Тақырыбы: Қазақ тілі лексикасын оқыту әдістемесі Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі17,76 Kb.
#82253
түріОқулық
Байланысты:
9-дәріс


Тақырыбы: Қазақ тілі лексикасын оқыту әдістемесі
Мақсаты: Мектепте лексиканы оқытудың мақсат-міндетіне, оның көлеміне көңіл аударту. Лексиканы оқытуда күнтізбелік жоспар, оқулыққа сүйеніп, күнделікті сабақ жоспарын дұрыс құрастыруға, меңгерілуге тиісті білім көлемін дұрыс қамти білуге және тиімді меңгертуге үйрету, дағдыландыру.
Негізгі терминдер мен ұғымдар: Қазақ лексикологиясы, қазақ
фразеологиясы, сөз мағынасы, мәні, ауыспалы, тура мағына, сөздік қор, сөздік құрам, тіл мен мәдениет, мағыналық реңк, сөйлеу мәдениеті, ұлттық дүниетаным, омоним, синоним, антоним сөздер.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Лексиканы оқытудағы мақсат-міндет; мазмұны мен көлемі, ішкі құрылымы.

  2. Лексиканы оқытуда қолданылатын жаттығу жұмыстары, пайдаланылатын көрнекі құралдар.

  3. Лесиканы оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

Өзі өмір сүріп отырған қоғам мен ана тілінің, тіл мен мәдениттің өзара байланысын түсінуде оқушыға тілдегі сөздердің мағынасы мен мәнін меңгертудің маңызы зор. Халықтың рухани мәдениеті мен салт-дәстүрін, халық педагогикасын сана-сезімдеріне сіңіруде де тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамын үйретудің мәні айрықша. Қазақ лексикологиясын меңгеру арқылы оқушы тілдің не бір терең қабаттарындағы тылсым қырларын меңгеруге мүмкіндік алады. Сөз мағынасындағы түрлі мағыналық реңктерді меңгерген оқушының сөйлеу мәдениеті де жоғары болмақ.


Қазақ фразеологиясындағы ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін оқушыларға толыққанды түрде таныту мұғалімнің міндеттерінің бірі.
Әдіскер А.Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын былайша дәйектейді: «Ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы оның айтылу (орфоэпиялық), жазулы (орфографиялық) нормасын саналы түсінуге, әр сөздің орынды қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуге қызмет ететін сан алуан мағыналы сөздерді талдап, таңдап қолдана білуге, мәнерлі сөйлеуге, көркем әдеби тілдің бейнелі әуезділілгіне, әсерлілігін түсінуге дағды алады. Лексиканы оқытудағы мұндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізе айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды. Өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды үйрете отырып, тілдік фактіні меңгерту бар. Сондай-ақ оның күнделікті қатынас құралы ретінде қажет болатын қыр-сырын түсіндіру керек».
Лексиканы оқытуда сөзге үлкен мән беріледі. Тілдің ең кіші бөлшегі сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын жете түсіндіру қажет. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы тілдің орфоэпиялық және орфографиялық нормаларын саналы түсінуге, әр сөздің орынды қолдану арқылы өз ойын жүйелі, түсінікті жеткізуге үйретеді. Тілдегі сан алуан мағыналы сөздерді түсініп, талдап, таңдап қолдануға тырысады. Көркем әдеби тілдің әуезділігін, әсерлігін түсінуге дағдыланады. Лексиканы өткен кзеде сөздің тура және ауыспалы мағынасына ерекше мән беріледі. Мынандай мысал келтіре отырып, салыстыру әдісін пайдалана отырып түсіндіруге болады: 1) Ол ата-анасын құрмет тұтады (тура мағына). 2) Отан ананы қорғайық! ұғымды түсіндіру, олардың тепе-тең екендігін мысалдар келтіре отырып түсіндірген жөн. Сөз біткеннің бәрі мағына бере бермейтіндігін де айтып түсіндіру қажет.
Омониим, антоним, синонимдерді өткен кезде көбінесе салыстыру әдісін пайдалануға болады.
Мұғалімнің көркем әдебиеттен мәтіндерді оқып, синоним сөздерді тапқызып, орнына басқа синонимдес сөздерді қойғызып мәтіннің көркемдік ерекшелігіне талдау жасатқызуы да өз нитижесін береді. Синоним сөздерді мағыналық реңкінің өзгеруіне қарай қойғызу, сөйлем ішіндегі синонимді басқа сөзбен алмастыру, оның өзгеру процесін дәлелдету тәрізді жұмыстарды орындатқан тиімді.
Лексиканы оқытуда әрбір лексикалық категорияны түсіндіру лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны қатар қойып салыстыру арқылы жүрсе ғана ұтымды.
Былайша түсіндіру – лексикалық мағынаны ашуға көмектесумен бірге, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды дұрыс ажыратып, сөздердің қолдану аясын терек түсінуге мүмкіндік жасайды.
Лексиканы оқыту кезінде мұғалім оқушыларды сөздікпен жұмыс істей білуге үйретуі керек. Сөздердің шығу тарихын, сөз мағыналарын сөздіктерді қолдана отырып меңгерткізу оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Әдебиет сабағында өткен тақырыптардың ішінен түсініксіз сөздерді тапқызып отырса пән аралық байланыс жүзеге асып, оқушылардың белсенділігі артады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1 Жалпы мектепте оқушылар лесика саласы бойынша нені меңгерулері тиіс?
2. Қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланған тиімді?
3. Қандай пәндермен байланыста өткізген тиімді?
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Әбілқаев А.Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. «Інжу-маржан» 2009.-293 б.

  2. Әлімжанов Д., Маманов Ы.Қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы.1965. – 245 б.

  3. Құлмағанбетова Б.,А.Исанова, т.б. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2000.

  4. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. Алматы. 1989. – 96 б.

  5. Дәулетбекова Ж.Т. Сөз мәдениеті – тілдік білім нәтижесі. А.,2010.- 240 б.

  6. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы. 1995.

  7. Жапбаров. Оқушылырдың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және мазмұндама жүргізудің әдістемесі. А., 2002.

  8. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001 ж.

  9. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. Принт-С. 2005. – 170 б.

  10. Құрманова Н.Ж., Мухлис К.Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. Алматы:Абай атындағы АлМУ, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет