Транспозондар - олар IS – элементтер сияқты қасиеттерге ие ДНҚ – ның сегменттері, бірақ құрылымдық гендері бар, яғни арнайы биологиялық қасиеттері бар молекулалардың синтезін қамтамасыз етеді. Мысалы улылық немесе антибиотиктерге тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Репликондар немесе репликондар арасына ене отырып қозғалғыш генетикалық элементтер туғызады: 1.Олар тіркескен ДНҚ - ның сол аймақтарында гендердің инактивациясын. 2.Генетикалық материалдың зақымдануын. 3.Репликондардың жанасуын, яғни плазмиданың хромосомаға тіркесуін. 4.Бактерия популяциясына гендердің таралуына, ол популяцияның биологиялық қасиеттерінің өзгеруіне, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының өзгеруіне, сонымен бірге микробтар арасындағы эволюциялық процестерге әкеледі. Бактерия геномының , сонымен бірге бактериялардың қасиеттерінің өзгеруі - мутацияның және рекомбинацияның салдарынан болады.