғылымдардың қаалыптасуына түрткі болды десек те болады.
Ғаламның пайда болуы туралы атомистердің пікірлері қазіргі ғылыми теорияларамен үндестік тауып, астрономияда пайдасын тигізуде.
Тіршіліктен Құдайды алып тастау мифологиядан алыстап, қоғамның ғылыми жолға түсуіне негіз болды. Онымен қатар атомизм ілімі христиандық дінге бастау берген болатын. Міне, осылай қоғамдық сана мен түйсікке атомистер өзінше бір серпін мен өзгешелік әкелді.