Өткен жылы балалар үйінен қанша бала асырап алынды?
2018 жылы Қазақстанда 455 балапатронаттық тәрбиеге берілді. Оның 54-і балалар үйіне қайтарылған. Негізгі себептері: өзара түсініспеушіліктің жоқтығы, қорғанушының денсаулық жағдайына байланысты, тәрбиешінің бастамасымен, келісім-шарттың мерзімі аяталуына орай және баланы асырауға қажетті жағдайдың жоқтығына байланысты.
Қамқоршылық пен қорғаншылыққа өткен жылы 2345 бала берілді, оның 120-сы қайтарылған. Жоғарыда аталған себептерге байланысты.
Елімізде 2018 жылы 1810 бала , оның ішінде730 баланы туысқандары, 708 баланы өгей әке-шешелері, балалар үйінен 372 асырап алғаны. Сот шешімімен 7-іне бала асырауға берілмеген. Негізгі себеп – балалар мен ата-аналардың мінездерінің сәйкес келмеуі, сондай-ақ асырап алушылардың психологиялық дайындығының болмағаны.
«Бала асырап алу» термині заң ғылымында əр түрлі мазмұндалады. Көпшілік ғалымдар бала асырап алуды ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың нысаны ретінде түсіндіреді. Енді біреулері заңды акт деп есептейді, бұл жағдайда бала асырап алу асырап алушы мен асырап алынушы баланың арасындағы жаңа құқықтық қатынастың пайда болуы жəне баланың биологиялық туғандарымен құқықтық байланысының үзілуіне əкелетін заңды факт ретінде түсіндіріледі.
Қазақтың ата заңы «Жеті Жарғыда» жесір дауына жеке бір тарау арнауында үлкен мән бар. Мәселе, рулық қауымның жесір әйелді әмеңгерлік жолмен күйеуінің туысына қосуда емес, оның астарында әкесінен айырылған балаларды жетімдік азабынан құтқару, ағайынның қамқорлығына алу идеясы жатыр. Сонымен бірге, екі елді татуластыру, жұртынан алшақтамау, туыстықты жаңарту мақсатында бала алмасу, ол баланы өз балаларынан кем көрмей өсіру жағдайлары түркі халықтарында көптеп кезіккен.
Елімізде 27 мың жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар.
«Бұл еліміз бойынша жалпы бала санының 0,5 пайызын құрайды. Оның ішінде 21 мың бала қазақстандық азаматтардың қамқорлығымен асырап алынса, 6 мыңнан астамы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 140 мекемеде тәрбиеленіп жатыр»