Тақырыбы: Қазақстан Республикасының саяси жүйесі Факультет: Заң Мамандық: құқықтану Тобы: 103 Орындаған: Асылбек Ерасыл Жандосұлы Тексерген: Жарболова А. Ж. Алматы 2022


Қазақстан Республикасының Конституциясы — бұл өз кезеңіндегі құжат



бет3/3
Дата29.09.2022
өлшемі66,21 Kb.
#151169
1   2   3
Байланысты:
Саяси режим

Қазақстан Республикасының Конституциясы — бұл өз кезеңіндегі құжат. Ол Қазақстанның өтпелі кезеңдегі даму жолын ескере отырып жасалған. Ал өтпелі кезең мен оның мерзімі туралы біздің қоғамымызда əлі бір түйінге келген көзқарас, пікір жоқ екендігін жоғарыда атап өткен болатынбыз. Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттің экономикалық, қоғамдық құрылымының тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктерін жасауға бағытталды. Дегенмен, əлі қоғам өмірінде шынайы жүзеге аспаған, бірақ Негізгі Заңда жария етілген қағидалар бар. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының болашақтағы əлеуеті жайлы ойды тұжырымдауға жол ашады. Соңғы өзгертулер өз деңгейінде, талапқа сай жұмыс істеп жатыр деп айту əлі де ертерек, өйткені мұндай тұжырым жасауға жаңа нормаларды іске асыруда экономикалық, əлеуметтік, саяси жəне басқа да факторлардан туындайтын қиындықтар кедергі болып отырғандығы бүгінгі өміріміздің шындығы.
Өзгерген саяси-экономикалық жағдайларға қарай Конституцияны реформалап, толықтырып жетілдіріп отырмаса, ел дамуына кері əсер ететіндігі анық. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде: «Заңдылық пен конституциялық тəртіп сақталмайтын жерде, экономикалық жəне əлеуметтік берекесіздік орын алған жерде, адамның іргелі құқықтары, азаматтардың армандары мен үміттері қамтамасыз етілмейтін, келешегі бұлдыр жерде демократия құру мүмкін емес екендігін бүгінде əлемдік тəжірибе көрсетіп отыр», — деген тұжырымын конституциялық реформа жасау қажет болғанда заңгерлер мен қоғам қайраткерлерінің ылғи да назарында боларлық проблемалық мəселе деп қараймыз.
Осыған орай көп партиялықты демократия белгісі деп таныр болсақ, онда парламенттегі партиялық фракциялардың рөлін дамытуға баса назар аудару керек. Өйткені, даму жолындағы елдердің қазіргі заманғы саяси тəжірибесі көрсетіп отырғанындай, билік құрылымдарының саяси жəне құқықтық мəдениетке қарым-қатынасы сол қоғам өміріндегі саяси тəртіпті айқын сипаттап береді. Бүгінгі күні көп партиялы жүйесіз демократиялық қоғамды көз алдыға елестету мүмкін емес, сол үшін басқарушы партиямен қатар, заңды түрдегі оппозиция өкілдері бар басқа да партиялардың болуы қажет. Əзірге Қазақстанда партиялық жүйедегі өзіндік ерекшелік нормативтік-құқықтық негізге келіп тіреледі, яғни Конституция да, өзге заң актілері де саяси партиялардың мемлекеттік саясатқа белсенді араласуына теориялық тұрғыдан мүмкіндік бергенімен, іс жүзінде ол мақсат толық орындалмай жатқандығы да өмір шындығы. Ал, саяси партияларды құрудағы мақсат саяси өмірге ең бірінші сайлау арқылы араласудан тұрады емес пе. Қоғамның мүддесін білдіретін шынайы партияларды халық қолдайды, халық үшін кезекті шенеуніктің қандай орынға отырғаны емес, ал қоғам үшін, жеке отбасы мен ұрпақ алдындағы борышы үшін партияның не беретіндігі туралы толғаныс бірінші орынға шығады.
Сондықтан мемлекет Конституциясы ең алдымен, бүкіл қоғамның мүддесі үшін реформаны жалғастырудың кепілі, мемлекеттік саясат процесіне түзетулер енгізуге бағдар болып табылады. Тəуелсіздік алған жылдардан бері демократияны дамытуға іргетас қаланды, жеке адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары сақталатын мемлекет құрылды. Бұл, Елбасы атап өткеніндей, мынадай проблемаларды ойдағыдай шешудің нəтижесі болды:

  • «түрлі ұлттардың, этникалық топтар мен діни сенімдегі адамдардың өзара келісімі мен бір- бірін құрметтеуіне қол жеткізу;

  • еркін сайлау өткізу, əрекет етуші парламентаризм дəстүрін енгізу, демократиялық институттардың белсенді қызмет жасауы үшін жағдай жасау;

  • азаматтық қоғамның тəуелсіз институттарын ұйымдастыру, қоғамда маңызды орын алатын үкіметтік емес ұйымдарды қалыптастыру;

  • еркін жəне тəуелсіз баспаларды, мемлекеттік билік жүйесінде ашық ақпарат ағынын құру;

  • экономиканы реформалау;

  • бейбіт ішкі жəне сыртқы саясат жүргізу».

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы

  2. Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының заңы 15.07.2002

  3. Сайлау туралы Қазақстан Республикасының заңы 28.08.1995

  4. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» Жарболова А.Ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет