Мақсаты: Білімділік: оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.
Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жнрін, елін сүюге, халық дәстүрлерінсыйлауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет және музыка өнері.
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар. 1-жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз» атты өзге ұлт өкілдеріне арналған іс-шарамызды «Тілдер мерекесіне» арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз-басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру. 2-жүргізуші. – Қазақстан мемлекетінде 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектепте оқитын басқа ұлт өкілдерінің арасында «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз» атты сайысымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құру керек.
1.Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді және құрметтейді.
2.Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік тілін, мәдениетін құрметтейді. 5-кезең.«Әріптер сайысы» Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді. 1-топ. (а, е т, о, с) 2-топ. (ә, б, м, н, қ )
1.Қазақ тілі пәні ұнай ма? 1.Мақал білесің бе?
2.Досың кім? 2.Есімің кім?
3.Әдемі қыздың арманы не? 3.Аспанда не бар?
4.Бүгін қандай күн? 4.Мектеп мұғалімдері қандай
5.Сенің көзің қандай? 5.Қар қай кездежауады?
6.Жігіттер сырға таға ма? 6.Кім болғың келеді?
7.Бала оқытатын адам? 7.Алма тәтті ме?
8.Бос уақытында не істейсің? 8.Қыздар неден қорқады?
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік. 2-жүргізуші:
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл -әр ұлттың қайталанбас байлығы дегендей, бүгінгі сайысымыз аяқталды.Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Сау саламат болыңыздар!