Тақырыбы: Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизм мазмұНЫ


Жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет2/8
Дата28.05.2022
өлшемі220,5 Kb.
#145348
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
dip -qazaq-tilindegi-etistikti-frazeologizm (1)

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдерді грамматикалық, семантикалық, тақырыптық-мағыналық тұрғыда қарастыру, сонымен бірге қазақ тілі байлығының құнарлы қорына жататын көркем сөз бен шешендік өнердің қайнар бұлағы болып саналатын тұрақты тіркестердің бір саласы фразеологизмдерді етістікті тұрғыда анықтау. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер белгіленеді:
- жалпы халықтық фразеологизмдер қатарынан етістікті фразеологизмдерді анықтау;
- фразеологиялық бірліктерді зерттеудегі қазақ тіл біліміндегі негізгі бағыттарды талдау, етістікті фразеологизмдердің өзге де бірліктерден өзгешеліктерін көрсету;
- фразеологизмдер халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін бойына сіңірген басты мәдени байлығымыздың бірі екендігін жазушы, ақындардың шығармалары арқылы дәлелдеу;

  • фразеологизмдердің тақырыптық-мағыналық топтарын анықтау.

Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Жалпыхалықтық тілдегі фразеологизмдерді етістік негізінде зерттеу олардың тілдік табиғатын теориялық тұрғыда тереңірек түсініп, қазақ фразеологиясы саласындағы теориялық зерттеудің, пайымдаулардың шеңберін кеңейте түседі. Әр типтегі фразеологиялық бірліктерді қарастырудың тәсілі мен әдісін нақтылай түсуде шамалы болса да әсерін тигізеді.
Іздену барысындағы байқаулар, қорытындылар мен тұжырымдар әдеби тіл үлгілеріндегі тұрақты сөз орамдарын қарастырудың теориялық мәселелерін айқындай түсуге септігін тигізеді.
Жұмыста пайдаланылған әдістер. Диплом жұмысын жазуда осы тектес зерттеулерде қолданылған сипаттама, аналитикалық талдау әдісі, тілдік фактілерді сипаттау әдісі қолданылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, “Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері”, “Етістікті фразеологизмдердің семантикалық категориялары”, “Етістікті фразеологизмдердің тақырыптық-мағыналық топтары” атты үш тараудан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І ТАРАУ. ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Сонымен фразеологиялық тіркестер сөздерден тұратын болғандықтан, сол сөздердің құрылысын, грамматикалық ерекшеліктерін осы тарауда қарастырдық.


Грамматика – о баста грек тілінің gramma /жазу, жазу өнері/ деген сөзі. Келе-келе сөздің бастапқы мағынасы мүлдем кеңейген. Қазір грамматика – лингвистиканың негізгі терминінің бірі; тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін дербес ілім.
Бір тілдегі грамматикалық мағына мен сол мағынаның берілу амал-тәсілдері – сол тілдің грамматикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын қосып біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие болады. Екінші сөзбен айтсақ, тіл атаулының негізгі коммуникативтік функциясы, яғни тілдің қарым-қатынас, пікір алысу, адамдардың бір-бірімен өзара түсінісу құралы болу қызметі, сол тілдің грамматиткалық құрылысы арқылы атқарылады.
Бұдан шығар бір қорытынды: грамматика – тілдің негізгі функциясын, қарым-қатынас құралы болу функциясын, жүзеге асыру жолдары мен амал-тәсілдері туралы ілім. Гарамматианың, дәлірек айтқанда, тілдің грамматикалық құрылысының, осындай мән-маңызын ескере отырып, грамматиканы – лингвистика, яғни тіл туралы ғылым деген ұғымның бір синонимі ретінде қолданылып жіберушілік те кездеседі.
Қысқасы, лингвистикада грамматика деген ұғымның мағынасы өте кең. Осыған байланысты лингвистикалық әдебиеттерде грамматикаға, сайып келгенде, мән-мазмұны, түп-төркіні бір, түрлі-түрлі анықтама беріледі:
Грамматика – тілдегі сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі сөз тіркестері ережелерінің жиынтығы; сол ережелерді сипаттайтын оқулық “грамматика” деп аталады /С.И. Ожегов/.
Грамматика – сөз формаларының жасалу, қолданылу жолдарымен сөйлемдегі сөз тіркестерінің өзгерілу заңдылықтары /ережелері/ туралы ілім /Н.И. Кондаков/.
Грамматика – тілдің құрылысы туралы ілім; тіл білімінің сөз формаларының өзгеру жолдарын, сөз тіркестері формулаларын және сөйлем типтерін зерттейтін тарауы /О.С. Ахманова/.
Тілдің грамматикасы дегеніміз, сайып келгенде, грамматикалық құрылысы. Дәлірек айтсақ, тілдің грамматикасы дегеніміз – тілге тән грамматикалық категориялар жиынтығы мен жүйесі /Б.Н. Головин/.
Жоғарыда келтірілген анықтама-түсініктемелерді қысқаша бір қорытындыласақ: грамматика – лингвистиканың үлкен бір тарауы; грамматика – тілдің негізгі коммуникативтік қызметін жүзеге асырушы амал-тәсілдер туралы ілім; грамматика – сөз формаларының жасалу, өзгерілу жолдары мен заңдылықтары, сондай-ақ, сөз тіркестері формулаларының заңдылықтары, олардың сөйлемге тіркесу амал-тәсілдері туралы ілім; грамматика – тілдегі сөз құрылысы мен сөз тіркестері, сөйлем типтері туралы ілім.
Грамматиканың негізгі объектісі – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері.
Осыған орай, грамматика үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: морфология және синтаксис.
Морфология – гректің morphe /форма/ деген сөзінен алынған термин.
Морфология – тілдің морфологиялық категориялары туралы ілім. Ол белгілі бір тілге тән сөздердің грамматикалық категориялары мен сөз формалары грамматикалық категорияларының жиынтығы мен жүйесі.
Морфология – сөздердің өзгеру жолдары мен амалдары, грамматикалық формалары мен грамматикалық мағыналарының берілу тәсілдері туралы ілім; морфология – сөздердің формасы туралы ілім.
О.С. Ахманова морфологияны тілдің сөз түрлендіру жақтарын қарастыратын, сөз жасау жақтарын қарастыратын, сөз тіркестерін қарастыратын деп үш түрге бөледі. Бұлардың бірінші сөздердің грамматикалық формаларын жасауда тілдің тиісті бір единицаларының грамматикалық құралдарына көңіл бөледі; екінші тілдің сөз жасау тәсілдерін зерттейді; үшіншісі сөз тіркестерінің морфологиялық жақтарын, дәлірек айтқанда, сөз тіркестерінің құраушы элементтердің морфологиялық белгілерін қарастырады.
Синтаксис – гректің syntaxis /құрастыру, түзу/ деген сөзінен алынған термин. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып, сөйлеу құрылысын зерттейді. Ол – сөйлеудің негізгі единицаларын, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. Өзінің осы объектісіне сай, синтаксис өз ішінен негізгі екі салаға бөлінеді: бірі – сөз тіркестері синтаксисі, екінші – сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисі өз ішінен жай сөйлемдер синтаксисі, құрамалас сөйлемдер синтаксисі болып тағы да екі салағы бөлінеді.
Біздің қарастырып отырған мәселеміз фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері болғандықтан, соғын кеңінен тоқталып өтейік.
Диплом жұмысының 1 тарауы “Фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері” деп аталады. Бұл тарауда қазақ тіліндегі фразеологиялық тұлғалар, олардың сөз табына қатысы, лексикалық құрамы мен грамматикалық сипаты, компонент құрамы, морфологиялық құрылысы, синтаксистік қызметі қарастырылады.
Жалпы тіл білімінде фразеологизмдердің зерттеу тарихы жүз жылдыққа кетеді. Француз фразеологиясының теориясын құрған Ш. Балли (1905), орыс лингвисі Е.Р. Поливанов (1931) фразеологизмдерді жеке пән ретінде қарастыруды ұсынды. Орыс тілі фразеоллгизмдерін классификациялауда Ш. Баллидің жасаған схема-топтастыруларын негізге ала отырып, тұжырым айтқан академик В.В. Виноградов болды.
Қазақ тіл білімінде фразеология мәселелері 40-жылдардан зерттеушілер назарына ілігіп, тілдік тұрғыдан зерттеу объектісіне айналды. С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін атап өтіп, бағыт-бағдар көрсетеді. (//Халық мұғалімі// 1940, № 4, 53-59 беттер) “Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы” атты еңбегінің 1940-1950 жылғы басылымдарында тіліміздегі фразеологиялық тіркестер сөйлем мүшелеріне қатысты қарастырылады 4. 59-60-72.
Түрік тілдес халықтар тіл білімінде фразеология мәселелерінің зерттелуіне І. Кеңесбаев, еңбектері игі әсерін тигізсе, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев, Ғ. Мұсабаев, Х. Қожахметова, А. Байталиев, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғышқы тұжырым жасаушы – зерттеушілер болды. Зерттеушілердің кейінгі буын өкілдері С. Төлекова, Р. Жайсоқова, А. Елешова /1989/, Г. Смағұлова /1993/, С. Сәтенова /1990, 1997/ т.б. фразеологизмдерді әр қырынан зертеді. Зерттеушілердің бағыты сан салалы болып келеді. Оны шамамен былай топтастыруға болады:

  • фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері;

  • фразеологизмдердің салыстырма-типологиялық мәселелері;

  • фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы;

  • фразеологизмдердің стильдік қызметі;

  • фразеологизмдерді семантикалық тұрғыдан топтастыру т.б.

Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылды. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Соңғы жылдар көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары әжептеуір зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Әсіресе, академик І. Кеңесбаевтің “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” атты еңбегін тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркітанудағы қосылған елеулі үлес деп қарауға болады.
Автор аталған сөздіктің “Қазақ тілінің фразеологизмдері” туралы бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл еңбекке соқпай өте алмайды.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) Даяр қалпында жұмсалу белгісі; 2) Мағына тұтастығы; 3) Тіркес тиянақтылығы 3. 186-187.
Фразеологизмдердің бір бүтін единица ретінде қолданылуы жағынан лексикалық единица – сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді. Фразеологизмдерді де дәл сол сияқты құбылыс деп тану керек. Бұлар бірнеше сөздің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы, жерге қаратты, жерден алып, жерге салды, жер-жебіріне жетті, жерден жеті қоян тапқандай, жер-көкті басына көшірді т.б. Бұндай етістікті фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан қаншалықты күрделілігіне қарамастан, сөйлем ішінде әрқайсысы жеке сөздермен бірдей болып теңесіп тұрады. Бұл фразеологизмдердің бірінші белгісі. Ал фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі – мағына тұтастығы.
Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағына жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің бір де біреуімен байланыспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолданылуы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да бір тұтас едицина ретінде көрінеді 5. 189.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауына емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. олар бір-бірімен иінтіресіп, өз сөзімен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына көкке көтерді десек, мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимі аспан сөзімен ауыстырсақ, мағына тұтастығы онша бұзылмағанымен, стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерді деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп қалыптасқан қалпында қолдануды талап етеді. Сол сияқты бармағын тістеді деудің орнына саусағын тістеді десек, фразеологиялық мағынасынан ажырап, басқаша мән алады. Сондай-ақ санын соқты деген тіркестің құрамындағы сан деген сөздің орнына тізе немесе бас деген сөздер қолданылмайды. Қолданыла қалған күнде тұрақытдан еркін тіркеске ауысады. Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала беруі де мүмкін. Мысалы, жамбасы жерге тигенше /өле-өлгенше/. Кей ретте жалғыз дыбыстың бір өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Мәселен, тіл тиді, дегеннен көз тиді, сұқ тиді дегенді түсінсек, тілі тиді болса, біреуді біреу балағаттап сөкті, тілдеді болып мүлдем басқаша мағынаға ауысады.
Сол сияқты іш тартты, ішін тартты, ішіне тартты бір-біріне соншалықты жақын болғанымен, мән-мағынасында елеулі айырмасы бар. Ауызға ілікті деу ауызға ілінді, ауыз ашты, ауыз ашпады, аузын аштырмады дегендердің өз алдына жеке-жеке фразеологизмдер деп есептеледі. Бұл жағынан қарағанда фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрақтылығы сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыдағы аталған үш түрлі белгі арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категорияларынан оқшауланып, өзіндік бітім-бейнесімен дербес өмір сүреді. Мысалы, көз байланды – (қараңғы түсті).
Алғашқы топ келісімен өзге қонақтар да іркілген жоқ, көз байланысымен ол үйдің алтауы толып қалды 6. 15. Көз ашпады – (арылмады, құтылмады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет