Тақырыбы «Қазіргі кездегі мектепті басқару және педагогикалық менеджмент»



бет9/9
Дата07.04.2022
өлшемі79,5 Kb.
#138182
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СРС №2
sovremennoe-sostoyanie-i-perspektivy-sohraneniya-saygaka-v-severo-zapadnom-prikaspii, Антропогенез процесінің қозғаушы күштеріне салыстырмалы сипаттама беру СРС
Есеп шығару әдісі.
Бұл әдісті физика немесе математика пәндеріне ғана байланысты деп қарамауымыз керек. Маман мұғалімдер есеп шығаруды барлық пәнде қолданылады.
Бұл әдісті бағалағанда, оның ғылыми таным тәсілдермен, байланысын арнайы талдап жатудың қажеті жоқ. Сонымен бірге әдістің психологиялық құрылысының өзіне тән белгілерін ойластыру да шартты емес. Психологиялық тұрғыдан, ол «тазалығымен» ерекшелене түсетінінін, ой толғандыратын және ойлауға үлкен күш түсіретінін ұмытпаған жөн.
Есеп шығару ойлау процесін жандандыруға, оған тиісті операцияларды қажетсінуге, ақыл ой қуатын үнемдеуге жағдай жасайды. Есептің шартын дұрыс түсіне білсе, ойлау актісінің мінсіздігін дәлелдейтін қосымша түсініктер мен ұғымдар өзінше пайда болады.
Ойлау операциясы, талдау, салыстыру, негіздеу, дәлелдеу, қорыту барлық пән сабақтарының құрамынан кездеседі.
Сондай-ақ ойлау, дәлелдеу кітаппен жұмыс, жаттығу, лабораториялық жұмыс, әңгіме т.б. әдістерде орын алады.
Алайда, ойлау, дәлелдеу, тәсілдерінің ең алдымен есеп шығару әдісіне тікелей қатысы бар. Есеп шығару, оның жолдары мен құралдарын таңдауды қажет етеді, кейде бірден есеп шығау әдісін қолдануға ықпал етеді. Мұғалім оқушыларды бұл әдістің қиындығынан қорықпауға үйретеді. Есеп шығару үшін оңай жолдармен, тәсілдерді оқушыларға жеңіл ұсына салуға болмайды. Әдістің ерекшелігі оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуына жәрдем етеді. Ойлау операциясының жолдарын меңгеруге ықпал жасайды.
Сондықтан профессор Р.Г. Лемберг бұл әдістің өз алдына дербес оқыту әдісі бола алатынын өзінің зерттеу жұмысы арқыла дәлелдеді.
Р.Г. Лемберг: Қазіргі кездегі мектептердің оқу жоспарларында логика пәні берілмеген. Бұл жағдайда әр пән мұғалімдерінің оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға жауапкершілігі арта түседі. Оларға логиканың ережелерін, заңдылықтарын білуде артық болмайды.
Біз тәжірибеде жоғары сынып оқушыларының индуктивтік ойлау және дедуктивтік ойлау операцияларын меңгеріп, күрделі логикаық ойлау қажет ететін тапсырмаларды қиналмай орындай алатындықтарын байқадық,-деп есеп шығару әдісінің тиімділігіне педагогикалық–психологиялық тұрғыдан талдау жасайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет