ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭССЕ
Тақырыбы: Қазақстанның эволюциялық дамуы-елдің гүлдену мүмкіндігі
Орындаған:Дошман Салтанат
Тобы:117-18
Қабылдаған:Арынғазиева Баян
Шымкент 2020
Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа.Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ.
Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды.ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады.Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы еді.Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді.
Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.
Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес.Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.
Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі.
Рухани жаңғырудағы өзекті мәселелердің бірі - революциялық емес, эволюциялық жолмен даму. Мемлекет басшысы зобалаң мен зұлматқа толы болған жиырмасыншы ғасырдағы қазақ халқының бастан кешкен қасіреттерін атап көрсеткен. Алғашқысы қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі таңылды. Он жетінші жылғы Қазан төңкерісінен кейін большевиктер билікке келді, кеңестік дәуірде халық отырықшылыққа көшті. Екінші мәселе - ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды.
Президент атап көрсеткен өткен ғасырдың тағы бір қасіреті - қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. «Руханиятымыздың сақталып қалуына алдымен бабалар мұрасы, сосын ашаршылықтан қырылған халық санын 60-шы жылдары қалпына келтірген қазақ әйелдері себеп», дейді тарихшылар.
Төртінші мәселе - еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Қазақстан тұрғындары бір ғана Семей полигонының зардабын әлі күнге тартып келеді. Зымырантасығыш протондардың зардабы, Байқоңыр ғарыш айлағы, Арал, Балқаш деп бұл тізімді жалғастыра беруге болады.
«Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де түптеп келгенде қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз», - деді Мемлекет басшысы өз мақаласында. Ал, Хангелді Әбжанов кез келген өңдегі революцияның басты себебі кедейшілік пен қайыршылықта екенін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |