Тақырыбы: Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизм мазмұНЫ



бет3/8
Дата28.05.2022
өлшемі220,5 Kb.
#145348
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
dip -qazaq-tilindegi-etistikti-frazeologizm (1)
~$одекс , Волейбол, 1607343637, 2854115, eskı turkcede deyımler, OTD 28 2 65 71, turkce hikayeler B1-B2, Алпысбай Нуралы ФЕК221 , Дневник Амантайкызы Шаттык (копия) 4, HOW HAS REALISM UNDERSTOOD THE ROLE OF THE STATE IN SHAPING INTERNATIONAL POLITICS, AND HOW HAS THE POLITICS OF IRAN CHALLANGED TRADITUONAL ASSUMPTIONS ABOUT THE STATE IN THE MIDDLE EAST (копия), Документ (69)
Көз алмады /айырмады/. Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды 6. 10. Көз араласты. Я көрсе қызарлық қылып, көз алартпақ лайық па? 7. 19. Көз алдына келді /елестеді/. Абайдың көз алдына Ойке деген жеңгесі де, Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жолдастары да толық елестеді 7. 9.
Қазақ тілі фразеологизмін танудағы пікірлерді саралай келе, фразеологизмдерді “тар” және “кең” көлемде қарастыру бар. Біраз түркі тілін зерттеушілер /І. Кеңесбаев, Ш. Рахматуллаев, Г. Байрамов, З. Ураксин/ фразеологизмді “”тар көлемде қарастыруды ұсынады. Башқұрт тілін зерттеуші А.А. Юлдашев сөзімен айтқанда “Мақал мәтелдер, нақыл сөздер тұрақты сөз тіркестеріне жатпайды” 8. 27. К. Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді фразеологизм деп қарастырып, Р. Сәрсенбаев “мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысы бұлардың тұрақтылығы мен эфониялық құбылыста қолданылу сипатына байланысты. Осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық единицалар тобына қосып қараймыз” деген пікір айтып, фразеологизмді “кең” көлемде қарайтынын білдіреді 9. 29.
Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдынғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Мысалы, жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Аяғы жаман төрді былғайды. Сонымен мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге жуықтайтын жері тек тілдегі ғана емес, мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен қатар бейнелі ишарат жатады. Сонымен қатар сыртқы тұр-тұрпаты жағынан, яғни өздерінің семантикасы мен құрылым-құрылысы жағынан мақал-мәтелдердің фразеологизмдерден елеулі өзгешеліктері болады.
Мақал-мәтелдер қаншалықты ауыс мағынада айтылғанымен, құрамындағы сөздер өзінің байырғы лексикалық мағыналарынан қол үзіп, онша тасаланбайды.
Сөз саны жағынан мақал-мәтелдерге қарағанда фразеологизмдердер өте шектеулі болады. Көпшілігінде екі, я үш, төрт сыңарлы болады. Мысалы, қол бала, қол артты, қолы алдына сыймады, қолы жіпсіз байланды, қолдан-қолға түсірмеді, екі қолын төбесіне қойды, екі өкпесін қолына алып жүгірді т.б. Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді. Фразеологизмдер мақал-мәтелдер тәрізді күнбе күн көбейіп, тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үшін, белгілі бір жағдай қажет. Әсіресе идиоманың шеңберіне енген сөз идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уақытты қажет етеді. Сол себептен болса керек, фразеологизмдер әсіресе, идиомалар бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді.
Біздің ойымызша, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, сөйлеу дағдысындағы штамптар, фразеологиялық тіркестер – тұрақты сөз тіркестерінің түрлері. Олар бір-бірінен ортақ және өзіндік белгісі арқылы ерекшеленеді. Сондықтан да “барлық фразеологизмдер – тұрақты тіркестер, ал кез келген тұрақты тіркес фразеологизм бола алмайды” 10. 115 демекпіз, яғни фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік пен тізбекті фразеологизм деп білеміз.
Осы орайда Г.Смағұлованың “тіл мамандары, қай тілде болмасын, фразеологияны мейлі тар ұғымда, мейлі кең ұғымда түсінуде фразеологиялық тұлғаларды айқындау үшін фразеологиялық тұлғалардың қалыптасқан, дайын сөз тіркесі екендігін, оның мағына тұтастығын, құрамындағы компонеттердің тұрақтылығын, семантикалық бірлігін, жалпы беретін мағынадағы образдылық пен аусыпалық, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін айтады” деген тұжырымымен келіспеуге болмайды 11. 19-13.
Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу тіл-тілді зерттеушілер тәжірибесінде бар. Бұл мәселен, І. Кеңесбаев /1977/, А. Қайдаров, Р. Жайқасова /1979/, Ә. Болғанбаев /1988/, Х. Қожахметов /1972/, Г. Смағұлова /1933/ сынды зерттеушілер фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді. І. Кеңесбаев “Фразеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болғандығын” 12. 27, Ә. Болғанбаев “Фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстығын анықтау үшін негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешу керектігін” 13. 111, фразеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі болатындығын, ал сөйлем мүшесі белгілі табына қатысты екенін Х. Қожахметова атап көрсетеді 14. 110. Фразеологизмдерді белгілі бір сөз табына жатқызуда шарттылық басым, оларды жіктеуде бұрын-соңды айтылған пікірлерді ескере отырып, төмендегідей топтастырамыз: 1. Етістіктегі фразеологизмдер. 2. Есімді фразеологизмдер. 3. Үстеу мәнді фразеологизмдер. 4. Әр түрлі таптарынан жасалған фразеологизмдер 3. 7.
Етістікті фразеологизмдер құрамындағы сөздер екі топқа бөлінеді:
1. Фразеологизм құрамындағы сыңарлар еркін сөз тіркестерінде
қолданылатын актив лексикадан тұрады. Мысалы, көз бояу – алдау, тісін қайрау - өшігу, қол қусыру – бағыну т.б.
2. Етістік фразеолгизмдер құрамында фразеологиялық байлаулы мағыналы сөздер мен архаизм сөздер ұшырасады: а/ фразеолгизм құрамындағы кейбір сөздер тек фразеологиялық тіркес құрамында танылады. Мысалы, аза бойым қаза болу – қатты шошу, ә/ фразеолгизм құрамындағы сөздер архаизм сөздер болып келеді: қыршынынан қиылу – жастай өлу, мүрдем кету - өлу. Қыршын – жас, мүрде-өлік деген ұғымды білдіреді, бірақ өте сирек қолданылады. Фразеологизм құрамында ғана кездесетін немесе түсінігі кем сөздердің бәрін архаизм деуге болмайды.
Фразеологиялық мағынаның төркіні лексикалық мағынада, тарихит тұрғыдан алғанда тіркес құрамындағы компонеттерге апарары даусыз. Мысалы: Шешесі мұны сол қолынан шап беріп ұстай алып:
- Сен жаңағы ат қою деген нәрсені қайдан шығардың?Оның жаман ырым
екенін айтпап па едім. Қайтыс болған адамның атын атап айқайлап жылау- дәстүрін” ат қою” деп атаған 6. 52.
Етістікті фразеологизмдер құрамындағы сөздер екі топқа бөлінеді:
1. Фразеологизм құрамындағы сыңарлар еркін сөз тіркестерінде қолданылатын актив лексикадан тұрады. Мысалы: ит мінез – жаман, аяусыз адамның мінезі. Мысалы: - Я, құдай, зар тілегім болсын, қарашығыма әкесінің ит мінезін бере көрме 6. 51. Тарт тіліңді - сөйлеме, үніңді өшір. Мысалы:
- Уай, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді? Бұ не қырсығың?… - дей бергенде Майбасар бастаған әуелгі жуандар:
- Тарт тіліңді!
- Қысқарт!
- Жап аузыңды! – деп арс-арс етті. 6. 40.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет