Тақырыбы: Бала асырап алу және жетім балалар. Орындаған: Назарбекова Жанетта 2 курс студенті Жетекші



бет1/8
Дата18.05.2020
өлшемі39,6 Kb.
#69346
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БАЛА АСЫРАП АЛУ ЖӘНЕ ЖЕТІМ БАЛАЛАР


Қазақстан-Американдық еркін университеті

Тақырыбы: Бала асырап алу және жетім балалар.

Орындаған: Назарбекова Жанетта 2 курс студенті

Жетекші: Аға оқытушы Адильмуратова Р.А.

Өскемен қаласы.



Мазмұны

Кіріспе

  1. Ислам дінінде бала асырап алудың талаптары мен шарттары.
  2. Бала асырап алған отбасына қандай төлемдер қарастырылған.

  3. Өткен жылы балалар үйінен қанша бала асырап алынды.


  4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санын қысқартудың оң өзгерістері.

  5. Өз ойым.

  6. Қорытынды.

  7. Пайдаланылған әдебиеттер.


Бала асырап алу және жетім балалар жайлы

 Халқымыз «Əке — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы — құрақ» дегендей, өмір ұрпақ жалғастығынан тұрады. Сондықтан балалардың құқықтарын қорғау — бұл басты міндет. 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке жəне отбасы туралы» № 321-І Заңы да балалардың негізгі құқықтары — өмір сүру мен отбасында тəрбиелену деп бекітті. Өкінішке орай, көптеген балалар əр түрлі себептермен ата- анасының қамқорлығынсыз қалып жатады, осындай жағдайларда олардың мүдделерін қорғау мемлекетке артылады. Дəлірек айтқанда, ол өз органдары арқылы əр баланың толық жəне қалыпты отбасында тəрбиелену құқықтарын жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

Баланың дені сау болып өсуіне, тәрбиесіне, инабатты, білімді болуына ата-ананың рөлі өте зор. Алайда, дүниеге келген баласын өсіріп жеткізудің орнына, дүние табалдырығын аттап, көзін ашып үлгірмеген балаларын тастап кетіп жатқандар аз емес. Олардың барар жерлері – жетімдер үйі.

Халқымызда бұрыннан айтылып келе жатқан «Жетім көрсең жебей жүр» дейтін қасиетті сөзі бар. Басқа адамдардың жетімдерге көрсеткен жақсылығы, ата-ананың орнын толтырмайды. Кейіңгі кезде сотта бала асырап алушылар саны артуда. Қазақстан азаматтарымен қатар, шетел азаматтары да қазақ балаларын асырап алу үшін сотқа арыз беруде.

Дəстүрлі қазақ əдет-ғұрпына келер болсақ, біреудің нəрестесін бауырына салу, яғни бала асырап алу, — қазақтың ежелден келе жатқан салт-дəстүрі болып саналған. Бала асырап алу, негізінен, өз кіндігінен ұрпақ болмаған жағдайда жүзеге асырылған. Қазақ салтына орай, бала асырап алушы, əдетте, той жасап, ер бала болса — асықты жілік, қыз бала асырап алатын болса — тоқпақ жілік ұстау ғұрпын істеген. Міне, осылай, қазақ жерінде «Жетімдер үйі» деген атау болмаған. Тіпті, жетім дегеннің өзі өте ауыр сөз болатын. Деректерге сүйенсек, мұндай мекемелер біздің елде кеңестік қоғам кезінде пайда бола бастады. Ал ондағы жетімдер саны əсіресе Тəуелсіздік алған жылдардан кейін көбейе түсті. Күнде естіп жүргендіктен бе, жоқ, əлде санамыздың өзгергендігі себеп болды ма, қазіргі уақытта біз «жетім» деген сөздің қаншалықты қасіретті, ұлт үшін ұят екенін сезінбей жүргендейміз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет