Бағалау шкаласы
Бұл тесттің бағалау жүйесі ерекше мәнге ие: бір жағынан жоғарғы ұпай (3) барлық үш тапсырма мүдірместен орындалған жағдайда ғана қойылады, екінші жағынан – бір қатенің үш тапсырмада қайталану саны ескерілмейді. Қате байқалған жағдайда, бағалау ең нашар орындалған тапсырма көрсеткіші бойынша бағаланады (яғни бірнеше тапсырмаларда жіберілген бірдей қателер саны қосылмайды). Бағалаудың төрт балдық жүйесі қолданылады:
0 ұпай- қатарды жай темпте қайталануына қарамастан, бала тапсырмалардың ешқайыссында «артық «сөзді дұрыс таба алмайды.
1 ұпай- қатарды жай темпте қайталау негізінде ғана «артық» сөзді тапты.
2 ұпай- «артық» сөзді қалыпты темпте ұсыну барысында тапты, бірақ уақытында шапалақ ұрмады- «артық» сөзді бүкіл қатарды тыңдап болғаннан кейін атады.
3-ұпай- барлық тапсырмаларда бірінші ұсыныстан кейін уақытында қол шапалақтайды және «артық » сөзді дұрыс атайды.
Бұл шкала алтыжасар және жетіжасарлар үшін де қолданылады. Берілген қабілетке жасерекешелігінің айтарлықтай ықпалы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |