Тақырыбы: Қазақстан Республикасының саяси жүйесі Факультет: Заң Мамандық: құқықтану Тобы: 103 Орындаған: Асылбек Ерасыл Жандосұлы Тексерген: Жарболова А. Ж. Алматы 2022


«Сайлау — бұл билікке жетер кілт. Сайлаудың мақсаты — ең үздіктердің басқаруы», — деген А.Котовтың анықтамасы сайлаудың мақсатын айқындап береді



бет2/3
Дата29.09.2022
өлшемі66,21 Kb.
#151169
1   2   3
Байланысты:
Саяси режим

«Сайлау — бұл билікке жетер кілт. Сайлаудың мақсаты — ең үздіктердің басқаруы», — деген А.Котовтың анықтамасы сайлаудың мақсатын айқындап береді. Партия жүйесі мен көп партиялықтың қалыптасуына түрлі деңгейдегі өкілдік органдарды сайлау үлкен ықпал жасайтындығы белгілі нəрсе. Өздерін партия деп атайтын қоғамдық бірлестіктер үшін сайлау олардың қоғамдағы шынайы салмағы мен беделін анықтап береді. Бұл көзқарасымызды мынадай тұжырымдар арқылы дəлелдеп көрсетуге болады. Елімізде 2007 ж. 21 мамырда өз күшіне енген Конституциялық заңға сəйкес, Парламент депутаттарын сайлаудың пропорционалды жүйесі енгізілді, ол саяси партиялардың рөлін арттыруға, олардың бəсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталады деп айтылды. М.Əшімбаев 2007 ж. реформа туралы «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында,
«Депутаттарды сайлаудың мұндай жүйесін енгізу өте түбегейлі өзгеріс емес пе?» деген тілшінің сұрағына: «Егер біз Қазақстанда дамыған демократиялық жүйе құрғымыз келсе, онда саяси партияларды нығайтуымыз жəне рөлін көтеруіміз қажет. Пропорционалды жүйе Қазақстанда саяси мəдениетті біртіндеп қалыптастыратын болады... мажоритарлық жүйе елімізде шынайы көп партиялықты объективті түрде шектейді. Пропорционалды жүйе сайлаушылардың белгілі бір қолдау деңгейіне ие барлық негізгі саяси күштер өкілдік етуіне жəрдемдеседі», — деген еді. Ендеше, содан бері қарайғы саяси өмірімізде қандай өзгерістер, ұтыстар мен ұтылыстар болғанын бағамдап көргенде, əсілі, сайлаудың екі негізгі мүмкіндігі бар екендігі белгілі, біріншісі көпшілік дауыспен сайлану (мажоритарлық сайлау жүйесі), екіншісі, пропорционалдық өкілдік (мысалы, партиядан, облыстан өкілдік).
Бұрынғы норма бойынша жай көпшілік дауыс, яғни 50 пайыз жəне бір дауыс, жинаған үміткер сайланған болып есептелетін. Əдетте, мұндай жүйе екі партиялы жүйесі бар елдерде болады. Жеңіп шыққан үміткер айтарлықтай басым тұрмаса, сайлаушылар дауысының 49 пайызының жоғалуы бұл жүйенің кемшілігі болса, тəуелсіз үміткерге сайлануға мүмкіндік беруі, сол арқылы партияны емес, жеке тұлғаны таңдауы бір артықшылығы деуге болады. Ал, енді енгізілген пропорционалды жүйеге келер болсақ, мандаттар партия жинаған дауыс санына тура пропорционалды түрде бөлінеді. Бұл жүйе парламентте партиялардың өкілдік етуімен ерекшеленеді. Сайлау жүйесінің біздегі таңдап алынған түрі жайында Қ.Тоқаев: «Мəжілісті жасақтаудың жаңа қағидаты — Қазақстанның демократиялық дамуындағы үлкен прогресс. Сөз шынайы парламентаризм жөнінде болып отыр. Өйткені жеңіске жеткен партиялар елдің заңнамалық органында халықтың басым бөлігінің мүдделерін білдіруге жəне тиімді қорғауға мүмкіндік алады. Сайлауға тек қана партия атынан түсу — елдегі саяси күштердің танымалдық деңгейі мен ықпалы, халық арасындағы беделін нақты сараптауға мүмкіндік береді», — дейді. Бірақ, біздің ойымызша, бұл жүйенің де өз кемшілігі бар. Сайлаушы жеке тұлғаны емес, тек партияны таңдайды. Бұл жүйе белгілі бір дəрежеде өкілді жеке жауапкершілігінен де айырады. Мысалы, 1993 жəне 1995 жж. Ресейде Мемлекеттік думаға сайлау барысында екі рет осы пропорционалды жүйе қолданылып, сарапшылар бұл жүйенің тағы бір кемшілігін ашып берген еді. Өйткені 6–10 % деңгейіндегі жоғары пайыз партиялардың пропорционалды өкілдік ету қағидасын бұрмалайды. Ал, батыстың демократиялық стандарттары деңгейіндегі «пайыздық деңгейді» (2–5 %) қолдану басқа бір қиындықты туындатады екен. Оған бір ғана мысал ретінде Ресейдегі В.В.Жириновский партиясының сайлаудағы жеңісін айтуға болады. Тағы бір айта кетер жайт, егер бір партия сайлауда абсолютті дауыс санын жинаса, онда парламент бір партиялы болмауы үшін екінші орында келе жатқан партия автоматты түрде 10 пайыздық квотаға ие болады (мысалы, осындай тəжірибе Ресейде қолданылады).
Қоғамда əлі өркениетті нысанда көп партиялық жүйе қалыптаспаған жəне халықтың саяси немқұрайдылығы күшті болған жағдайда, тек қана пропорционалды сайлау жүйесін ғана пайдалану депутаттардың сайлаушылардан алыстап кетуіне алып келуі мүмкін деген саясаттанушылардың көзқарасы біздің қоғамда неліктен бір партиялы жүйенің орын алып отырғанын белгілі дəрежеде ашып береді. Себебі көп партиялық жағдайда ғана «пропорционалды жүйе дауыс беру нəтижелерін анықтауда барынша демократиялық нысан болып табылады, өйткені оның негізінде сайланған органдар өкілдік сипатқа ие болады». «Мажоритарлық» үлгі таза күйінде Англияда көрініс тапқан, ол жерде салыстырмалы түрде көпшілік дауысқа ие болған үміткер депутат болады, ал оның бəсекелестеріне дауыс берген сайлаушылар заң шығарушы органда өкілдерінің болу мүмкіндігінен айрылады. Ол екі партияның тұрақты өмір сүруіне сүйенетін үкіметтің тұрақтылығына алып келеді. Ал, американдық жүйеде республикалық жəне демократиялық билікті ауыстыратын негізгі екі партия арасын бөліп тұратын сайлау жүйесі қарастырылған. 1958 ж. қабылданған француз үлгісі, ағылшын үлгісіне қарағанда, мажоритарлық белгілері анағұрлым икемдірек. Францияда негізгі айырмашылық сайлау тетігінен көрінеді: бірінші турда абсолютты көпшілік дауыс жинамаған, бірақ, басқаларына қарағанда, көбірек дауыс жинаған екі партия өз үміткерлерін екінші турға шығарады, бұл турда көпшілік дауыс жеткілікті болады. Президенттік басқару жүйесімен бірге бұл үлгінің айтарлықтай икемділігін байқауға болады. Президенттік блок жеңіске жетсе, атқарушы билік қажетті өкілеттіктерге ие болады, ал президентке қарсы күштер жеңіске жетсе, демократиялық күштердің жұмыс істеуіне қажетті кепіл сақталып қалады. Соңғы жылдардың тəжірибесінен көрініп отырғанындай, ағылшын жəне француздық сайлау жүйелері осы мемлекеттерде салыстырмалы түрде алғанда саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Қалай болғанда да, «мажоритарлық жүйеге қарағанда, пропорционалдық жүйе халық мүддесін толығырақ есепке алады деп саналғанымен де, мажоритарлық жүйенің артықшылығы — ол қоғамдық проблемаларға тереңірек үңілуге қабілетті болуында». Себебі саяси партиялар қоғамдық өмірдің ерекше бір саласына жатады. Азаматтық қоғам ұғымына берілетін ғылыми анықтамаларда оның негізгі бір белгісі саясаттың болмауы деген көзқарас бар. Бұл пікірді жақтаушылар саясат — бұл мемлекеттің ісі жəне оның органдарының қызметіне байланысты, дейді. Ал, С.Оспановтың пікірі бойынша: «Азаматтық қоғамды құратын халық белсенді болмаса — жекелеген индивидтер саясатқа белсенді қатысатын азшылық тарапынан жасалатын əр түрлі сипаттағы қысымға шыдап та келген, шыдай да бермек». Даму жолындағы елдердің қазіргі заманғы саяси тəжірибесі көрсетіп отырғанындай, билік құрылымдарының саяси жəне құқықтық мəдениетке қарым-қатынасы сол қоғам өміріндегі саяси режимді айқын сипаттайды. Академик Ғ.Сапарғалиев ол туралы былай дейді: «Парламентарлық республика құру саяси процесте шынайы тұғырға ие, қалыптасқан саяси партияларсыз, сондай-ақ өзін-өзі басқару органдарының жүйесі болмай тұрып, мүмкін емес. Басқаша айтқанда, парламенттік демократия қалыптасқан көп партиялы жүйе болғанда ғана мүмкін болады. Елдің саяси өмірінде атсалысуға қабілетті, қоғамдық пікір қалыптастыратын күшті саяси партиялардың болмауы, сондай- ақ азаматтардың конституциялық шеңбердегі таным-түсінігі мен тиісті тəртібінің жеткілікті деңгейде болмауы Қазақстанда парламенттік басқару нысанын қолдануға жол бермеді».
Осыған байланысты «Қазақстандағы қазіргі заманғы конституциялық процестің ерекшелігі — оның субъектілері толыққанды саяси партиялар емес, ал мемлекеттік билік институттары болғандығы» деген Б.Майлыбаевтың сөзімен келіспеуге болмайды. Сондықтан бүгінгі күн талабына сай, өзара əрекет жасау жүйесі тұтас партия жүйесін құрай алатын саяси партиялар құру қажет. Бүгінде Қазақстанда қазақстандық көп партиялықтың қалыптасуы үшін негіз қалаушы саяси жəне экономикалық элитаның ықпал жасауы туралы мəселенің маңызы зор. Демократиялы батыс елдеріндегі заң шығарушы биліктің жоғары тиімділікпен қызмет етуі, ең алдымен, партиялардың күштілігімен қамтамасыз етіледі. Тиісті парламенттік фракцияға кіретін депутаттар сол партия дайындаған заңдардың жобаларына қарсы дауыс бермейді. Олай болмаған жағдайда келесі парламенттік сайлауда партиялар оларға қолдау көрсетпейді, сөйтіп, оларға өз беттерінше сайлануға тура келеді. Ал, мұндай жағдай табысқа қол жеткізуді азайтады. Себебі батыстағы электораттың басым көпшілігі үміткердің партияда мүше болуына баса назар аударып, соған бағдар жасайды. Біздің елде партиялардың қазақстандық электоратқа ықпал жасауы бүгін-ертең қолға алынады деп болжам жасай алмаймыз. Н.Назарбаев 1992 ж. «көп партиялық жүйе жасанды қалыптаспайды, ал қоғамның əлеуметтік-экономикалық біртұтастығының нарық пен халықтың негізгі тобының мүдделерін айқындау жолына қарай табиғи бұзылуы есебінен оған шынайы негіз қаланғанда орын алады» деп айтқан екен. Бірақ ол кезде бұл процесті бір нəтижеге жеткізуге мүмкіндік болмады. Экономикалық жəне əлеуметтік жетілдіру жүргізу қарқынын тежеген заң шығару саласындағы кемшіліктер атқарушы биліктің елдегі орын алған дағдарыстың алдын алу үшін əрекет жасауына түрткі болды. Ал, қазір парламентте толыққанды көп партиялы жүйенің болмауы біздің қоғамдағы өтпелі кезеңдегі онсыз да күрделі қиындықтарды тереңдетіп жіберді.
Негізінде заң шығарушы жəне атқарушы билік арасындағы қарама-қайшылықтар əдеттегі демократиялық мемлекеттерде партия тетігі арқылы шешімін табады, əзірге Қазақстанда мұндай тетік енді ғана пайда бола бастады. Партия өкілдерін билік құрылымынан, ең алдымен, заң шығару органынан аластау билік жүйесінің ішкі байланысын жоғалтып алуға алып келуі мүмкін. Ол, өз кезегінде, үкімет саясатының ішкі бірлігінің жетімсіздігіне алып келеді, оның салдарын қазір байқап та отырмыз. Біздің айтарымыз, президенттік биліктің демократиялық үлгісін дамыту жолында бір- бірімен бəсекеде болатын саяси партиялар мен бірлестіктердің қызметін белсенді ету елеулі рөл атқарары сөзсіз. Қоғамды демократияландырудағы мақсат — көп партиялы жүйені қалыптастырумен бірге, азаматтардың саяси өмірге араласуын да қолдау болмақ. Бұл мəселелердің шешімін табуға қол жеткізуге бола ма? 1998 ж. өзінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында негізгі 7 бағыт бойынша саяси жəне конституциялық реформа жүргізуді ұсынған болатын, олар: «сайлау, парламенттік реформа, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, сот жүйесі, баспасөз бостандығы, əйелдер жағдайы». Президенттің бұл ұсынысына қолдау көрсетудің бір жолы сол кездегі Парламенттің 1998 ж. 7 қазандағы «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды жəне одан кейін 2007 ж. Конституциялық реформа жүргізу туралы заңды қабылдауы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет