Зардаптары: Торғай көтерілісінің ерекшелігі: Торғай көтерілісінің ерекшелігі: - Табанды болып, ұзаққа созылды.
- Билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықтан жүргізілді.
- Басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі болды.
- 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны - 20 мыңға, 26 қарашада – 50 мыңға жетті.
- 1916 жылғы 22 қазан – Амангелді Иманов бастаған басшылықпен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді.
Көтеріліс басшысы – сардарбек Амангелді Иманов өзіндік тактика қолданды:
- Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрә тәртіпті әскери организм құрды.
- Қару өндіруді ұйымдастырды.
- Көтерілісшілерді әскер өнеріне үйретті.
- Көтерілісшілерді азық-түлікпен, аттармен қамтамасыз ететін тыл қызметін ұйымдастырды.
- Мергендер жасақтарын құрды.
- Партизандық қимыл әдісін қолдана білді.
Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.
Достарыңызбен бөлісу: |