Тақырыбы: Бала асырап алу және жетім балалар. Орындаған: Назарбекова Жанетта 2 курс студенті Жетекші


Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санын қысқартудың оң өзгерістері байқалуда



бет6/8
Дата18.05.2020
өлшемі39,6 Kb.
#69346
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БАЛА АСЫРАП АЛУ ЖӘНЕ ЖЕТІМ БАЛАЛАР

Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санын қысқартудың оң өзгерістері байқалуда.

«Мәселен, 2014 жылы олардың саны 6 мыңнан асса, 2017 жылдың басында бұл көрсеткіш 2 мыңға азайған. Соңғы екі жылдың ішінде жетім балаларға арналған мекемелердің саны 48-ге қысқарды (188-ден 140 дейін).

Салыстыру: 2007 жылғы 1746-дан 2017 жылы 7236-ға дейін көбейген. Жыл сайын елімізде 900-ден астам ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылады, 3 мыңнан астам бүлдіршін балалар үйіне түседі, 6 мыңға жуық бала бейімделу орталықтарына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 40 пайызы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік даму орталықтарына орналастырылады. Асырап алудан бас тартқаннан кейін баланың балалар үйіне қайта оралуы сияқты жағдайлар да жиі орын алады».

ҚР «Неке жəне отбасы туралы» Заңының 76-бабының 3-бөлігіне сəйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға беру тек Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына тəрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы аумағында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын баланы асырап алуы Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жүргізіледі.

Елімізде балалықтың базарын сезінбей, шын қуанып күле алмаған, ата-анасына еркелей алмаған сəбилер саны көбейіп барады. Иə, бізде жетім балалар саны көп. Қазірдің өзінде елімізде ата-ана қамқорлығынан айырылған 42.494 жетім бала бар. Оның ішінде 15.116-сы мемлекет қарамағындағы балалар үйлері мен интернаттарда тəрбиеленуде. Сондай-ақ 25.315 бала ата-ана қамқорлығына берілсе, қалған 2.063 бала отбасы үлгісіндегі ауылдарда жүр. Осы балалардың 2.300-нен астамы ғана тұл жетімдер екен.  

Бұл бүгінгі күннің ащы шындығы. Əрине, жетімдер үйі барлық мемлекеттерде бар. Алайда қазақ ежелден жетімін қаңғыртпаған, жесірін теңтіретпеген халық. Өркениет дамығаннан бері біздің елде де жетімдер үйі, қариялар үйі қаптап кетті. Əрине, бұл тек жеке бастың емес, қоғамның қасіреті, трагедиясы.

Қазіргі кезде елімізде бала асырап алушылардың саны өсіп келеді. Мұны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелердің қызметіне жүргізген талдауы бойынша соңғы уақыттағы қазақстандық балаларды асырап алуға ниет білдіруші шетелдік азаматтардың өтініштерінің өсу үрдісі дəлелдейді. Мысалы, 2009 жылы ғана шетелдіктермен 404 бала асырап алынған. Соның ішінде 149 — Қарағандыдан, 123 — Шығыс Қазақстан облысынан, 93— Алматыдан, 17 — Оңтүстік Қазақстан облысынан, 12 — Қызылордадан, 10 — Жамбыл облысынан.

Осындағы Шығыс Қазақстан облысының соттарына ғана түскен 123 арыздың 61-і Қазақстан азаматтарынан, 64 арыз шетел азаматтарынан бала асырап алу туралы түскен, 62 шешім шығарылып, 2 арыз қараусыз қалдырылған. Шетел азаматтарының балаларды асырап алу туралы арыздарының барлығы облыстағы екі сотта, яғни, Өскемен қалалық сотында — 43 арыз жəне Семей қалалық сотында — 19 арыз қаралған.

Ал енді 2005–2009 жылдар аралығындағы консульдық есепке асырап алынған балалардың саны төмендегідей: 5308 — АҚШ, 600 — Испания, 343 — Бельгия, 173 — Германия, 167 — Канада, 140 — Ирландия, 131 — Франция, 25 — Египет, 21 — Израиль, 9 — Италия, 5 — Түркия және 3 — Ресей Федерациясы. Өтініштер санының өсуімен бірге некеге отырмаған, жалғызбасты шетелдік азаматтардан келіп түсетін өтініштердің де саны артты. Алынған деректер бойынша, 6 баланы жалғызбасты шетелдік азаматтар асырап алған. Дегенмен, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу əлі де жүргізілуде.

Шетелдік азаматтарға асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері мен консульдық мекемелері жүзеге асырады. Алайда осы шетелдік бала асырап алушыларды тексеруді жүзеге асыратын консульдық мекемелерде штат лауазымдарының жетіспеушілігі жəне консульдық қызметкерлердің асырап алынған балалардың тұруы мен тəрбиеленуін тексеруде кейбір шет мемлекеттердегі адамның жеке өміріне араласуға тыйым салынуымен байланысты қиындықтардың да болуын ескерген жөн.

Дүниежүзі бойынша балаларын халықаралық асырап алуға ұсынатын елдердің ішінде Қытай, Вьетнам, Қазақстан алғашқы орындарды алуда.



«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сəйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шетелдіктер асырап алған бала кəмелеттік жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайды. Яғни, оларға кəмелеттік жасқа толғанға дейін қос азаматтықты иелену құқығы берілген. Заңның осы нормасы көптеген жағдайларда шет мемлекеттердің заңнамалық практикасымен шиеленісіп жатады. Осылайша, мысалы, АҚШ азаматы асырап алған бала жедел түрде осы елдің азаматтығын алуға міндетті. Сонымен қатар 1 жасқа жетер-жетпестен асырап алған баланың аты-жөні өзгертіледі. Сондықтан басқа мемлекеттің баласын бақылауға алу өте күрделі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша, 2000–2004 жылдар аралығындағы кезеңде шетелдік азаматтар 4173 баланы асырап алса, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің деректері бойынша, осы кезең ішінде 355 бала асырап алынған. Шетелдіктердің елімізден бала асырап алуы қазақ қоғамында көптен бері талас-тартыс туғызып келе жатқан мəселе. Бірі «қазақ ежелден жетімін қаңғыртпаған, балаларымызды жатқа бермейік» десе, енді бірі «бала жатта болса, ата-ананың жылуын сезінгені дұрыс» дейді. Тіпті бір кездері «еліміздегі əрбір шенеунік бір-бір баладан асырып алсын» деген бастама да көтеріліп, аяқсыз қалды. Дəл қазір бір анығы — балаларымызды шетелдіктер үздіксіз асырап алуда жəне олардың кейбіреуінің «шетелдік» тағдырынан хабарсыз екеніміз де жасырын емес.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет