Тақырыбы: Бала асырап алу және жетім балалар. Орындаған: Назарбекова Жанетта 2 курс студенті Жетекші



бет7/8
Дата18.05.2020
өлшемі39,6 Kb.
#69346
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БАЛА АСЫРАП АЛУ ЖӘНЕ ЖЕТІМ БАЛАЛАР

Өз ойым.

Өз еліміздің азаматтары жетім балалар үйінен бала асырап алу кезінде көптеген қиындықтарға тап болатынын жарыса айтады. Бұл мүлдем дұрыс емес.

Менің ойым бойынша біз, керісінше, жетім балалар үйінен бала асырап алғысы келетін азаматтарға көптеген жеңілдік қарастыруымыз қажет. Мысалы, Ресей Федерациясы қазір таңда бала асырап алған əрбір ата-ананың қамқорлықтарына, балаға айына 4000 рубль жəрдемақы төлеп отыр. Бұдан бөлек, асыраушы ата-аналарға 2500 рубль көлемінде еңбекақы төлейді. Сөйтіп, ресейлік бала асыраушылар айына 6500 рубль мемлекеттен көмек алады. Осы 6500 рубльді біздің ақшаға шақсақ, 32200 теңге болады. 32200 теңге қазіргі дағдарыс жағдайында бір отбасының айлық тамағына жетіп артылмай ма? Бұл аз десеңіз, ресейліктерге бала асырап алғаны үшін бір реттік 11000 рубль (55000 теңге) жəрдемақы беріледі. Міне, мұның барлығы елдегі жетімдер үйі мен балаға зар болып жүрген ата-аналардың санын азайтары анық.

Оның үстіне халықаралық тəжірибеде бұл дəстүр материалдық əрі моральдық жағынан да өзін-өзі əлдеқашан ақтаған. Кейбіреулер мұны жоққа шығарып, «мемлекет бала асырап алғандарға материалдық көмек берсе, елдің бəрі ақша үшін бала алуға ынталы болады» дейді. Жоқ, бұл бала асырап алғысы келетін азаматтарды түрлі жолдармен ынталандырудың əдісі ғана. Сонымен қатар құжат мəселесін барынша оңайлатқан жөн. Осылайша өз балаларымыздың өзімізде қалуына мүмкіндік туғызсақ, жетім балалар үйінде шетел қызығатындай бала да қалмас еді!

2005 жылғы АҚШ-тың арнайы статистикасы бойынша, АҚШ-тағы балалар үйінде 45000 бала бар, сол статистика бойынша, АҚШ-та жылына 3000 бала асырап алынады жəне олардың орнына балалар үйіне 3000–4000 бала қайтадан түседі. Ендеше, 45000 баласы бар АҚШ неліктен Қазақстан Республикасынан бала асырап алады? Біріншіден, АҚШ-қа қарағанда өзге елдерде бала асырап алу процесінің жеңілірек болуы, екіншіден, ондай адамдарға өз елдерінің заңдарымен жеңілдіктер беріледі. Мысалы, Солтүстік Ирландияда əр баланы бағып-қағу үшiн аптасына 200 АҚШ доллар көлемінде жəрдемақы төленеді. Яғни, əр бала үшін айына 800 АҚШ доллар. Онымен қоса, кəсіпкерлікпен айналысса, белгілі бір деңгейде салықты аз төлейді. Ал баланы асырап алуға қатысты арнайы сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша, қазақстандық бала асырап алушылардың басым көпшілігі 95 % орташа табысты азаматтар болса, қалған 5 % жоғары материалдық жағдайы бар азаматтар екен.

Израиль елінің заңында: «Еврей тек еврейдің баласын асырап ала алады», — деп жазылған. Израиль жеткен жетістікке қол созып, сондай қатаң талапты өзімізге қояр болсақ, бүгінде қаракөз домалақтарымыз мұхит аспаған болар еді.

Біз мемлекеттің ең басты қазынасы — халық дейміз де, демографиялық қор болып табылатын жас сəбилерді шетелдіктерге оп-оңай таратып жатырмыз. Не бары 15 млн. халқы бар Қазақстан шетелдіктерге бала беруде 1,5 млрд. халқы бар Қытайдың алдына шығып отыр. Қазақстан шет елге бала беру жағынан əлемде III орын алады. Шет елге мұнай шығарудан IV орын аламыз да, бала беруде III орын аламыз. Қазақстандық қоғамның алдында тұрған бұл өткір, əрі өзекті мəселелер шұғыл шешімді қабылдауды талап етеді.



  1. Қорытынды.

Қорыта келе айтарым әлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды, ұлттық бейнемізді, балаларымызды, алдымен, біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен, ісімізбен, бүкіл қимыл-əрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын, табан астында тапталатынын естен шығармайық. Тек өзінен кейінгілерді, ұрпағын ойлай білетіндер ғана ұлттарды өмір сүру жəне алға басу мүмкіндіктеріне жеткізе алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет