Тақырыбы: Аудармашының қызметтік қағидалары



Дата11.10.2023
өлшемі37,47 Kb.
#184677
Байланысты:
аудармашының қызметтік қағидалары


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Аудармашының қызметтік қағидалары

Орындаған: Сакенов Ержан КО-41


Тексерген: Бейсентай Аниса

Қ арағанды, 2023 жыл


Аудармашының қызметтік қағидалары
Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер Аударма - өмір танытатын, білім тарататын, тәрбие беретін құрал ғана емес, ол сонымен қатар ұлтар арасындағы экономикалық, әлеуметтік, рухани, ғылыми қарымқатынастың тәрбие - тағылым алмасудың үлгісі. Бүгінгі күні халықтардың өзара достық қарым-қатынасында, олардың бір біріне етене жақындасуың да аударма шығармалардың орны ерекше. Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру Қарым-қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, сөйлесу қажеттілігінен туған, тіпті оның шығуын ғалымдардың пайымдауынша адамзат қауымының алғашқы даму дәуірімен, яғни тілдің шығуымен байланыстырады.
Аударма -- бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі.адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Аударма қызметі – аса қиын, жауапты қызмет. Ол аудармашыдан ең алдымен шынайы болуды, ғылыми ұстанымдарға бойсынуды талап етеді.
1) Аудармашы болған адам ең алдымен аударатын өзге тілді жетік білуі қажет. Сонымен қатар өзінің ана тілін толық білуі, лексикалық қорының бай, бейнелеу қуаты күшті болуы керек. Түпнұсқаны толық түсіну оны дәл бейнелеу аударманың сапасына кепілдік етудегі негізгі шарт болып табылады. Аударатын өзге тілді толық білмеген жағдайда бұл мақсатқа жетуі мүмкін емес. Ал егер өз ана тіліңді жақсы білмесең, түпнұсқаның мазмұнын дәл бейнелеп, түсінікті, жатық етіп жеткізе алу да қиын. Бұл 2 шарттың қайсысы кем болса да аударма сапасы ақсап қалады.
2) Аудармашы әр ғылымнан хабары бар, бұрынғыны да бүгінгіні де жақсы білетін, мол білімді адам болуы керек. Тар өрісті, таяз адамдар екінің бірінде қателікке бой алдырып, ұятқа қалып жатады.
3) Аудармашы үшін өзге тілді жақсы меңгеру өзінің ана тілін толық білудің алғышарты екені шындық. Бірақ оның сыртында аудармашы болған адам екі тілдің бейнелеу жағындағы ерекшеліктерін де жан-жақты игеруден тыс, аударма теориясы мен оның шеберлік тәсілдеріне де атүсті қарауына әсте болмайды.
4) Аудармашы идеялық және саяси жағынан саналы,теориялық білім жағынан сауатты болу керек. Аударма жұмысы қашанда тарихтағы және қазіргі кездегі алуан түрлі саясатпен қатысты болмай қоймайды. Әсіресе саяси теориялық шығармаларды аударғанда аудармашының бұл жақтағы білімі таяз болса, қателік көп кездеседі. Сондықтан аудармашы әрбір тарихи дәуірдің саяси жағдайына қанық болуы шарт. Сол дәуірдегі қоғамдық тәртіпті, саясат пен экономиканы, алуан түрлі ағымдар мен діндерді толық түсінуі, соларға қатысты атау терминдерді айқын білуі қажет. Өйтпегенде екінің біріне душар болады.
Аудармашының тілдік тұлғасын төмендегі жайттар қалыптастырады: а) тұлғаның әлеуметтік мінездемесі; ә) ішкі тұлғалық қасиеттер; б) филиологиялық білімі, білігі, дағдысы; в) түпнұсқа авторы мен аудармашы тұлғаларының үйлесуі (жақындығы немесе ұқсамайтындығы) (Т.Никитченко). Аудармашы осы қасиеттері арқылы шығармашығын танытып, өзі аударған мәтінде өз қолтаңбасын қалдырады.
Аударма жасау кезінде практик аудармашының және осы процесті сипаттауда («моделировании») аударма теоретигінің алдында тұратын ең маңызды міндеттердің бірі шығыс тілдегі аударылуға жататын ең аз бірлікті (мұны аударма бірлігі деп те атайды) іздеп табу болып табылады.
Аудармашы ең алдымен коммуникацияның тікелей қатысушысы болуы тиіс (В.Н.Комиссаров).
Дж.Драйден аудармашыға төмендегідей талаптар қояды:
1) аудармашы ақын болуы тиіс;
2) түпнұсқа тілі мен өз тілін жетік білуі тиіс;
3) түпнұсқа авторының жеке ерекшеліктерін түсінуі керек;
4) өз дарынын түпнұсқа авторының дарынымен үйлестіруі керек;
5) түпнұсқаның мағынасын сақтауы керек;
6) түпнұсқа мағынасын сақтай отырып, оның тартымдылығын сақтауы керек;
7) аудармада өлеңнің сапасын сақтау керек;
8) авторды қазіргі ағылшынның сөйлеуіне орай сөйлетуге «мәжбүрлеу»;
9) түпнұсқаның «рухын» жоғалтып алмау үшін оның (түпнұсқаның) сөзіне «қатып қалмау» керек;
10) түпнұсқаны тым жақсартуға ұмтылмау
Ал біз ғалымдар мен практиктердің аудармашы қойылатын талаптарын қорыта келе, оларды төмендегіше жинақтауды жөн көрдік:
1. Ол тек қана жеткілікті түрде түпнұсқа тілінің морфология, синтаксис, лексика және идиоматикасын меңгерумен бірге, өзінің ана тілін, екі тілдік жүйені жақсы түсінетін, терең білетін қабілетке ие болуы тиіс.
2. Сондай-ақ негізгі екі міндетті: аударылатын тіл мазмұнын дұрыс түсінуімен және аударма тілінің құралдарымен сол мазмұнды дәл және толық сәйкестікте жеткізуден тұрады. Бұл талаптар мына жағдайда орындалады:
1. аударма тілінің лексикалық бірлігін түп негізіне дейін білу;
2. аударма тілінің грамматикасын және стилистикасын білу;
3. аударма теориясының негізін білу;
4. аударма техникасын меңгеру (сөздіктер мен анықтамалық материалдарды пайдалана білу қабілеті, аударма дағдылары мен ережелерін игеру);
5. аударма кезінде әдеби тілдің барлық байлығын кеңінен пайдалану;
6. аудармаға қатысты білім саласын жақсы білу;
7. аударма сөзбе-сөз күйінде жасалмауы тиіс, калька жасаудың кез келген түріне жол берілмейді;
8. аудармашы реалийлерді және аударма жасалатын елдің өмірі мен тұрмысының нақты жағдайларын білуі тиіс.
9. Аударматанудың негіздері және аударма теориясын білу.
10. Шет тілі мәтінін түсіну және оны барлық түпнегізіне дейін талдай білу.
11. Аударма кезінде қазақ тілінің барлық мүмкіндіктерін, ұлттық тіліміздің байлығын пайдалана білу.
12. Аудармашылық жұмыста автордың ойлары мен эмоциясын іштей дұрыс жеткізу үшін шығармашылық қабілеті болу.
13. Аудармашы әркез жекелеген сөздерді (бұл сөзбе-сөздік), немесе жекелеген құрылымдарды (бұл калька жасау) жеткізіп қоймауы қажет, автор ойларын, оның барлық қыр-сырларымен бере білуі керек.
14. Аудармашы сөйлемдегі түйінді, негізгі ойды түсініп, аңғарып, біліп, сондай-ақ ең бастысы өзінің ана тілінің құралдарымен тиісті талапқа сай жеткізе білуі тиіс. Аудармашы әрбір сөйлемдегі ойдың орталық элементін бөліп, ажыратып, анықтап ала білуі тиіс.
15. Логикалық екпінді дұрыс жеткізуде түпнұсқа құрылымының жекелеген элементтеріне немқұрайлы қарамауы керек. Аудармашы соған сәйкесетін ұғымдағы дәл сөзді дұрыс таңдай білуі қажет. Бұл үшін синонимдік қатарларды жақсы таңдай білуі әрі оларды дұрыс қолдануы қажет.
Аудармашының неғұрлым тәжірибесі аз, еңбексүйгіштігі мен қабілеті төмен болса (бірінші кезекте көркем аудармаға қатысты), онда өзін-өзі ақтамайтын еркіндік пен ойдан шығаруға жол бере отырып, аудармада барған сайын өзіндік түрлендіруге, бұрмалауға салынып кетеді. Тәжірибелі аудармашы өзінің шығармашылық қиялын түпнұсқаның дәлдігі мен дұрыстығына негіздейді. Егер аудармашы тар шеңбердегі мамандық иесі әрі мамандану деңгейіндегі даярлығы нашар болса, ол жүйелі түрде арнайы әдебиетті оқи отырып, сол саладағы жаңалықтарға зер салу арқылы өзінің зерде-зейінін мамандық жайлы біліммен байыта отырып, жұмыстағы өзінің әріптестерінің тәжірибесінен үйрене келе, бұл олқылықтың орнын толтыруы тиіс.
Аудармашы кез келген уақытта түпнұсқаның әр сөзіне сәйкес балама тауып жеткізу мүмкіндігін іздестіріп, ана тілде баламасы болмаған жағдайда соған мағынасы жақын сөздерді дәл табуға дағдылануы тиіс. Аудармашының тапқырлығы мен шешімділігі – тәжірибелілігі мен шеберлігінің кепілі. Алайда аудармашы дербес идеядан бас тартады, ол түпнұсқа авторының ой-ниетіне бағынады. Яғни аудармашы аударма мәтінді барынша жетілдіруге тырыспауы қажет. Бұл турасында А.Ф.Шираев былай дейді: «Егер аудармашы дұрыс сөйлеу сөйленімдерінің шеңберінен өрескел шығып кетіп, әңгімелесушілердің бірінің сөйлеуден тыс мақсаттарын жүзеге асыру қызметін өзіне ала бастаса, мысалы, сөйленімге кеңінен түсініктеме беретін болса немесе мәселеге өзінің жеке түсінігін беретін болса, оның қызметі аударма қызметі болудан қалады. Мұндай жағдайларда әлеуметтік орта аудармашыны оның әлеуметтік шеңберіне қайта оралуға «мәжбүрлейді». Демек әдеби шығарма – басқа мәтіндермен бірге жалпы құрылымға енетін тұтас құрылым. Аудармашының мақсаты – осы тұтастықты беру және осы мақсатқа жету үшін мүмкін болған кез келген өзгертулерге барады.
Аударма – осы іспен шұғылданушының кешенді филологиялық дайындығын талап ететін, яғни аудармашы халықтың, әсіресе аударылатын тілдің иесі – қазақ халқының тарихы мен әдебиетінен, мәдениетінен, ұлттық этникасынан жан-жақты хабары бар, бірнеше тілді жетік, жақсы білетін маман болғанда ғана жоғары деңгейде көрінетін күрделі құбылыс.
Аудармашы тәржіма жасауға қажетті техникалық әдебиеттер турасындағы өзінің жалпы білім-тәжірибесін жинақтайды. Жалпы бағдарлы ақпаратты меңгеру және оны әрдайым назарда ұстап отыру арқылы тәржіма нұсқаның толымды сапада жасалуына ықпалын тигізеді. Аударма нұсқаның дәл түпнұсқа сияқты эстетикалық қызмет атқаруы, дәл сондай эффект туғызуы үшін тәржімашы лингвоэтникалық құзыретке (төл тілдің лексикалық-құрылымдық жүйесін) ие адам болуға тиіс. Лингвоэтникалық құзырет қазақ тілін жетік меңгеруді талап етеді, яғни аудармашы қазақ ұлтының сөз, сөйленіс моделдерін кешенді түрде жинақтауы, тұтас тілдік материалдарды ұғынуы, ойлау-психологиялық қызметі және негізгі ана тілі мәдени-этникалық сипатына орай қалыптасқан адам болуға тиіс.
Аудармашы мамандығын әртістің мамандығындай. Әртістін міндеті кеиіпкердің обрызына кіріп,кейіпкердің іс — қимылын салып,көрермендерге әсер ету.
Ал аудармашы керсінше, аударып жатқан адамның образына ешбір қатысы болмау керек.
Аудармашылық қызметте де кәсіби этика үлкен рөл атқарады.
Мамандық қызмет көрсетумен емес, ақпарат жеткізумен тығыз байланысты.
Аудармашы ақпараттың шынайлығына толық жауапты
Аудармашының кәсіби этикасының ережелері
*Өзіне ғана мәлім ақпаратты жарияламау.
*Тапсырыс беруші адаммен сенімді қарым-қатынас орнату
*Қысылтаяң жағдайда да шыдамдылық пен сабырлық таныту
*Сыпайы, әдепті, тиянақты болу
*Аударылып отырған мәтінге өз тарапынан сөз қоспау
*Аударманың кәсіби этикасының негізгі ережесі – өзіне ғана мәлім ақпаратты жарияламау, яғни аудармашы аударылатын материал мазмұнының құпиялығын сақтауға және оны қажетінсіз жария етпеуге міндетті
*Оқыған, қарапайым киінген, сыпайы және ішімдік қолданбайтын, тамақ ішкенде өз мөлшерін білетін, дауысы анық және құлаққа жағымдылығы - бұларда аудармашының этикасына кіреді
Үнемі біліктілігін, кәсіби шеберлігін жетілдіріп отыруы қажет
Тапсырыс берушінің көзқарасы тұрғысынан аудармаға, бірақ тек қана аударылған мәтінге емес, аудармашыға және аударма үрдісіне сенуге мүмкіндік маңызды болып көрінеді, өйткені оның маңызы ақы төлеушіге, аудармашыға да өте зор. Өз жұмыс орынын сақтау (штаттағы аудармашыға) әлде басқа тапсырыстарды алу (штаттан тыс аудармашыға) үшін аудармашы тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыруға дайын. Бірақ кәсіби мақтанышы, әдептілігі, өзінің адамгершілігін сезінуі, ақшаға және орын сақтауға қарағанда, маңыздырақ болады. Аудармашыға ол керекті іспен айналасқаны және оны дұрыс істейтіні, аударма тұтынұшылары оның еңбегін бағалағаны туралы білуі қажет. Жоғары еңбекақыға қарамастан, көп ақша қуаныш әкелмейді, егер өз жұмысына мақтаныш етуге болмаса. Әдеттігедей кәсіби мақтанышының негізі ретінде аудармашының сенімділігі, жұмысына берілгендігі және этикалық ережелерін сақтауы болып көрінеді.
Аудармашының дауысы қатты, әрі анық шығу керек, бірақ ешбір эмоциясыз. Әсіресе сіздердің назарларынызды доклад қорғаушылардың әзіл- қалжындарына аударған дұрыс болады, себебі олардын қалжындарына, сіз аудармаға дейін де, аударғаннан кейін де өздеріңізді ұстап, жай ғана жымйған дұрыс болады.
Аудармашының басты мақсаты, мәтінің аудармасын дұрыс жеткізу, ол қандайда бір жест, дауысының екпіні арқылы тындаушыларда эмоция туғызуға құқұғы жоқ.Ал бұндай жағдай болса, оған мәтінің мағынасы себеп болу керек, сіздің көмегініз емес. Аудармашының дауысы және іс- қимылы аударып жатқан адамның эмоциясына тәуелді болмау керек. Әрқашан аудармашылардын есінде сақтайтын бір қағйда бар, аудармашылар екі жағаны қосып тұрған копір, ал басқа болып жатқан нәрселерге оның қатысы болмау керек.
Аударманың бірнеше түрі бар :
1. Ауызша аудару. Әр түрлі сөйленген сөздер, баяндамалар ізбе-із ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдермен, қонақтардың пікір алмасуына аудармашылар көмектеседі. Революциядан бұрын қазақ жерінде орыс ұлықтарының алдында жүретін аудармашылар - тілмаштар болған.
2. Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазба түрінде аударылады. Түп нұсқаның түрі мен мәтініне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы ресми документтерді аударғанда түп нұсқаны қаз қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі пәндердің терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді. Осыны ескемегендіктің салдары депутаттардың заң шығару барысында көп кесірін тигізіп жүр. Заңның дұрыс аударылмауы көптеген қиындықтар туғызады. Ал көркем шығармаларды аударғанда бірінші кезекте түп нұсқаның көркемдік - эстетикалық әсерін беру міндетті тұрады.
3. Компьютерлік (машинамен) аудару. Алдын ала жасалған программа бойынша кибернетикалық әдіспен сөзбе-сөз аударып, түпнұсқа туралы түсінік беру. Қазіргі кезде аударманың қолданылмайтын саласы жоқ:мағлұматтар алмасудың және көпке таратудың, интернет жүйесіне қосылып ақпараттар алудың бірден-бір жолы - аударма жасау.
Мәдени және рухани табыстарды ортақтастыруда, халықтардың өз ара қарым қатынасын ұлғайтуда аударма нағыз жалғастырушы күш болып табылып отыр. Бір кезде орыстың ұлы сыншысы В. Г. Белинский: Орыс тіліне аударылған шығарма орыс әдебиетінің туындысы... деген болатын. Аударма қызметінің ең басты мақсаты Белинский айтпақшы, халықтардың бір бірімен танысып, өзара идеялар алмасуы, соған орай, әдебиеттердің гүлденіп өсуі, ақыл-ой өрісінің үлгілері бір халық әдебиетінің екінші халық тіліне аударылуына негізделеді. Демек, қазақ тіліне аударылған әдеби туынды - қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған дүниелік, ол қазақ әдебиетінің төл туындысымен туыстас.
Аударма - әдебиет және бір жанр емес, ол - ана тіліміздің барлық жанрын қамтитын бел баласы, солардың ажырамас бір бөлігі.
Аудармашы мамандығын әртістің мамандығындай.Бірақ оған қарамастан,әр мамандықтын өз ерекшелігі болады.Әртістін міндеті кеиіпкердің обрызына кіріп,кейіпкердің іс-қимылын салып,көрермендерге әсер ету. Ал аудармашы керсінше, аударып жатқан адамның образына ешбір қатысы болмау керек.
Аудармашының басты мақсаты, мәтінің аудармасын дұрыс жеткізу, ол қандайда бір жест, дауысының екпіні арқылы тындаушыларда эмоция туғызуға құқұғы жоқ.Ал бұндай жағдай болса, оған мәтінің мағынасы себеп болу керек, сіздің көмегініз емес. Аудармашының дауысы және іс- қимылы аударып жатқан адамның эмоциясына тәуелді болмау керек.
Аудармашының дауысы қатты, әрі анық шығу керек, бірақ ешбір эмоциясыз. Әсіресе сіздердің назарларынызды доклад қорғаушылардың әзіл- қалжындарына аударған дұрыс болады, себебі олардын қалжындарына, сіз аудармаға дейін де, аударғаннан кейін де өздеріңізді ұстап, жай ғана жымиған дұрыс болады. Әрқашан аудармашылардын есінде сақтайтын бір қағйда бар, аудармашылар екі жағаны қосып тұрған копір, ал басқа болып жатқан нәрселерге оның қатысы болмау керек. Дәл осы қағидаға сүйене отырып айта кететінім, сіз аударып жатқан адам өз ренжісін немесе ашуын көрсетсе, сіз оның ойын бөліспеуге толығымен құқұғыныз бар. Тілді оқығанда, сол ұлттын арасында оқыған көп пайдасын тигізеді, шетелдіктерге еліктеңіздер, олардын манераларын келтіруге тырысыңыздар. Өзіңізге үнайтын бір шетел артистің таңдап алыңыз да, соған толығымен еліктеніз. Ал аудармашының сөздік қорына келетін болсақ, күнделікті қолданатын сөздердің эквиваленттерін жаттап алыныздар, мысалы: мен сізбен кейін хабарласам, менімен хабарласып отыр, кім ақырғы? ... Бұндай сөз тіркестер шетел тілінде тіптен басқаша айтылады.
Әрине аудармашы шетел тілін жетік білген жақсы, бірақ бәрінен бұрын ол өз тілін жақсы білу керек. Ілгермелі аудармашыларға шетел тіліне аударған оңайрақ түседі, өз тіліне аударғанша. Тағы бір манызды мәселе- жалпы және арнайы білім, жан- жақтылық. Осның арқасында аудармашыны, аудармашы машинадан айырмашылығы. Ал енді мына кітаптағы кейіпкер, кім ол , өзінің мамандығын жақсы біледі ме? Оқыған, қарапайым киінген, сыпайы және ішімдік қолданбайтын, тамақ ішкенде өз мөлшерін білетін, дауысы анық және құлаққа жағымды, батыс жақтын білімі туралы хабары бар, өз мамандығын бағалайтын адам.
Енді бірнеше тәжірибеде қолданылатын кеңестер:
Сіз аударып тұрған адамнын көнілін бөлменіз. Әрине сіздін тәжірибенізде өз-өзін тындағанды ұнататын адам кездесуі мүмкін, әрине мұндай жағдайда сіз оны тоқтатуға мәжбүр боласыз, бірақ тындаушылардын сізге деген көз қарасы дұрыс болмайды. Ондай жағдайға түспеу үшін, сөйлеп турған адамға көзіңізбен немесе қолдын жесты арқылы тоқтау керек екенің ескеріңіз, ол жанында сіз тұрғаныңызды ұмытпау керек.
Аударманың мәдениеттанулық мәселелеріне не жатпақ деген сұрақ туындары заңды. Ол үшін, алдымен, аударманың мәдени феномен екендігі де, оның адамзат мәдениетімен тығыз байланыстылығы да шүбә келтірмес айғақтар екендігін еске сала кеткіміз келеді. Әрине, аударма – мәдени құбылыс. Өйткені, біріншіден, аударманы қажет етуші де, жасаушы да адам. Ал адам мен мәдениетті бөліп-жарып қарастыра алмайсыз, себебі мәдениет – адами болмыс ету нәтижесі. Екіншіден, аударма – мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп, мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс.
Аударманың, соның ішінде, әсіресе, көркем-әдеби, поэтикалық аударманың әдебиет, поэзия сынды өнер қатарына жататындығы да қисынды. “Прозадағы аудармашы – құл, ал поэзиядағы аудармашы – қосавтор” деген В. Жуковскийдің қанатты сөзі бекерден бекер айтылмаса керек. Ол аударманың өнер ретіндегі көрінісін танытады. Сонымен, аударманың мәдениеттің айнасы болып есептелетін өнерге де тікелей қатысы барлығы оның мәдениеттанулық құбылыс ретінде анықталуына тағы бір себеп болады. Сөйтіп, аударма – шығармашылық әрекет түрі ретінде де мәдениеттанулық зерттеу нысанына қойылар талаптар биіктігінен көрінеді.
Аударманың адамзат мәдениеті тарихында көрінуі және де жалпы мәдениеттер арасындағы қарым-қатынасты өрбітуге тигізген ықпалы да, әрине, өз алдына, үлкен мәдениеттанулық мәселе.
Аударма ісінің мәдениеттің мәйегі болып есептелетін тіл мәселесімен етене тығыз байланыстылығы бүгінгі таңда кең жайылып келе жатқан “дефистік (hyphnated) ғылымдар”, немесе пәнаралық зерттеулер жемісі – лингвомәдениеттанулық ізденіс аясын көрнекілейді.
Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша тілмаштық, жазбаша тәржіма, еркін баяндау, әңгіме ету және тағысын тағылар…) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Оған қоса, аударма ісі, расында да, мәдениетаралық байланыстарды нәтижелі ететін әрі өзі сол қарым-қатынастардың салдары ретінде пайда болатын қызмет. Сондықтан да аударманы пәнаралық ізденістер шекарасында – мәдениеттануда зерделеудің өзіндік қисыны бар.
Сонымен, аударма – мәдени құбылыс. Мәдениетті кең философиялық тұрғыдан адами болмыс нәтижесі деп анықтаймыз. Адами болмыс дегеніміз не? Ол – уақытқа тәуелді шексіз көп түрөзгерістерді басынан кешірген пенденің өзін-өзі қалыптастыру процесі. Адами болмыс қашанда мүмкіншілікті болмыс, ықтималдылық процесс.

Адамды адам ретінде ерен етіп тұрған да, оның өзіндік әлемі – мәдениетіне тіреуіш болып тұрған да нағыз адами болмыстың іргетасы – мән-мағыналық кеңістік, рәміздік кеңістік, таңбалық кеңістік. Мән-мағыналық, немесе рәміз-таңбалық кеңістік абстрактілі бейнелерден, ұғымдардан, сөздер мен таңбалардан, рәміздерден, эйдостардан (идеялардан) тұрады. Фиксацияда, көшіруде, аударуда – осылардың бәрінің адам үшін мәні бар нәрсені көбейтуінде мәдениеттің негізгі қыры да, сыры да танылады. Ол мәдениеттің кумулятивтік, жинақтаушылық рухын баяндайды.


Аударма ұғымы мен оның мәнін, әсіресе, мәдениеттанулық ғылым аясындағы мазмұнын ашып көрсету осы бөлімшенің алға қойып отырған міндеті. Соған қол жеткізу үшін аударма түсінігін талдаудан бастаған жөн. Айтылған сөзді ауызша қотару барысындағы тілмаштық болсын, хатқа түсірілген сөзді жазбаша тәржімалау болсын, жалпы, мән-мағынаны тасымалдау (хабарлау, баяндау, әңгімелеу) болсын – бәрі-бәріне қатысты, жалпылама алғанда, аударма деуге негіз бар. Макроконтексте аударма дегеніміз адами әлемнің заңды процесі әрі кез келген жанның табиғи қабілеті. Бір тілдің өз ішінде әлдебіреудің айтқанын, жазғанын одан басқа адам қабылдау, түсіну барысында өзінің “ішкі” тіліне аударады деуге болады. Өйткені әрбір адамның “өз тілі” бар, сондықтан басқа адамның айтқанын біз үнемі аударма заңдылығымен қабыл аламыз.
Кезінде Р. Якобсон “Аударма туралы” деген эссесінде аударманың үш түрін көрсеткен екен:
1) бір тілдің өзінің ішіндегі тілішілік аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін сол тілдің басқа белгілерімен сипаттау – түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған шығарманы жаңаша сөйлету (мысалы, көне түркі тіліндегі жәдігерлерді бүгінгі қазақ тілінде түсінікті етіп жеткізу) және т.б.;
2) сөздің төл мағынасындағы аударма, немесе, тіларалық аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін басқа тілде беру;
3) семиотикааралық аударма, немесе трансмутация, яғни тілдің лингвистикалық белгілерін бейлингвистикалық белгілер жүйесі арқылы қайталау. Мысалы: белгілі роман не повесть желісінде фильм түсіру немесе қойылымдар даярлау.
Осыдан, былайша айтқанда, аударма болып есептелмейтін “аударманың” екі формасы бар екені көрініп тұр. Біріншісін Якобсон аудармадан басқа сөзбен жеткізеді: тілішілік аударма немесе басқа атау беру, “rewordіng”. Сондай-ақ, үшіншісі де аударма болып есептелмейтін семиотикааралық аударма немесе трансмутация. Бұл екі жағдайда да сөз “аударманың” аудармасы, интерпретациясы туралы болып тұр. Осыдан тура өз мағынасындағы аударма бар және жанама мағынадағы аударма бар деп айтуға болатын секілді.
Аударма ұғымының тар және кең мағынасы бар. Тар мағынасында аударма деп бір тілдің ауызекі немесе жазулы ақпаратын (мәтінін) екінші бір тілде түсінікті етіп жеткізуді айтады. Тар мағынасындағы аударма жалпы аударма ұғымының көпке үйреншікті, дағдылы түсінігін білдіреді. Расында да, аударма дегенде ана тілімізден басқа тілде жазылған көркем-әдеби шығарма мәтіні немесе басқа да керегі болып тұрған ақпарат, хабарлама және т.б.-ны өзімізге түсінікті түрде өз тілімізде бізге жеткізуді көз алдымызға елестетеміз.
Кең мағынасында аударма деп қандай да болмасын мәдени ақпарат түрін, мәдени мәтінді өзінің үйреншікті арнасынан басқа түрге ауыстыру, оны сол мәтін жазылған, айтылған, жасалған “тілден” (бұл тұста тіл деген тар лингвистикалық мағынада қолданылып тұрған жоқ) басқа бір тілге мән-мағынасын бұзбай жеткізуді айтады. Мысалы, айтулы немесе жазулы тілге негізделмеген мәдени салалар: көркемсурет, музыка, би және т.с.с. өз алдында тілдік кейіпке келе алады. Өйткені біз көркемсурет идеясын, музыканың рухын, бидің қимыл-қозғалыстарының мәнін тілге сала аламыз, яғни тіл арқылы “сөйлете” аламыз. “Тілсіз тілдер” ұғымы осыдан барып шығады, “мәдениет – метатіл” деген түсінік туындайды.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Жақыпов Ж. Аударматануды аңдату. – Астана, 2004. – 142 б.


2 Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 215 б.
3 Комиссаров В.Н. Лингвистика перевода.- М.: Межд. отношения, 1980. - 167 с.
4 Гофман Е.А. К истории синхронного перевода. «Тетради переводчика» – 1963, – №1. – С. 14-21.
5 Әбуов Ж.Ә. Қазақ тілінің халықаралық деңгейде оқытылуы. // «Полимәдениет және полилингвизм – Қазақстандағы этносаралық келісімнің және саяси тұрақтылықтың факторлары» дөңгелек үстелдің материалдары. – Астана, 2008. – 43-45 бб.
6 «Егемен Қазақстан» газеті. 23.10.2009 – № 345-347. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет