Тақырыбы «Қазіргі кездегі мектепті басқару және педагогикалық менеджмент»



бет7/9
Дата07.04.2022
өлшемі79,5 Kb.
#138182
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СРС №2

Лабороториялық жұмыстар әдісі.
Тәжірибеде дәлелденгендей, лабороториялық жұмыстар оқыту әдісіне қойылатын талаптарды қанағаттандыра алады. Оқушы жұмыстың бұл тәсілі арқылы айнала өмір шыңдығын және айналадағы құблыстарды, олардың арасындағы өзара байланысты, көпшілік жағдайда, олардың арасындағы ішкі тартысты, байланысты, ұқсастықты түсінеді және бұл әдіс онымен жұмыс істеуге үйретеді.
Лабараториялық жұмыстың әртүрлігі, оның психологиялық өзіндік ерекшелігі, оқу-танымдық әсері болуы ешбір талас туғызбайды. Кейбір жағдайларды байқау әдісінің өзі оқушылардың өз бетінше қорытынды жасауына, ой қорытуына, тіпті нақтылы ойлау прцесін түсінуге кедергі келтіреді. Лабараториялық жұмыс көбінесе нақтылы ой операциясының компоненттері ретінде қызмет атқарады. Байқау айналада болып жатқан құбылыстың нақты бір белгілерін анықтауға көмектеседі. Ал, эксперимент сол құбылыстың ішкі байланысын, оның сыртқы әсерді қабылдауын, онымен арақатынасын оқушыларға ашып береді. Эксперимент оқушыны нақты ойлауға үйретеді. Бұл әдістің тән бір ерекшелігі қимылды актілі болуы, бұл акті таным құралының қызметін атқарады.
Лабораториялық жұмыс барысында оқушылар тек басымен ойлап қана қоймай тікелей қолымен де жұмыс істейді. Демек, лабораториялық әдіс тек оқыту процесіне ғана емес, тәрбие жұмысында да ойдағыдай нәтиже береді. Ең бастысы, ол танымдық сапаны арттыру құралының қызметін атқарады. Сонымен бірге, ақыл-ой, дене тәрбиесі танымдық әсер береді, сыртқы қабылдауды күшейтеді. Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық жұмыстар оқушыларды өз бетінше топшылауға, өзінше дұрыс қорытындылауға баулиды. Лабораториялық жұмыстың тағы бір ерекшелігі оқушылар тек тыңдап қоймай, өздерін «тыңдатады» және олар бақылу жүргізуге үйренеді, ой қорытындысын жасай алады. Оқушылар жұмыстың немесе сабақтың техникалық мазмұнын түсінеді. Техникалық құралдармен жұмыс істеу тәсілін анықтайды.
Лабораториялық жұмыстың білім берерлік әдет пен дағдыға үйретерлік ауқымы үлкен. Ол орындалатын істің немесе өтілетін сабақтың мақсаты мен міндетін, құралын, бақылау жасау жолдарын тек жан-жақты түсіндіріп қоюмен бітпейді. Әдістің ең басты ерекшелігі ол техникамен жұмыс істеуге дағдыландырады, оқудың мамандандыруға көмегін арттырады және оқушыларды аналитикалық-синтез принциптерімен жұмыс тәсіліне баулиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет