Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек. Тұсау кесу.
Шәкәрім: Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Күй: «Жез киік»-орындайтын Кенжебек Әдия.
Аружан: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.
Аида: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын. Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.
Жүргізуші: Наурыз келді, көктем келді ағайын!
Жадырайды, жаңғырады маңдайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың!
Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаға беріледі.
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт – түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін»
Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)
Жүргізуші: Жарапазан «рамазан» деген сөзден шыққан. Ораза уақытында балалар үйдің сыртында тұрып, жарапазан өлеңін айтады.
Бір топ балалар «жарапазан» айтады.
Жарапазан айтушының сауалы бар.
30 күн оразаға жауабы бар.
Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар!
Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар!
Боз шұбар астымдағы шуу, жануар!
Мұхамбет үмбетіне жарапазан.
Жарапазан, жарапазан.
Алла құдай би рамазан.
І. Үйің, үйің, үй екен
Үйдің көркі ит екен
Саба көркі бөрі екен
Ақ ордадай көрінген
Қай кісінің үйі екен?
ІІ. Үйің, үйің, үй екен
Үйдің көркі бибі екен
Оқ шаптырса жетпесін
Тәңір берген несібең
Тепкілесе кетпесін
ІІІ. Үйің, үйің, үй екен
Үйдің көркі ер екен
Құдай жолың қабыл қып
Әрбір нәрсең әзір болсын
Кеткеніңді келтіріп,
Кемтігіңді толтырсын.
ІҮ. Үйің, үйің, үй екен
Үйдің көркі бала екен
Қазысы қарыс айғырды
Сүбесі сүйем қошқарды
Ұлыс күні соймас па?
Тамам сорлы тоймас па?
Ұлыс сайын бастарыңа
Жұп шырақ жағып қоймас па?
Ана: Сүт көп, көмір аз
Жаңа жыл жарылқа
Ескі жыл есірке.
(ескі ыдысты сындырып)
«Қабақ сынды, қайғы кетті», - деп ырымдайды.
«Жалғыз шала сәуле болмас», - деп төрге шырақ жағады.
Жүргізуші: Шырақ – жаңа жылда қара күш ескі жылмен кетсін, жаңа жылда оған орын жоқ деп отпен сес көрсету. Бұл күннің тағы да бір ерекшелігі – бұл күн көрісуден басталады.
Бата: Дәулетті бас берсін,
Бақытты ас берсін
Ұлыстың ұлы күнінде
Ұлың ұяға қонсын.
Қызың қияға қонсын.
Малың өріске қонсын
Наурыз айың оң болсын
Ақ пен астық мол болсын
Баршаңызды аруақ жебеп
Қайда барсаң жол болсын.
Аллауәкпар.
(Әумин).
Жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн,
Шырқап әнге салайық.
Хор: «Дастархан».
Жүргізуші: Осымен «Бақ-берекем, құт-мерекем-Әз-Наурыз!» атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Жүргізуші: Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын.
Бірге: Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |