Тақырыбы «Қазіргі кездегі мектепті басқару және педагогикалық менеджмент»



бет1/9
Дата07.04.2022
өлшемі79,5 Kb.
#138182
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СРС №2


Тақырыбы «Қазіргі кездегі мектепті басқару және педагогикалық менеджмент»
1. Менеджмент туралы ұғым
2. Менеджмент және басқару
3 Менеджменттік жүйелер


1. Менеджмент туралы ұғым
Оқыту әдісі–дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады.
Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді творчестволықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы, оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттары оқыту әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері көрсетілген. Алайда оқу тәрбие процесінде кең орын алған формализмнің нәтижесінде көптеген оқу орындарында оқу сапасының төмендеп кеткендігі көрінеді.
Сондықтан да оқыту әдістерін дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Білім беру қызметкерлері жұмысының сапасын арттыру, әр пәнді оқытуды ғылыми тұрғыда жетілдіру, соның нәтижесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру және олардың талабын, жеке жұмыс істеу қабілеттілігін нығайту үшін тек қана оқу жоспарларын жетілдіріп қоймай, сонымен қатар оқыту әдістерін жетілдіру болып табылады.
Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту әдістерінің топтары, олардың жіктелуі туралы әр түрлі пікірлерілерді кездестіруге болады.
Оқыту әдістері туралы анықтамаларға тоқталып өтейік:
Оқыту әдістері дегеніміз-оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеуі әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Оқыту әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әркетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесінін жетілдіру.
Дегенмен осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарама-қайшылық жоқ.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің басқа да анықтамалары кездеседі. Бұл әдебиеттерде оқыту әдістері оқытушының оқушыларға оқу материалынан білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқытудың құралдары ретінде, сонымен қатар, оқыту әдісі мұғалімнің оқу (материалынан білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқыту әдісі мұғалімнің оқу) материалдарын оқушыға жеткізу тұрғысында ғана қарастырылған. Мұндай анықтамалар оқыту әдістерінің сипаттамасын толық бере алмайды.
Сондықтан оқу процесі барысында мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын білген дұрыс. Дидактика теориясында оқыту процесінің мәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас екі жақтылық негізінде қарастырылады. Дәлірек айтқанда, қарым-қатынасын білген дұрыс. Дидактика теориясында оқыту процесінің мәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас «субъекті» - «объекті» түрінде болды.
Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді. Сондықтан оқыту әдісінің «субъективті» - субъективтілік» ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту процесі барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту процесінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас субъектілік негізінде құрылуы керек.
Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы және мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет